Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление цифровых технологий Алматинской области» Қолданыста
Басқа 0
«Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің қаулылары жойылсын.
Тармақ 3
3. «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережені аумақтық уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Алматы облысы әкімдігінің
2026 жылғы 9 сәуірдегі
№ 86 қаулысына
1- қосымша
«Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Негізгі ережелер
1. Негізгі ережелер
Тармақ 1
1. «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы облысының аумағында цифрлық технологияларды дамыту, ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздік және телекоммуникациялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен мемлекеттік тілдегі атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.
Тармақ 5
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті өкілеттіктер берілген жағдайда, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілерді қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штаттық бірліктерінің лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, № 2/1.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау бөлігінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілерде кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бюджетке есепке алынуға жатады.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
Тармақ 13
13. Басқарманың миссиясы: Алматы облысының аумағында өз құзыреті шегінде ақпараттандыру, цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздік, жасанды интеллект технологиялары және телекоммуникациялар саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақ 14
14. Міндеттері:
Тармақша 1
1) облыстың мемлекеттік органдары қызметін цифрлық трансформациялауды ұйымдастыру және үйлестіру, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын енгізу, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және өңірлік деңгейде салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) «ақылды қала» тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесі мен қалалық инфрақұрылым салаларында заманауи және тиімді цифрлық шешімдерді енгізу;
Тармақша 3
3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторымен, «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде Алматы облысының аумағында цифрландыру, ақпараттандыру және байланыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және бақылау;
Тармақша 6
6) облыс елді мекендерінде интернет желісіне және цифрлық сервистерге қолжетімділікті кеңейту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 7
7) Басқарманың және облыстың мемлекеттік органдарының қызметінің ашықтығын арттыру, цифрлық құралдар арқылы ақпараттық қолжетімділікті және халықпен тиімді кері байланысты дамыту;
Тармақша 8
8) Басқарманың құзыретіне жататын бағыттар бойынша Ұлттық жобалар мен кешенді даму жоспарларын облыс аумағында іске асыру;
Тармақша 9
9) облыстық мемлекеттік органдарда жобаларды іске асыру барысында жобалық басқару әдістерін енгізуге қатысу, сондай-ақ басқару процестерінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және облыс әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу;
Тармақша 2
2) өз функцияларын орындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен өзге мемлекеттік органдардан, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, өзге ұйымдардан және олардың басшыларынан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпарат пен материалдарды талап ету және алу;
Тармақша 3
3) облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) цифрландыру, телекоммуникациялар, жасанды интеллект технологияларын қолдану және ақпараттық қауіпсіздік салаларында облыстың атқарушы органдары мен аудандар, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қызметіне талдау жүргізу;
Тармақша 5
5) аталған салалар бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшысының және оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және облыс әкімінің Басқарма құзыретіне жататын тапсырмалары мен актілерінің орындалуын қамтамасыз ету, оның ішінде «Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар және «Құпия» грифтері бар құжаттар;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін уәкілетті органға есептік ақпарат ұсыну, бағалау қорытындыларын талдау, көрсеткіштерді жақсарту жоспарларын әзірлеу және тиісті іс-шараларды іске асыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) ақпараттандыру саласында жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылау, азаматтардың өтініштерін қарау және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар жасау;
Тармақша 5
5) цифрлық жобаларды өңірде танымал ету, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын пайдалану дағдыларын дамыту мақсатында оқыту және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестердің, комиссиялардың және жұмыс топтарының отырыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарау, азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және жүйелі мәселелерді анықтау;
Тармақша 8
8) «ақылды қала» құру және дамыту бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді, стандарттарды және халықаралық тәжірибені зерделеу және практикада қолдану;
Тармақша 9
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурстарды (тікелей келіссөздер) ұйымдастыру және шарттар жасасуды қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, ақпараттандыру объектілерін есепке алуды және «электрондық үкіметтің» сәулеттік порталында деректерді өзектендіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ осы бағытта облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
Тармақша 11
11) жергілікті атқарушы органдар әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді, бастапқы кодтарды (болған жағдайда), лицензиялық параметрлерді және техникалық құжаттаманы сервистік интеграторға есепке алу, сақтау және ұсынуды қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторынан қызметтер каталогына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;
Тармақша 13
13) цифрландыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу, жыл сайынғы тексеру жоспарын қалыптастыру және анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
Тармақша 15
15) дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) байланыс қызметтерінің сапасын мемлекеттік бақылау;
Тармақша 17
17) облыстың елді мекендерін, автомобиль жолдарын және туристік объектілерін байланыс және интернетпен қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру, үйлестіру және тұрақты мониторингтеу;
Тармақша 18
18) облыс аумағында өткізілетін маңызды іс-шаралар кезінде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Тармақша 19
19) телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуына тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 21
21) елді мекендерде пошта байланысы объектілерін орналастыруға жәрдемдесу;
Тармақша 22
22) «Ашық деректер» порталын толықтыру бойынша мемлекеттік органдармен жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 23
23) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бірыңғай платформада орналастыруды және олардың өзектілігін қамтамасыз ету;
Тармақша 24
24) жобаларды басқару процестерінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету, тәуекелдер мен мерзімдерді бақылау.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Басқарма басшысы Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және функциялардың жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысы лауазымға Алматы облысының әкімімен тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының орынбасары болады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 20
20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарма туралы ережені әзірлейді;
Тармақша 2
2) Басқарманың құрылымын және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 3
3) Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік мекеме — Басқарманың мүдделерін мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда таныстырады және қорғайды;
Тармақша 7
7) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, Басқарманың қызметтік және қаржылық құжаттарына қол қояды. Оның болмаған кезеңінде бұл өкілеттіктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлғаға жүктеледі;
Тармақша 8
8) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемеге аттестаттау жүргізеді;
Тармақша 10
10) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасардың және басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 11
11) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасар мен басқарма қызметкерлерінің қызметін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Ережеде және облыс әкімдігінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлғаға жүктеледі.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өзінің қызметі нәтижесінде (оның ішінде ақшалай кірістерді қоса алғанда) алынған және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті, сондай-ақ қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше түрде билік етуге құқылы емес.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
Тарау 6. 6. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
6. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 25
25. «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 2
Алматы облысы әкімдігінің 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 86 қаулысына
2-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің жойылатын қаулыларының тізбесі.
Тармақ 1
1. «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 30 қаулысы;
Тармақ 2
2. «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 188 қаулысы;
Тармақ 3
3. Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 188 қаулысымен бекітілген «Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 100 қаулысы.