Об утверждении формы отчета «О рассмотрении заявлений, сообщений и иной информации об уголовных правонарушениях», Инструкции по его формированию Қолданыста
Басқа 0
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау туралы» есеп нысанын, оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мынадай:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау туралы» есеп нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпараттарды қарау туралы» есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Репсубликасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарын, есептің 21-жолын қоспағанда, оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді .
2026 жылғы 12 шілдеге дейін Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарының, есептің 21-жолының күші тоқтатыла тұру кезеңінде осы құрылымдық элементтердің мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып, тоқтатыла тұрсын:
«6. Есеп республика бойынша, өңірлер бойынша, әрбір құқықтық статистика субъектісі бойынша жиынтық есептен тұрады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық және оларға теңестірілген органдарының бастықтары Комитеттің ақпараттық жүйелеріне келіп түсетін мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.»;
«7. Есеп ай сайын үдемелі қорытындымен Комитеттің орталық аппаратында автоматтандырылған режимде қалыптастырылады.
Нысандарды Комитеттің ақпараттық жүйелеріне соңғы рет есепті кезеңнің соңғы күнінде 00:00 сағатқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүктегеннен кейін белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылған (статистикалық кесім) есепті есептеу жүргізіледі.
Белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылған (статистикалық кесім), бекітілген есепке кез-келген түзетулер енгізуге тыйым салынады.»;
«
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
21
»;
Басқа 1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау туралы» есеп
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2026 жылғы «__» сәуірдегі
№ __ бұйрығына
1-қосымша
нысан
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау туралы» есеп
Атауы
Жол коды
Есептік кезеңнің басында қаралмаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарламалар және өзге де ақпараттар қалдығы
Есепті кезеңде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарламалардың және өзге де ақпараттардың саны
Тергеуде болуы бойынша берілгендер қатарынан қабылданды
Шешім қабылданған
А
Б
1
2
3
4
Барлығы келіп түскен арыздар мен хабарлар және өзге де ақпараттарды қарау туралы
1
1-жолдан:
жеке және заңды адамның жазбаша арызы
2
жеке және заңды адамның ауызша арызы
3
органның немесе ұйымның лауазымды адамының хабарламасы
4
кінәсін мойындап келу
5
бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн платформаларда хабар
6
лауазымды адамның баянаты
7
Жедел басқарма орталығының хабары
8
8-бағаннан: алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығынан (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) хабарламалар
9
анықталмаған адамның арызы
10
лауазымды адамның бастамашылық баянаты (жедел іздестіру іс-шарасы барысында қызметкерлер анықтаған)
11
Бұдан бұрын ҚР ҚПК 181-бабының бесінші бөлігінің тәртібінде, уәкілетті мемлекеттік органнан келіп түскен
12
Отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
13
Салықтық тексеріс шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
14
Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
15
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
16
Адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
17
Бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
18
Мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
19
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
20
Цифрландыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
21
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
22
Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қайшы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
23
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
24
Халық денсаулығына және имандылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
25
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
26
Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
27
Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
28
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
29
Баскару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
30
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, конституциялық іс жүргізуге қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны
31
Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар саны
32
Азаптауларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар және хабарлардың саны
33
Адам саудасы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар және хабарлардың саны
34
кестенің жалғасы
олардың ішінде:
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СДТБТ) арыздарды және хабарламаларды тіркеу туралы
қараусыз қалдырылған және номенклатуралық істе сақталған
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 181-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға жіберілген
кінәлі адамды әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға (лауазымды адамға) жолданған
Ақпаратты есепке алу кітабына қоса біріктірілген
СДТБТ-ға қоса тіркелген
5
6
7
8
9
10
кестенің жалғасы
олардың ішінде:
қарау мерзімдері
аумақтылығы бойынша берілген, бірақ арыздар, хабарламалар бойынша шешімдер қабылданбаған
Есептен жасырынған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге ақпараттардың анықталған барлық саны
Жеке тәртіпте қарау үшін сотқа жолданған
ҚР ҚПК 181-бабының үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес келтіру үшін қайтарылды
аумақтылық, ведомствалық бойынша берілген
Шешім 24 сағат ішінде қабылданған
Шешім тәуліктік мерзімді бұзып қабылданған
Шешімдер қабылданбаған
оның ішінде
мерзімдері өткен
11
12
13
14
15
16
17
18
19
Басқа 2. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау туралы» есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2026 жылғы «__» сәуірдегі
№ __ бұйрығына
2 қосымша
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау туралы» есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау туралы» есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпарат туралы есепті қалыптастырудың негізгі ережелерін анықтайды (бұдан әрі – есеп).
Тармақ 2
2. Есептің мақсаты есептің субъектілеріне келіп түсетін қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы Ақпараттарды есепке алу кітабында (бұдан әрі – АЕК) тіркелген арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың мазмұнын сипаттайтын құқықтық статистикалық ақпаратты және оларды қарау нәтижелерін, олар бойынша қабылданған шешімдердің мерзімдері мен негізділігін есепке алудан, жинақтаудан және жүйелеуден тұрады.
Тармақ 3
3. Есептің субъектілері «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген мемлекеттік органдары (бұдан әрі – құқықтық статистика субъектілері) болып табылады.
Тармақ 4
4. Есеп Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарларды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) К-1 «АЕК-ке есепке алу» және Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес К-2 «АЕК бойынша шешім» нысандарының (бұдан әрі – нысандар) негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды және өзге де ақпаратты қабылдау және тіркеу тәртібі Қағидалармен регламенттелген.
Тармақ 6
6. Есеп республика бойынша, өңірлер бойынша, әрбір құқықтық статистика субъектісі бойынша жиынтық есептен тұрады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық және оларға теңестірілген органдарының бастықтары Комитеттің цифрлық жүйелеріне келіп түсетін мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Есепті қалыптастыру мерзімдері
2-тарау. Есепті қалыптастыру мерзімдері
Тармақ 7
7. Есеп ай сайын үдемелі қорытындымен Комитеттің орталық аппаратында автоматтандырылған режимде қалыптастырылады.
Нысандарды Комитеттің цифрлық жүйелеріне соңғы рет есепті кезеңнің соңғы күнінде 00:00 сағатқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүктегеннен кейін белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылған (статистикалық кесім) есепті есептеу жүргізіледі.
Белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылған (статистикалық кесім), бекітілген есепке кез-келген түзетулер енгізуге тыйым салынады.
Тармақ 8
8. Комитет есепті электрондық форматта құқықтық статистика субъектілерінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің ресми электрондық мекенжайларына есепті кезеңнен кейінгі айдың 4-күніне орай жібереді.
Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе (демалыс, мереке), онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің соңғы күні болып есептеледі
Тарау 3. 3-тарау. Есепті құрылымы және қалыптастыру тәртібі
3-тарау. Есепті құрылымы және қалыптастыру тәртібі
Тармақ 9
9. Есеп құқықтық статистика субъектілері тіркеген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар, сондай-ақ, есептік кезеңнің басы мен соңында шешімдер қабылданбаған, оларды қарау мерзімдері туралы мәліметтерді көрсетеді.
Тармақ 10
10. 1-бағанда есептік жылдың басындағы шешімдері қабылданбаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қаралмаған арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың қалдығы ұлғаю қорытындысымен көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 2-бағанда АЕК-да есептік кезеңде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың саны көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Есептік жылдың басындағы қаралмаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар көрсеткіштерінің мөлшері (1-баған) және есептік кезеңде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар саны (2-баған) қабылданған шешімдер жөніндегі көрсеткіштер сомасына тең болуы тиіс.
3-бағанда берілгендер арасынан АЕК-да қабылданған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттардың саны көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 4-бағанда құқықтық статистика субъектілері шешім қабылдаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар есепке алынады.
Тармақ 14
14. 5-бағанда қабылданған шешімдердің жалпы санынан Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 6-бағанда номенклатуралық іске шығару туралы қабылданған шешімдермен расталмаған ақпарат есепке алынады, ол кейіннен номенклатуралық істе (нарядта) сақталады (4-бағанның көрсеткішінен).
Тармақ 16
16. 7-бағанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 181-бабының бесінші бөлігінде көзделген тәртіппен шешім қабылданған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпарат көрсетіледі.
Тармақ 17
17. 8-бағанда ҚР ҚПК-нің 179-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен шешімдер қабылданған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпарат көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 9, 10-бағандарда бағанда бір факті бойынша АЕК, СДТБТ-да бұдан бұрын тіркелгенге қоса біріктірілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар есепке алынады.
Бұл ретте, олар бойынша қабылданған процестік шешімдер есепке алынбайды.
Тармақ 19
19. 11-бағанда сотқа жеке тәртіппен жіберілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпарат көрсетіледі.
Тармақ 20
20. 12-бағанда ҚР ҚПК-нің 181-бабының үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес келтіру үшін қайтарылған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпарат көрсетіледі.
Тармақ 21
21. 13-бағанда аумақтық немесе ведомстволық бағыныстылығы бойынша жіберілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпарат туралы мәліметтер қамтылады.
Тармақ 22
22. 14-17-бағандарда құқық бұзушылық туралы арыздарды, хабарларды және өзге де ақпаратты қарау мерзімдері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 23
23. 18-бағандарда аумақтылығы бойынша жіберілген, олар бойынша шешім қабылданбаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпарат туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 24
24. 19-бағанында тіркеуден жасырынған, бірақ нәтижесінде анықталған және тиісті түрде тіркелген құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттартың саны көрсетіледі. Жасырын қалған құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар, және өзге де ақпарат есепке алынады және есепке алу-тіркеу тәртіп бұзушылығы анықталған құқықтық статистика субъектісінің бөлімшесінің есебіне тіркеуге жатады.
Тармақ 25
25. 1-жолда есептік кезеңде келіп түскен қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттың жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 26
26. 2 – 12 жолдарда ҚР ҚПК-нің 180-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себеп болған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттар есепке алынады.
Тармақ 27
27. 13-жолда отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздардың, хабарлардың және өзге де ақпараттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 28
28. 14-жолда салықтық тексеру шеңберінде анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпарат көрсетіледі.
Тармақ 29
29. 15 – 32 жолдарда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінің тараулары бөлінісінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 30
30. 33-жолда адам саудасына байланысты, 34-жолда азаптаулар жасау туралы арыздар, хабарлар және өзге де ақпараттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.