Об утверждении Правил организации работы Экспертной комиссии по проведению предпрокатной экспертизы фильмов Қолданыста
Басқа 0
Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу жөніндегі сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын
бекіту туралы
«Кинематография туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 5-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу жөніндегі сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу жөніндегі сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Мәдениет және ақпарат министрінің
2026 жылғы __ сәуірдегі
№__ бұйрығымен
бекітілген
Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу жөніндегі сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу жөніндегі сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 5-1-тармағына сәйкес әзірленді және Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Комиссия уәкілетті орган айқындайтын ұйымның жанынан құрылатын, фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасына прокаттауға дейінгі сараптаманы жүзеге асыратын, мемлекеттік органдар өкілдерінен, сарапшылар мен мамандардан тұратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» (бұдан әрі – Заң), «Мәдениет туралы», «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы», «Масс-медиа туралы» заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссияның мақсаттары мен міндеттері
2-тарау. Комиссияның мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 4
4. Комиссия қызметінің мақсаты фильмдердің Заңға, оның ішінде Заңның 7-бабының 5-1-тармағына сәйкестігіне сараптама жүргізу болып табылады.
Тармақ 5
5. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған іс-әрекеттерді насихаттаудың болуын не болмауын анықтау;
Тармақша 3
3) уәжді сараптамалық қорытындылар дайындау;
Тармақша 4
4) жас сыныптамасы және өзге де шектеулер бойынша ұсынымдар әзірлеу.
Тарау 3. 3-тарау. Комиссияның құзыреті
3-тарау. Комиссияның құзыреті
Тармақ 6
6. Комиссия фильмнің мазмұнында Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны, сондай-ақ порнографияны насихаттаудың немесе үгіттеудің болуы не болмауы тұрғысынан фильмдерді қарайды.
Тармақ 7
7. Комиссия:
Тармақша 1
1) фильмнің көркемдік деңгейі мен эстетикалық құндылығын;
Тармақша 2
2) коммерциялық тиімділігін;
Тармақша 3
3) саяси не идеологиялық артықшылықтарын бағаламайды.
Тарау 4. 4-тарау. Комиссияның құрамы және оны құру тәртібі
4-тарау. Комиссияның құрамы және оны құру тәртібі
Тармақ 8
8. Комиссия төрағасы мен төрағаның орынбасары Комиссия мүшелерінің арасынан Комиссияның бірінші отырысында оның мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады.
Тармақ 9
9. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды, Комиссияның қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Комиссия мүшелерінің саны тақ және бір-бірімен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын бес және одан да көп адамды құрайды, Комиссияның тәуелсіз мүшелері болып табылады.
Тармақ 11
11. Комиссияның құрамына:
Тармақша 1
1) кинематография;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау (психолог);
Тармақша 3
3) білім және ғылым (тарихшы, филолог);
Тармақша 4
4) заңтану саласының және өзге де салалардың мамандары енгізіледі.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшесі мүдделер қақтығысы болған:
Тармақша 1
1) фильм авторларының, түсірілім тобының, құқық иеленушінің, дистрибьютордың құрамына кірген;
Тармақша 2
2) фильм авторларының құрамына және кинематографиялық қызмет субъектісінің басшылық құрамына кіретін адамдардың біреуінің жақын туысы (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты (ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, жұбайының (зайыбының) ата-аналары мен балалары) болып табылған;
Тармақша 3
3) фильм авторларының, түсірілім тобының, құқық иеленушінің, дистрибьютордың үлестес тұлғасы болып табылған кезде фильмді қарауға қатысуға құқылы емес.
Тармақ 13
13. Мүдделер қақтығысы болған кезде Комиссия мүшесі өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Комиссия мүшесінің қарсылық білдіруі (өздігінен бас тартуы) туралы мәселе отырыстың хаттамасында көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Комиссия өз қызметін:
Тармақша 1
1) фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу;
Тармақша 2
2) фильмдер мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;
Тармақша 3
3) сараптамалық қорытындыдан тұратын хаттама әзірлеу мақсатында жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Комиссия өз қызметін:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) объективтілік;
Тармақша 3
3) сараптамалық пікірдің тәуелсіздігі;
Тармақша 4
4) кәсіпқойлық;
Тармақша 5
5) бейтараптық;
Тармақша 6
6) құпиялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
Тарау 5. 5-тарау. Комиссияның негізгі функциялары
5-тарау. Комиссияның негізгі функциялары
Тармақ 16
16. Комиссияның негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу;
Тармақша 2
2) фильмдерді:
зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, порнографияны, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны насихаттаудың;
Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді үгіттеудің;
әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттаудың және үгіттеудің;
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған өзге де ақпараттардың болуы тұрғысынан бағалау.
Тармақша 3
3) фильмнің жас санатын айқындау;
Тармақша 4
4) сараптамалық қорытындыны дайындау;
Тармақша 5
5) уәкілетті органға ұсынымдар беру болып табылады.
Тарау 6. 6-тарау. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру тәртібі
6-тарау. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 17
17. Комиссия жұмысының негізгі нысаны отырыс болып табылады.
Тармақ 18
18. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Тармақ 19
19. Отырыс Комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Тармақ 20
20. Комиссия мүшелері:
Тармақша 1
1) фильмдерді көруге қатысады;
Тармақша 2
2) фильмге талдау жүргізеді;
Тармақша 3
3) тәуелсіз сараптамалық пікір білдіреді;
Тармақша 4
4) дауыс беруге қатысады.
Тармақ 21
21. Комиссия мүшесі:
Тармақша 1
1) құпиялылықты сақтауға;
Тармақша 2
2) мүдделер қақтығысына жол бермеуге;
Тармақша 3
3) бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 7. 7-тарау. Сараптамалық қорытынды
7-тарау. Сараптамалық қорытынды
Тармақ 22
22. Отырыстың қорытындысы бойынша сараптамалық қорытынды отырыстың хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 23
23. Отырыстың хаттамасында:
Тармақша 1
1) фильмнің атауы;
Тармақша 2
2) шығарылған елі;
Тармақша 3
3) құқық иеленушісі туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) фильмнің қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 5
5) сараптама нәтижелері;
Тармақша 6
6) жас санаты;
Тармақша 7
7) Комиссияның ұсынымдары қамтылады.
Тармақ 24
24. Отырыстың хаттамасына Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Тарау 8. 8-тарау. Құпиялылық
8-тарау. Құпиялылық
Тармақ 25
25. Комиссия мүшелері:
Тармақша 1
1) фильмдердің мазмұнын жария етпеуге;
Тармақша 2
2) ресми шешім қабылданғанға дейін сараптама нәтижелері туралы ақпаратты таратпауға;
Тармақша 3
3) материалдардың көшірмесін түсірмеуге міндетті.
Тармақ 26
26. Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.