Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба на территории города Актобе Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе қаласы аумағында техногендік сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес және Ақтөбе облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 5-ТЖ хаттамасының негізінде, Ақтөбе қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекенжайында орналасқан облыстық әкімдіктің әкімшілік ғимаратының өртенуіне байланысты техногендік сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.