Об утверждении Правил отнесения территорий к малоизученным территориям для целей разведки и добычи углеводородов Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу қағидасын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 36-бабының 1-5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Басқа 1. Көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу қағидасы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 176 бұйрығымен бекітілген Көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу қағидасы
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу қағидасы Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 36-бабының 1-5-тармағына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2 тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу тәртібі
2 тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу тәртібі
Тармақ 2
2. Аз зерттелген аумақтарды анықтау ресурстық және инфрақұрылымдық көрсеткіштерді және олардың құжаттамалық негіздеу рәсімін қамтитын басымдық тізбесі негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) Ресурстық көрсеткіштер - болжамды ресурстар, пайдалы қазбалардың анықталған көріністерінің болуы, геологиялық зертеулердің дәрежесі, аумағында барлау және (немесе) өндіру бойынша қолданыстағы келісімшарттардың болмауы.
Тармақша 2
2) Инфрақұрылымдық көрсеткіштер - көліктік қолжетімділік, энергетикалық инфрақұрылымның болуы, елді мекендерден қашықтығы.
Тармақша 3
3) Құжаттамалық негіздеме - геологиялық деректердің құжаттары, ғылыми зерттеулер, мұрағаттық материалдар.
Тармақ 3
3. Аумақты аз зерттелген аумаққа жатқызуды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті (әрі қарай - Комитет) Қазақстан Республикасының Республикалық геологиялық қорында сақталатын геологиялық ақпаратты (геологиялық, геофизикалық және бұрғылау материалдарын) талдау негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Талдаулар 60 жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеулер нәтижелері;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдаланушылардың жүргізген жұмыстарының материалдары;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Республикалық және аумақтық геологиялық қорында сақтауда тұрған геологиялық, геофизикалық және бұрғылау материалдарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Талдау бес жылда кемінде бір рет жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Аумақтың зерттелу дәрежесін анықтау үшін критерийлер бойынша бағалау жүйесі қолданылады, олардың әрқайсысына аз зерттелу белгілері болған жағдайда 1 балл беріледі. Бағалау критерийлері:
Тармақша 1
1) параметрлік, іздеу және барлау бұрғылауының төмен тығыздығы немесе олардың болмауы;
Тармақша 2
2) заманауи сейсмикалық барлау зерттеулердің (2D/3D) жоқтығын немесе бар деректердің сапасының төмен болуы, деректерді өңдеуге және тұжырымдауға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) кешенді тұжырымдамамен расталған, аумақтық геолого-геофизикалық деректермен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;
Тармақша 4
4) өнеркәсіптік ағындармен расталмаған, көмірсутекті кен орындарының жоқтығы немесе жеке білінімдердің барлығы;
Тармақша 5
5) геологиялық құрылымның, стратиграфия, тектоникалық құрылымдардың және мұнайгаз кешендерінің жоғары деңгейдегі нақтылығының жоқтығы;
Тармақша 6
6) бұрғылау нәтижелерін растамай болжамды әдістермен жүзеге асырылған көмірсутекті ресурстарды бағалау.
Тармақ 6
6. Аумақ осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген, кемінде төрт өлшемшартқа сәйкес келген кезде аз зерттелген болып саналады.
Тармақ 7
7. Талдаулар нәтижесі бойынша Комитет аз зерттелген аумақтардың тізбесін:
Тармақша 1
1) аумақтың атауы, оның шекаралары және ауданын;
Тармақша 2
2) геологиялық зерттелу санатын;
Тармақша 3
3) аумақтың геологиялық-геофизикалық зерттелу сипаттамасын;
Тармақша 4
4) орындалған геологиялық-геофизикалық және бұрғылау жұмыстарының нәтижелерін;
Тармақша 5
5) мұнай-газдылық перспективаларын бағалауды;
Тармақша 6
6) мәтіндік және картографиялық материалдарын көрсете отырып қалыптастырады.
Тармақ 8
8. Зерттелмеген аумақтардың тізбесі Комитеттің құқықтық актісімен бекітіледі және оның ресми интернет-ресурсында, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспай орналастырылады.
Тармақ 9
9. Аз зерттелген аумақтарға жатқызылған аумақтар туралы мәліметтерді, Комитет аз зерттелген аумақтардың шегінде орналасқан жер қойнауы учаскелерінде, көмірсутектерді барлау және өндіру құқығын беруге ұсынылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбелеріне енгізу үшін, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жіберуге тиіс.