Об утверждении формы уведомления о получении заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов Қолданыста
Басқа 0
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарлама нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағының төртінші бөлігіне және 82-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті алу туралы хабарлама нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 1. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы
өтінішті алу туралы хабарлама
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 10 сәуірдегі
№ 235
бұйрығымен бекітілген
нысан
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы
өтінішті алу туралы хабарлама
Сатушының сәйкестендіру нөмірі: __________________________________
Сатушының атауы: _______________________________________________
Сатып алушының сәйкестендіру нөмірі: _____________________________
Сатып алушының атауы: __________________________________________
Сатып алушы елінің коды: _________________________________________
Шарттың (келісімшарттың) нөмірі мен күні: __________________________
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциз төленгені туралы, тауарларды импорттаған салық төлеушілердің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық органдары қойған белгісінің нөмірі мен күні: ______________________________________________
ТӘТӨ келіп түскен күні: __________________________________________
Кері қайтарып алынған ТӘТӨ қойылған белгінің нөмірі мен күні: _____
Түзетілетін ТӘТӨ қойылған белгінің нөмірі мен күні: ________________
Салық түрі
Сомасы
Валюта коды
Қосылған құн салығының сомасы
Акциздер сомасы
Қолданбалы сервердің қолтаңбасы:
Сатушының сәйкестендіру нөмірі\ _ ішінен _ парақ
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
ТӘТӨ – тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер;
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ.