О переименовании улиц села Явленка Явленского сельского округа Есильского района Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Явленка ауылдық округі Явленка
ауылының көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Явленка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округі Явленка ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
40 лет Победы көшесі - Сабыржан Бектасов көшесіне;
К.Цеткин көшесі - Достық көшесіне.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.