Об установлении минимального рейтинга для юридических лиц и государств, необходимость наличия которого требуется в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирующим деятельность финансовых организаций, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, перечня рейтинговых агентств, присваивающих данный рейтинг Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және мемлекеттер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингтік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының 19-тармағын, 9-5-бабының 4, 5-тармақтарын, 6-тармағының 3) тармақшасын, 12, 13-тармақтарын, 16-тармағының 9-тармақшасын, 20-тармағын, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағын, 15-бабының 6) тармақшасын, 16-бабының 3-тармағын, 41-бабының 3-тармағын, 50-бабының 10-тармағын, 105-бабының 7-тармағын (бұдан әрі - Банктер туралы заң), «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 30-1-бабының 2-тармағының 8) тармақшасын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3, 9 және 10-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВВ»-ден төмен емес халықаралық шкала бойынша шетел валютасындағы ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтинг Қазақстан Республикасының мынадай бейрезидент заңды тұлғалары үшін белгіленсін: банктің (банк холдингінің) ірі қатысушысы не олардың бас ұйымдарының мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалардың; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) ірі қатысушысы не олардың бас ұйымдарының мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалардың; ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы не олардың бас ұйымдарының мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалардың; Қазақстан Республикасында еншілес банктер құратын (еншілес банктері бар) банктер; Қазақстан Республикасында еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары құратын (еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары; Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалдарын ашатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері; Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалдарын ашатын Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары. Standard & Poors (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «В-»-тен төмен емес халықаралық шкала бойынша шетел валютасында ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтинг немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтинг Қазақстан Республикасының мынадай: ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесіне иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғаларға, не олардың бас ұйымдарына; бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдары бар бейрезидент-заңды тұлғалары үшін белгіленсін. Осы тармақта көрсетілген рейтингтік агенттіктер рейтингтерінің деңгейлері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес салыстырмалы кестеге сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
2. Банктер туралы заңның 41-бабы 3-тармағының мақсаттары үшін рейтингтік агенттіктердің мынадай тізбесі белгіленсін: Standard & Poors (Стандард энд Пурс); Moody 's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис); Fitch (Фич).
Тармақ 3
3. Осы қаулының 1- тармағының бірінші бөлігінің талаптары мыналарға қолданылмайды:
Тармақша 1
1) төмендегі барлық шарттарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғалары: заңды тұлғада Standard & Poors (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВ-»-тен төмен емес халықаралық шкала бойынша шетел валютасында ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінің немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингтердің болуы; Standard & Poors (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВ-»-тен төмен емес шетел валютасында ең төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингтері бар шет мемлекеттің резиденті болып табылады; қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және ақпарат алмасуды көздейтін заңды тұлға резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктердің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган арасында келісім жасалған. Рейтингтік агенттіктің бастамасы бойынша осы тармақшада көрсетілген заңды тұлғаға рейтингтік қызметтер көрсетуді тоқтатуға байланысты рейтингтік агенттік кредиттік рейтингті кері қайтарып алған жағдайда, осы кері қайтарып алу алдында берілген кредиттік рейтинг деңгейін келесі 12 (он екі) ай ішінде пайдалануға жол беріледі;
Тармақша 2
2) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тиісті мәртебе иеленген және көрсетілген күнге төмендегі барлық шарттарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент- банк холдингтері: банк холдингінде Japan Credit Rating Agency (Джапан Кредит Рейтинг Эйдженси) рейтингтік агенттігінің (бұдан әрі - JСR) не JСR-дің үлестес тұлғасы болып табылатын рейтингтік агенттіктің «ААА»-дан төмен емес ұлттық шкала бойынша шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінің болуы; заңды тұлғада Standard & Poors (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «ВВ-»-тен төмен емес шетел валютасында тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингтері бар шет мемлекеттің резиденті болып табылады; Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органы мен ақпарат алмасуды көздейтін банк холдингі резиденті болып табылатын шет мемлекеттің банктерінің қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органы арасында келісім жасалды;
Тармақша 3
3) көрсетілген банктің банк холдингі мәртебесіне ие Қазақстан Республикасының резидент қаржы ұйымының акцияларына иелік ету арқылы банктің банк холдингі мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) және төмендегі барлық шарттарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезидент- заңды тұлғалары: Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасында Standard & Poors (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «В-»-тен төмен емес халықаралық шкала бойынша шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінің немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингтердің болуы; Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасы Standard & Poors (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің «А»-дан төмен емес шетел валютасында ең төмен тәуелсіз рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингтері бар шет мемлекеттің резиденті болып табылады; Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының акциялары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген белгіленген халықаралық қор биржасында еркін айналымда; Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының меншікті капиталының мөлшері Америка Құрама Штаттарының 200 000 000 (екі жүз миллион) долларына баламалы сомадан асады; Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының таза кірісінің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептелетін меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті кемінде 3 (үш) пайызды құрайды; Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының өтелгенге дейінгі 3 (үш) айды қоса алғанда қалған мерзімі бар өтімділігі жоғары активтердің өтелгенге дейінгі 3 (үш) айды қоса алғанда дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді міндеттемелердің мөлшеріне қатынасы ретінде есептелетін мерзімді өтімділігінің коэффициенті кемінде 0,8-ді (нөл бүтін оннан сегізді) құрайды; меншікті капиталдың активтер сомасына қатынасы ретінде есептелетін Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті кемінде 8 (сегіз) пайызды құрайды; Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының аудитін мынадай халықаралық аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді: Deloitte (Делойт); Ernst & Young (Эрнст энд Янг); KPMG (КиПиЭмДжи); PricewaterhouseCoopers (ПрайсуотерхаусКуперс); Осы тармақтың 3) тармақшасының жетінші абзацының мақсаттары үшін өтімділігі жоғары активтер деп осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген активтер түсініледі. Осы тармақтың 3) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген мәндер соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғасының аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі негізінде есептеледі. Осы тармақта көрсетілген рейтингтік агенттіктер рейтингтерінің деңгейлері осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес салыстырмалы кестеге сәйкес айқындалады.
Тармақ 4
4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Рейтингтік агенттіктердің рейтингілері деңгейлерінің cалыстырмалы кестесі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 64 Қаулыға 1-қосымша Рейтингтік агенттіктердің рейтингілері деңгейлерінің cалыстырмалы кестесі № Standard & Poors (Стандард энд Пурс) Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) Fitch (Фич) 1. ААА Ааа ААА 2. АА+ Aa1 АА+ 3. АА Аа2 АА 4. АА- Аа3 АА- 5. А+ A1 А+ 6. А А2 А 7. А- A3 А- 8. ВВВ+ Baa1 ВВВ+ 9. ВВВ Ваа2 ВВВ 10. ВВВ- Ваа3 ВВВ- 11. ВВ+ Ba1 ВВ+ 12. ВВ Ва2 BB 13. ВВ- Ва3 ВВ- 14. В+ В1 В+ 15. В В2 В 16. В- В3 В-
Басқа 2. Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмi
Қаулыға 2-қосымша Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмi
Тармақ 1
1. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange).
Тармақ 2
2. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG).
Тармақ 3
3. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ).
Тармақ 4
4. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange).
Тармақ 5
5. «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасы (Astana International Exchange, AIX).
Тармақ 6
6. Амстердамдағы «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam).
Тармақ 7
7. Афина қор биржасы (Athens Exchange).
Тармақ 8
8. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, BSE).
Тармақ 9
9. Сан-Паулу қор биржасы (Bovespa).
Тармақ 10
10. Брюссельдегi «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels).
Тармақ 11
11. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange).
Тармақ 12
12. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing).
Тармақ 13
13. Джакарт қор биржасы (Jakarta Stock Exchange).
Тармақ 14
14. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange).
Тармақ 15
15. Ирландия қор биржасы (Irish Stock Exchange).
Тармақ 16
16. Испания бірікккен қор биржасы (ВМЕ Spanish Exchanges).
Тармақ 17
17. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA).
Тармақ 18
18. Йоханнесбург қор биржасы (Оңтүстiк Африка) (JSE Securities Exchange South Africa).
Тармақ 19
19. Копенгаген қор биржасы (Nasdaq Copenhagen).
Тармақ 20
20. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.).
Тармақ 21
21. Лиссабондағы «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon).
Тармақ 22
22. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange).
Тармақ 23
23. Лондон халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы (London International Financial Futures and Options Exchange).
Тармақ 24
24. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg).
Тармақ 25
25. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia).
Тармақ 26
26. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange).
Тармақ 27
27. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV).
Тармақ 28
28. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal).
Тармақ 29
29. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG).
Тармақ 30
30. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange).
Тармақ 31
31. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange).
Тармақ 32
32. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange).
Тармақ 33
33. Осло қор биржасы (Oslo bourse).
Тармақ 34
34. Париждегi «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Paris).
Тармақ 35
35. Мәскеу биржасы (ПАО ММВБ-РТС).
Тармақ 36
36. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange).
Тармақ 37
37. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange).
Тармақ 38
38. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange).
Тармақ 39
39. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange).
Тармақ 40
40. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange).
Тармақ 41
41. Үндiстан қор биржасы (Delhi Stock Exchange).
Тармақ 42
42. Үндiстан ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited).
Тармақ 43
43. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange).
Тармақ 44
44. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange).
Тармақ 45
45. Француз халықаралық қаржылық фьючерстер биржасы (French International Financial Futures Exchange MATIF).
Тармақ 46
46. Чикаго мерзiмдi тауар биржасы (The Chicago Board of Trade).
Тармақ 47
47. Чикаго опциондар биржасы (Chicago Board Options Exchange).
Тармақ 48
48. Чикаго тауар биржасы (Chicago Mercantile Exchange).
Тармақ 49
49. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange).
Тармақ 50
50. Швейцария қор биржасы (SIX Swiss Exchange).
Тармақ 51
51. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange).
Басқа 3. Өтімділігі жоғары активтердің тізбесі
Қаулыға 3-қосымша Өтімділігі жоғары активтердің тізбесі Мыналар:
Тармақша 1
1) қолма-қол ақша;
Тармақша 2
2) орталық депозитарийдің шоттарындағы ақша;
Тармақша 3
3) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларындағы жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақша;
Тармақша 4
4) тазартылған бағалы металдар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы және Еуразиялық даму банкі шығарған бағалы қағаздар, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының бір жүз пайызы Ұлттық Банкке тиесілі заңды тұлға шығарған бағалы қағаздар;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар бағалы қағаздар;
Тармақша 7
7) Ұлттық Банктегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі, сондай-ақ Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-» төмен емес ұзақмерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-банктердегі талап етуге дейінгі салымдар;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының банктерінде, сондай-ақ Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
Тармақша 9
9) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16149 болып тіркелген «Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысында белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;
Тармақша 10
10) «ВВВ-» төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктерінің сыныптауы бойынша) немесе «ВааЗ» төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттігінің сыныптауы бойынша) рейтингі бар шетелдік эмитенттердің облигациялары;
Тармақша 11
11) Ұлттық Банктегі өтеу мерзімі күнтізбелік 7 (жеті) күнге дейінгі мерзімді депозиттер;
Тармақша 12
12) Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақмерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент-банктеріне берілген «овернайт» қарыздары өтімділігі жоғары активтердің есебіне қосылады.
Басқа 4. Күші жойылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қаулыға 4-қосымша Күші жойылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 202 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8686 болып тіркелген) бекітілген Зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі мәселелері жөніндегі өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 93 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11670 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 7-тармағы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 12 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13308 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 259 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14525 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы.
Тармақ 6
6. «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16434 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шiлдедегi № 157 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17559 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.
Тармақ 8
8. «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 81 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18820 болып тіркелген).
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу, микроқаржылық қызмет және коллекторлық агенттіктер мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 28 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20265 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу, микроқаржылық қызмет және коллекторлық агенттіктер мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.
Тармақ 10
10. «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 85 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21277 болып тіркелген).
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандағы № 34 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22239 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.
Тармақ 12
12. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 48 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28688 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 31 шілдедегі № 67 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33241 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы
Тармақ 14
14. «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 74 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33495 болып тіркелген).