О некоторых вопросах структуры местного государственного управления Северо-Казахстанской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымының кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 6) және 7) тармақшаларына сәйкес, «Солтүстік Қазақстан облысын басқару схемасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 32/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 33/2 шешімінің негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен қорғаншылық және қамқоршылық саласындағы функциялар, өкілеттіктер мен штат бірліктері берілсін.
Тармақ 3
3. Мыналар бекітілсін: осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже; осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже жаңа редакцияда.
Тармақ 4
4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге енгізілген өзгерістерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 5
5. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы «31» наурыздағы № 90 қаулысына 1-қосымша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже Петропавл қаласы, 2026 жыл
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) қоғамда адамгершілік басымдықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үйлестірудің тиімді жүйесін құру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың осы Ережеге қосымшада көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары болады.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен білім басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Басқарманың орналасқан жері: 150011, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.
Тармақ 10
10. Коммуналдық мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. орыс тілінде: «Управление по защите прав детей акимата Северо-Казахстанской области».
Тармақ 11
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді. Егер заңнамалық актілерді басқаруға кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Міндеттері:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциясын іске асыру;
Тармақша 2
2) бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу;
Тармақша 4
4) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзушылық жағдайларында олардың құқықтарын қалпына келтіру;
Тармақша 5
5) жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың отбасылық нысандарын насихаттау;
Тармақша 6
6) балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің профилактикасы, балалар еңбегінің ең нашар нысандары, өмірлік қиын жағдайдағы балаларға көмек көрсету, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдай жасауға жәрдемдесу;
Тармақша 7
7) бала құқықтары туралы конвенцияны, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді іске асыру.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктер: Құқықтар:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) өз өкілеттіктері шегінде шарттар, келісімдер жасасуға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың мүдделерін білдіруге міндетті;
Тармақша 5
5) облыс аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті тапсырмалар беруге міндетті;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың мүдделерін білдіруді жүзеге асыруға міндетті. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
Тармақша 3
3) Басқармаға бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.
Тармақ 16
16. Функциялар:
Тармақша 1
1) мемлекеттің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының, отбасылық үлгідегі балалар ауылдарының, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының, жасөспірімдер үйлерінің қызметін үйлестіру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, отбасылық үлгідегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері ұсталатын тұлғаларға жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы мәселелері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жұмысқа орналасуды, мәртебесін қайта ресімдеу, алимент өндіріп алу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 6
6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен өз отбасыларында бала тәрбиелегісі келетін азаматтар үшін республикалық деректер банкіне мониторинг жүргізеді;
Тармақша 7
7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың білімі, мектептен тыс ұйымдармен қамтылуы, жазғы демалысы, білім беру саласындағы басқа да арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуі бойынша құқықтарын қорғауға талдау жүргізеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының балаларын және шетел азаматтарын асырап алу туралы, асырап алынған балалардың асырап алынғаннан кейінгі жай-күйі туралы есептердің түсімдеріне талдау жүргізеді;
Тармақша 9
9) қорғаншылықтағы, қамқоршылықтағы және патронаттық тәрбиедегі балаларды күтіп-бағу үшін қорғаншыларға, қамқоршыларға және патронаттық тәрбиешілерге жәрдемақылар төлеу мониторингін жүргізеді;
Тармақша 10
10) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататын студенттерді әлеуметтік қорғау жұмысына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 11
11) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тұжырымдамалардың, бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасын және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық шарттарды іске асыруды, әлеуметтік және құқықтық кепілдіктердің сақталуын, өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 13
13) балаларға қатысты әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру және танымал ету;
Тармақша 14
14) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде кеңестер ұйымдастыру және ақпараттандыру шараларын қабылдау;
Тармақша 15
15) өңірдегі балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы өңірлік есептерді әзірлейді;
Тармақша 16
16) Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, олардың қызметінде әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
Тармақша 17
17) өмірлік қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандарды қолайсыз отбасылардан бақылауға алады, профилактикалық жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу мәселелері;
Тармақша 19
19) балалар арасында және оларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің, қорқытудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді;
Тармақша 20
20) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтауға қатысады;
Тармақша 21
21) қатыгездікке (буллингке), кибербуллингке және балалар құқықтарының басқа да бұзылуына ұшыраған немесе куә болған балаларға көмек көрсетеді;
Тармақша 22
22) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды жеке қолдап отыруды жүргізеді;
Тармақша 23
23) зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді және білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жібереді;
Тармақша 24
24) өз құзыреті шегінде мобильді топтардың жұмысына қатысады;
Тармақша 25
25) кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу туралы сотқа өтініш береді;
Тармақша 26
26) кәмелетке толмағандарға жыныстық тәрбие беру және жыныстық қол сұғушылықтың профилактикасы жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 27
27) балалар арасында және оларға қатысты зорлық-зомбылық, оның ішінде жыныстық қол сұғылмаушылық мәселелері:
Тармақша 28
28) ерте неке және олардың салдары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіреді;
Тармақша 29
29) балалар еңбегінің алдын алу және олардың салдары жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді (су айдындары, терезелер, иттердің қауып алуы, өрт және т.б.);
Тармақша 31
31) Балаларды денсаулығына, дамуына зиян келтіретін жағымсыз әсерлерден қорғау мақсатында ақпараттық-насихаттау және ағарту жұмыстарын жүргізуді үйлестіреді;
Тармақша 32
32) кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу, алдын алу жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастырады және үйлестіреді;
Тармақша 33
33) психологиялық қолдау орталықтарының қызметін үйлестіру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
Тармақша 34
34) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет қызметінің қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;
Тармақша 35
35) білім беру ұйымдарында психологтар мен әлеуметтік педагогтердің қызметін үйлестіреді және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 36
36) психологиялық дағдарыс жағдайында қалған балаларға, олардың отбасыларына шұғыл психологиялық көмек көрсету жүйесін ұйымдастырады;
Тармақша 37
37) психологтар мен әлеуметтік педагогтердің қызметіне жүйелі талдау жүргізеді және оларға әдістемелік көмек көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 38
38) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау;
Тармақша 39
39) өз құзыреті шегінде балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 40
40) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін орындайды;
Тармақша 41
41) облыс әкімінің орынбасарына кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі комиссия отырыстарына байланысты материалдарды дайындайды, хаттамаларды ресімдейді, комиссия шешімдерінің орындалуын бақылайды, оның ішінде отырыстардың уақтылы және сапалы өткізілуін ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарға тиісті ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 42
42) белгіленген тәртіппен жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 43
43) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық, аудандық бөлімдерден есеп алады;
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Басқармаға басшылықты басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысын облыс әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдардан босатылатын орынбасары (басқарманың штат саны 15 бірліктен асқан жағдайда) болуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) басқармаларға жүктелген мақсаттардың іске асырылуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Өз құзыреті шегінде Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 3
3) Басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
Тармақша 4
4) басқарманың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Басқарманың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 7
7) Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) басқарманың бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда басқарма атынан өкілдік етеді, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда басқарма мүдделерін білдіруге сенімхаттар береді;
Тармақша 10
10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіптік даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) Басқарманың барлық қаржылық құжаттарында бірінші қол қою құқығына ие.
Тармақша 13
13) Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Тармақ 22
22. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1.1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге қосымша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мағжан Жұмабаев ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызылжар ауданының арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. Қазакстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ақжар ауданы «Жеткіншектер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тармақ 6
6. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жеткіншектер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы «31» наурыздағы № 90 қаулысына 2-қосымша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ Петропавл қаласы, 2026 жыл
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) өз құзыреті шегінде облыстың білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары болады.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Басқарманың орналасқан жері: 150011 Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді. Егер Басқармаға заңнамалық актілерде кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Басқарманың міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Басқарманың міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттер:
Тармақша 1
1) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) білім алушылардың шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуды үйлестіру, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау жолымен білім алушылардың интеллектісін байыту;
Тармақша 3
3) Жергілікті деңгейде ведомствоаралық ынтымақтастықты үйлестіру және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалар халқының барлық санаттарының құқықтарын іске асыруға байланысты шаралар кешенін жүзеге асыруды бақылау;
Тармақша 4
4) Жергілікті атқарушы органдарға балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, рухани және адамгершілік білім беруге, балалардың өзін-өзі табысты іске асыруы үшін жағдайлар жасауға, балалардың әлеуметтік бастамаларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) білім алушыларды азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін құрметтеуге, конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеуді үйлестіру;
Тармақша 6
6) белсенді азаматтық ұстанымы бар білім алушыларды тәрбиелеуді үйлестіру, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттіліктерін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
Тармақша 7
7) Білім алушыларды отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулуда тәрбиелеуді үйлестіру; қазақ және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру;
Тармақша 8
8) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) білім беру ұйымдарының автономдығын, дербестігін кеңейту, білім беруді басқаруды демократияландыру;
Тармақша 10
10) кәсіптік білім беруді қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне тез бейімдеуге ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік, қашықтықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуді және тиімді пайдалануды үйлестіру;
Тармақша 11
11) жалпы оқыту, жұмыс орны бойынша оқыту мен еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және білім мен құзыреттілікке негізделген қоғамда әркімге өзінің жеке әлеуетін барынша пайдалануға көмектесетін өмір бойы оқыту жүйелерін дамытуды үйлестіру;
Тармақша 12
12) білім, ғылым және өндірісті интеграциялауды үйлестіру;
Тармақша 13
13) білім алушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз етуді үйлестіру;
Тармақша 14
14) дуальды оқыту шеңберінде жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл жасау жолымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамытуды және жаңғыртуды қамтамасыз етуді үйлестіру;
Тармақша 15
15) мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау;
Тармақша 16
16) білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктер:
Тармақша 1
1) құқықтар: Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Басқарма өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы: Қазақстан Республикасының аумағында шарттар жасасуға; егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға; Басқарманың қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге; Облыстың ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан, аудандардың және Петропавл қаласының білім бөлімдерінен қажетті құжаттарды, ақпаратты, олардың қызметі, жекелеген лауазымды адамдар бойынша түсініктемелер сұратуға және алуға, Басқарманың құзыретіне жататын тапсырмалар беруге, облыстың ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, аудандардың және Петропавл қаласының білім бөлімдерінің қызметкерлерін облыстың атқарушы органының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуге қатысуға тартуға; өңірде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шығармашылық бастамаларды қолдауда меценаттық және қайырымдылық дәстүрлерін дамытуға жәрдемдесуге; Басқармаға жүктелген міндеттерді шешу үшін өңірдің басқа мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға; өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне өзгерту және толықтыру жөнінде тиісті ұсыныстар енгізуге; өңірдегі балалардың жағдайын жақсарту бойынша балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерімен айналысатын халықаралық, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен бірлескен іс-шаралар өткізуге; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының, сот отырыстарының жұмысына қатысуға; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді пысықтау үшін белгіленген тәртіппен ғылыми және өзге де ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген ғалымдарды, мамандар мен сарапшыларды тартуға; белгіленген қызмет саласында консультативтік кеңестер құруға; осы Ережеде көрсетілген құқықтармен қатар Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға;
Тармақша 2
2) міндеттері: білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру сапасын талдау; өз құзыреті шегінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының орындалуын сақтау; өз құзыреті шегінде білім беру ұйымдарының педагогтерін белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өткізу; орта білім беру жүйесін ақпараттандыруды қамтамасыз ету; жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) тиісті облыстың аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің бірінші басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органда айқындалған тәртіппен ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) облыс аудандарының, Петропавл қаласының білім бөлімдерін әкімшілендіру және қаржыландыру функцияларын орындайды;
Тармақша 5
5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) облыс аумағында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, сондай-ақ қосымша білім беруді ұйымдастырады және беруге жауапты;
Тармақша 9
9) тапсырысты ұйымдастырады және негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы, мамандандырылған, қосымша білімнің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілерімен қамтамасыз етеді және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің ұсынуы бойынша балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының - білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын, білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын облыстың жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 11
11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің ұсынуы бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, облыстың жергілікті атқарушы органдарына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін, сондай-ақ ата-аналық төлемақының мөлшерін бекітуге енгізеді;
Тармақша 12
12) облыстың жергілікті атқарушы органдарына білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекітуге енгізеді;
Тармақша 13
13) облыстың жергілікті атқарушы органдарына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекітуге енгізеді;
Тармақша 14
14) облыстың жергілікті атқарушы органдарына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекітуге енгізеді;
Тармақша 15
15) мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
Тармақша 16
16) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
Тармақша 17
17) облыстың білім беру саласындағы кадр саясатын іске асырады, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен педагогтерді аттестаттауды, білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау үшін тестілеуді өткізеді және ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) жыл сайын 1 тамызға дейін оқу жылына мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, білім беру органдары болжайтын көлемде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 20
20) облыстық мектеп олимпиадаларын және жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстарын және балаларға арналған кәсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ балалар мен педагогтер арасында олимпиадалар мен конкурстар өткізуді үйлестіреді;
Тармақша 21
21) облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 23
23) балалар мен жасөспірімдерді тексеруді және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді үйлестіреді және қамтамасыз етеді;
Тармақша 24
24) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 26
26) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
Тармақша 27
27) жыл сайын 15 сәуірге дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылған өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналаса отырып, кадрларға, оның ішінде ауылдық жерлерде қажеттілікке өтінім береді;
Тармақша 28
28) білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа), жергілікті атқарушы орган арқылы жеңілдікпен жол жүруі туралы облыс мәслихатына ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 29
29) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде статистикалық байқаулардың деректерін жинауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 31
31) облыстың білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестердің жұмысына жәрдемдеседі;
Тармақша 32
32) ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруды ұйымдастырады;
Тармақша 33
33) ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарифтеу тізімдерін, штат кестесін, оқу жұмыс жоспарларын, сондай–ақ сыныптар-жиынтықтардың, олардағы топтардың санын келіседі;
Тармақша 34
34) облыстың мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 35
35) облыстың білім басқармасына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
Тармақша 36
36) конкурстар өткізуді қамтамасыз етеді, конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантын төлеуді ұйымдастырады;
Тармақша 37
37) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
Тармақша 38
38) облыстық әдістемелік кабинеттің (орталықтың) материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
Тармақша 39
39) білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;
Тармақша 40
40) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 41
41) конкурстар өткізуді қамтамасыз етеді, мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің үздік ұйымы» грантын төлеуді ұйымдастырады;
Тармақша 42
42) білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;
Тармақша 43
43) білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді үйлестіреді және көрсетеді;
Тармақша 44
44) облыстың коммуналдық қазыналық білім беру кәсіпорындары өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекітеді;
Тармақша 45
45) облыстың жергілікті атқарушы органына аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері мемлекеттік қызметшілерінің штат санын бекіту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 46
46) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің жекелеген лауазымдарын (азаматтық қызметшілерін): әдістемелік кабинет басшысының орынбасарын, бас бухгалтерін және меңгерушісін тағайындауды келіседі;
Тармақша 47
47) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімі басшысының ұсынуы бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімінің құрылымын келіседі;
Тармақша 48
48) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша облыстың білім беруді басқару құрылымын бекітеді
Тармақша 49
49) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің бірінші басшыларын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;
Тармақша 50
50) неғұрлым ерекшеленген білім беру қызметкерлерін көтермелейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, жергілікті атқарушы органның айырым белгілерімен марапаттауға, құрметті атақтар беруге кандидатуралар ұсынады;
Тармақша 51
51) облыстың білім беруді дамыту жоспарларын әзірлейді және мәслихаттың бекітуіне енгізеді;
Тармақша 52
52) Мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен айқындығы жөніндегі жұмысты, оның ішінде «Ашық деректер», «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық диалог» порталдарын толтыру мен сүйемелдеуді жүзеге асырады;
Тармақша 53
53) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 54
54) білім беру ұйымдарының жұмыс практикасына кәмелетке толмағандардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелерін ендіреді;
Тармақша 55
55) қосымша білім беру ұйымдары желісін дамытуды қамтамасыз етеді, олардың қызметін талдайды, жетілдіреді және оларға кәмелетке толмағандарды тартады;
Тармақша 56
56) құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерімен бірлесіп, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 57
57) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 58
58) кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қатыгез қарым-қатынастың, жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы мәселелері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 59
59) кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзудың анықталған фактілері туралы құқық қорғау органдары мен өзге де уәкілетті органдарға дереу хабар береді;
Тармақша 60
60) пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың орта білім алуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 61
61) ерекше назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарын, заңды өкілдерін анықтауға, оларды ішкі істер органдарына есепке қоюға және олармен құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды жүргізуге қатысады;
Тармақша 62
62) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне тоқсан сайын талдау жүргізеді;
Тармақша 63
63) білім беру ұйымдарының жұмысына қоғамға жат мінез-құлық танытқан кәмелетке толмағандарды анықтау құралдарын ендіреді.
Тарау 3. 3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) Басқармаға жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне, облыстық білім беру ұйымдарының директорларына тәртіптік жаза қолданады, сондай-ақ көтермелейді;
Тармақша 5
5) Басқарма құрылымын бекітеді;
Тармақша 6
6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7) бұйрықтарға қол қояды және Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес атқарушы органдарда және өзге де ұйымдарда басқарма атынан өкілдік етеді;
Тармақша 9
9) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы үшін дербес жауапты болады. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Басқарманың мүлкі
4-тарау. Басқарманың мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 2.1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге қосымша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Аққайың ауданының аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 3
3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Искендер Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Ленинград ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минситрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Айыртау ауданының Саумалкөл а. агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петровка аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Новоишимка аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 9
9. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тайынша агробизнес колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петропавл кәсіптік колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 12
12. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 13
13. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 14
14. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 16
16. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 17
17. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Чкалов арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 18
18. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шөптікөл арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 19
19. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Соколов арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 20
20. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 21
21. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 2 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 22
22. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ломоносов арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 23
23. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 24
24. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 25
25. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 26
26. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «ЛОРД» дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 27
27. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют санаторлық орта мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 28
28. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 29
29. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 30
30. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 31
31. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының өңірлік психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 32
32. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының өңірлік психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 33
33. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 34
34. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 35
35. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери даярлық өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 36
36. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Асыл Мирас» аутизмі (аутизм спектрінің бұзылуы) бар балаларды қолдау (autism-орталық) орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.