Об утверждении перечня оффшорных зон Қолданыста
Басқа 0
Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мынадай оффшорлық аймақтар тізбесі бекітілсін:
Тармақша 1
1) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтарының бөлігінде ғана);
Тармақша 2
2) Андорра Княздігі;
Тармақша 3
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
Тармақша 4
4) Багам аралдары Достастығы;
Тармақша 5
5) Белиз мемлекеті;
Тармақша 6
6) Бруней Даруссалам мемлекеті;
Тармақша 7
7) Танзания Біріккен Республикасы;
Тармақша 8
8) Вануату Республикасы;
Тармақша 9
9) Гватемала Республикасы;
Тармақша 10
10) Гренада мемлекеті;
Тармақша 11
11) Джибути Республикасы;
Тармақша 12
12) Доминика Достастығы;
Тармақша 13
13) Доминикан Республикасы;
Тармақша 14
14) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағының бөлігінде ғана);
Тармақша 15
15) Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана);
Тармақша 16
16) Комор аралдары Одағы;
Тармақша 17
17) Гайана Кооперативтік Республикасы;
Тармақша 18
18) Коста-Рика Республикасы;
Тармақша 19
19) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) арнайы әкімшілік ауданының аумағы бөлігінде ғана);
Тармақша 20
20) Либерия Республикасы;
Тармақша 21
21) Ливан Республикасы;
Тармақша 22
22) Мауритания Ислам Республикасы;
Тармақша 23
23) Малайзия (Лабуан анклавы аумағының бөлігінде ғана);
Тармақша 24
24) Мальдив Республикасы;
Тармақша 25
25) Мальта Республикасы;
Тармақша 26
26) Солтүстік Мариан Аралдары Достастығы;
Тармақша 27
27) Маршалл аралдары Республикасы;
Тармақша 28
28) Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағының бөлігінде ғана);
Тармақша 29
29) Мьянма Одағы;
Тармақша 30
30) Науру Республикасы;
Тармақша 31
31) Нигерия Федеративтік Республикасы;
Тармақша 32
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
Тармақша 33
33) Палау Республикасы;
Тармақша 34
34) Панама Республикасы;
Тармақша 35
35) Португалия (Мадейра аралдары аумағының бөлігінде ғана);
Тармақша 36
36) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;
Тармақша 37
37) Сейшель аралдары Республикасы;
Тармақша 38
38) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
Тармақша 39
39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
Тармақша 40
40) Сент-Люсия мемлекеті;
Тармақша 41
41) Суринам Республикасы;
Тармақша 42
42) Тонга Корольдігі;
Тармақша 43
43) Тринидад және Тобаго Республикасы;
Тармақша 44
44) Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі (Ангилья аралдары, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Норманд аралдары (Сарк, Олдерни аралдары), Оңтүстік Георгия аралы, Оңтүстік Сандвич аралдары, Теркс және Кайкос аралдары, Чагос аралы аумақтарының бөлігінде ғана);
Тармақша 45
45) Фиджи Тәуелсіз Демократиялық Республикасы;
Тармақша 46
46) Филиппин Республикасы;
Тармақша 47
47) Француз Республикасы (Кергелен аралдары, Француздық Гвиана, Француздық Полинезия аумақтарының бөлігінде ғана);
Тармақша 48
48) Черногория Республикасы;
Тармақша 49
49) Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы;
Тармақша 50
50) Ямайка.
Тармақ 2
2. Осы қаулының мақсаты үшін оффшорлық аймақтар деп осы қаулының 1-тармағында көрсетілген, жеңілдікті салық режимін ұсынатын және (немесе) қаржылық операцияларды жүргізу кезінде ақпаратты жария етуді және ұсынуды көздемейтін мемлекеттер мен аумақтар түсініледі.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулы қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық түрде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.