Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің Прииртышск ауылының аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,0293 га, 5 жыл мерзімге жер учаскесіне «Баянауыл» шекара бөлімшесінің су құбырын салу және пайдалану үшін жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.