Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима Қолданыста
Басқа 0
Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 03-04/216 ұсынысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Костанай облысының аумағында карантиндік режим енгізілетін карантиндік аймақ
Қостанай облысы әкімдігінің
2026 жылғы 16 сәуірдегі
№ 109 қаулысына
қосымша
Костанай облысының аумағында карантиндік режим енгізілетін карантиндік аймақ
№
Аудандар мен қаланың атауы
Залалдану алаңы (гектар)
Өңдеу алаңы (гектар)
1
Алтынсарин
43 111
790,27
2
Амангелді
9 655
345,652
3
Арқалық қаласы
63 363
447,4307
4
Әулиекөл
51 459
146,792
5
Бейімбет Майлин
22 809
673,180
6
Денисов
68 429
166,893
7
Жангелдин
160
149,2000
8
Жітіқара
16 260
35,4844
9
Қамысты
6 617
26,9
10
Қарабалық
13 349
201,5233
11
Қарасу
128 754,2
574,0999
12
Қостанай
36 481,11
399,0910
13
Меңдіқара
22 068
56,519
14
Науырзым
25 106
738,5697
15
Сарыкөл
43 415
99,900
16
Ұзынкөл
30 173,5
153,4855
17
Федоров
44 924
588,84
Облыс бойынша барлығы
626 133,81
5 593,8305