Об утверждении Правил проведения конкурса по определению организации в качестве национального института технического нормирования в строительстве и квалификационные требования к участникам конкурса Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты ретінде ұйымды айқындау бойынша конкурсты өткізу қағидалары және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты ретінде ұйымды айқындау бойынша конкурсты өткізу қағидалары және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс жетекшілік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Құрылыстағы техникалық нормалаудың ұлттық институты ретінде ұйымды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген Құрылыстағы техникалық нормалаудың ұлттық институты ретінде ұйымды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 42-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және құрылыстағы техникалық нормалаудың ұлттық институты ретінде ұйымды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) құрылыстағы техникалық нормалаудың ұлттық институты (бұдан әрі – Ұлттық институт) - мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға Кодексте белгіленген тәртіппен айқындалған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитет – уәкілетті органның ведомствосы айқындаған, бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы техникалық нормалау жөніндегі міндеттерді орындау үшін құрылатын мамандар бірлестігі;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы.
Тармақ 3
3. Ұлттық институттың жұмыс істеуі Кодекстің 42-бабының 3-тармағында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін көзделеді.
Тармақ 4
4. Ұлттық институт ретінде ұйымды айқындау жөніндегі конкурсты қойылған міндеттерді іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық және ғылыми-зерттеу базасы мен кадр ресурстары бар ұйымды таңдау мақсатында уәкілетті органның ведомствосы өткізеді.
Тарау 2. 2-тарау. Құрылыстағы техникалық нормалаудың ұлттық институты ретінде ұйымды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі
2-тарау. Құрылыстағы техникалық нормалаудың ұлттық институты ретінде ұйымды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу тәртібі
Тармақ 5
5. Конкурстық өтінімдерді қарау және бағалау үшін конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, оның құрамы уәкілетті орган ведомствосы басшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына кемінде 5 (бес) адамнан тұратын уәкілетті орган ведомствосының қызметкерлері енгізіледі.
Тармақ 6
6. Уәкілетті органның ведомствосы конкурстық өтінімдері салынған конверттерді ашу күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын өзінің интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды, онда мыналар қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) өтінім беру мерзімі мен орны;
Тармақша 2
2) ұсынылатын құжаттардың тізбесі;
Тармақша 3
3) қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары;
Тармақша 4
4) бағалау критерийлері және жеңімпазды анықтау тәртібі.
Тармақ 7
7. Конкурсқа қатысу үшін қатысушы уәкілетті органның ведомствосына мыналарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады: - қатысуға өтініш еркін нысанда жасалады; - біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар; - Ұлттық институттың функцияларын іске асыру бойынша техникалық ұсыныс.
Тармақ 8
8. Комиссия өтінімдерді қарауды екі кезеңде жүзеге асырады: бірінші кезең: ұсынылған құжаттардың толықтығын және біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру. Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін қатысушылар қабылданбайды. екінші кезең: Ұлттық институттың функцияларын іске асыру бойынша техникалық ұсыныстарды қарау.
Тармақ 9
9. Өтінімдерді бағалауды конкурстық комиссия жүргізеді. Конкурстық комиссияның конкурс жеңімпазын айқындау туралы шешімі біліктілік талаптары мен техникалық ұсыныстарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қарау нәтижелері бойынша қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Конкурстың жеңімпазы деп айқындалған ұйымға уәкілетті органның ведомствосымен келісім жасасу арқылы Ұлттық институт мәртебесі беріледі.
Тармақ 10
10. Келісім Ұлттық институттың Кодекстің 42-бабында санамаланған функцияларынан басқа, мемлекеттік нормативтерді жетілдіру жөніндегі жұмыстардың тікелей және түпкілікті нәтижелерін қамтиды.
Тармақ 11
11. Ұлттық институттың өкілеттік мерзімі жұмысқа наразылықтар болмаған және біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде сол мерзімге ұзарту мүмкіндігімен 5 (бес) жыл. Ұзарту қосымша келісім жасасу жолымен жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Ұлттық институт ретінде айқындалған ұйым туралы ақпарат уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында жарияланады.
Тармақ 13
13. Егер Ұлттық институт айқындаған ұйым өзіне жүктелген функцияларды толық көлемде орындамаған жағдайда, біліктілік талаптарына сәйкес келмейді, сондай-ақ оның қызметінде бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті органның ведомствосы Ұлттық институт мәртебесін тағайындау туралы келісімді мерзімінен бұрын бұзу жөнінде шешім қабылдайды. Мұндай бұзушылықтарға: қаржылық ашықтықтың болмауы және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау жатады.
Тармақ 14
14. Ұлттық институттың функцияларын іске асыру жөніндегі техникалық ұсыныстар толықтығына, техникалық негізділігіне және іске асырылуына бағаланады.
Тармақ 15
15. Конкурсқа қатысушылар техникалық ұсыныста құрылыс саласының ағымдағы нормативтік базасының қысқаша талдауын, Ұлттық институт жұмысының құрылуының жалпы пайымын, уәкілетті органның ведомствосымен, бейінді техникалық комитеттермен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды, негізгі бағыттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, мемлекеттік нормативтерді жетілдіру процесін жақсарту жөніндегі ұсыныстарды келтіреді.
Тармақ 16
16. Қарау қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген өлшемшарттарды ескере отырып, неғұрлым тартымды техникалық ұсыныс берген конкурсқа қатысушы конкурс жеңімпазы болып танылады.
Тармақ 17
17. Екі және одан да көп қатысушылардың техникалық ұсыныстары барлық өлшемдерге сәйкес келген және негіздеуші материалдармен бекітілген жағдайда, нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу бойынша (соңғы 10 жылда әзірленген құжаттар санында) жұмыс тәжірибесі мол конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Тарау 3
3-тарау. Құрылыстағы техникалық нормалаудың ұлттық институты ретінде ұйымды айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Тармақ 18
18. Конкурсқа қатысуға мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғалар жіберіледі:
Тармақша 1
1) құқық қабілеттілігіне ие болуға;
Тармақша 2
2) қаржылық тұрғыдан тұрақты болуға және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң алты еселенген мөлшерiнен асатын салық берешегi болмауға;
Тармақша 3
3) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға;
Тармақша 4
4) қаржы ресурстарына ие болуға, сондай-ақ қызметкерлер алдында жалақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешегі болмауға;
Тармақша 5
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және қайта өңдеу бойынша кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
Тармақша 6
6) осы Қағидалар қосымшаға сәйкес материалдық-техникалық және ғылыми-зерттеу базасына, кадр құрамына қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Басқа 1
Құрылыстағы ұлттық техникалық нормалаудың институты ретінде ұйымды айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына қосымша № р/с Біліктілік талаптары Талаптың мазмұны Растайтын құжат 1. Ғылыми және норма шығармашылығы құзыреті 1.1 Құрылымдық бөлімше Штатта негізгі функциясы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды жетілдіру болып табылатын құрылымдық бөлімшенің болуы Штат кестесі, құрылымдық бөлімше туралы ереже 1.2 Ғылыми аккредиттеу «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеудің болуы. Аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі 1.3 Нормашығармашылық қызмет тәжірибесі Соңғы 10 жылдағы сәулет және/ немесе құрылыс саласындағы кемінде 10 (он) мемлекеттік нормативті әзірлеудің/техникалық түзетудің расталған тәжірибесі. Әзірленген құжаттардың титулдық парақтарының көшірмелері 1.4 Ғылыми дәрежесі бар кадрлар Штатта негізгі жұмыс орны бойынша доктор не техникалық ғылымдар кандидаты немесе PhD (техникалық нормалау саласы үшін бейінді) ғылыми дәрежесі бар кемінде 6 (алты) қызметкердің болуы. Ғылыми дәреже беру туралы еңбек шарттары мен дипломдардың көшірмелері 1.5 Бейінді техникалық комитеттер (БТК) Ұйымдастыру-техникалық қолдау көрсетуді қоса алғанда, Құрылыс кодексінің 43-бабына сәйкес техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттерді құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жазбаша міндеттеме Қатысушының жазбаша міндеттемесі 1.6 Құзыреттерді растау Соңғы 10 жылда нормативтік реттеу немесе талаптарды жетілдіру тақырыбы бойынша қатысушы ұйым қызметкерлерінің «Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесі» журналда (бюллетеньде, жаршыда) авторлығының кемінде үш басылымының болуы Мақалалардың көшірмелері 2 Инфрақұрылым және орналасқан жері (кеңсе жағдайлары) 2.1 Конференц-залдар (үлкен) Сыйымдылығы 60 орындық, проекциялық жабдықпен жарақтандырылған кемінде 1 (бір) конференц-зал. Объектінің техникалық паспорты / үй-жайларды жалдау шартының көшірмесі. 2.2 Конференц-залдар (кіші) Әрқайсысының сыйымдылығы 20 адамнан тұратын, проекциялық жабдықтармен жарақтандырылған кемінде 2 (екі) конференц-зал. Объектінің техникалық паспорты / үй-жайларды жалдау шартының көшірмесі. 2.3 Оқыту инфрақұрылымы Компьютерлік оқу сыныбының болуы. Объектінің техникалық паспорты / үй-жайларды жалдау шартының көшірмесі. 2.4 Нормативтік құжаттар қоры Нормативтік техникалық құжаттар қорын қалыптастыру және сақтау үшін жабдықталған үй-жайдың (мұрағаттың) болуы. Мұрағатты техникалық тексеру актісі. 2.5 Сынақ орталығы немесе зертхана Сынақ орталығының немесе зертхананың қолданыстағы аккредиттеу аттестатының болуы Аккредиттеу аттестатының көшірмесі