Об утверждении типовой формы договора залога недвижимого имущества в рамках реновации Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Реновациялау шеңберінде жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының үлгілік нысанын бекіту туралы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интелект және цифлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Реновациялау шеңберінде жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының үлгілік нысаны
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 171 Бұйрыққа қосымша Реновациялау шеңберінде жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының үлгілік нысаны қала __________ «___» ________ 20__ ж. Бұдан әрі «Кепіл ұстаушы» деп аталатын ________________________ атынан ___________________ негізінде әрекет ететін ____________________, бірінші тараптан, және бұдан әрі «Кепіл беруші» деп аталатын _____________________ атынан ___________________________ негізінде әрекет ететін __________________________, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын басшылыққа ала отырып, Кепіл ұстаушы, Кепіл берушіге реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт № ________ «___»_________ ____ жылғы (бұдан әрі – реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт) Құрылыс салушы, Уәкілетті компания, Кепіл ұстаушы мен Кепіл беруші арасында жасалған шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үй құрылысының _______________________ (бұдан әрі-жоба) аяқталуына кепілдік беретінін ескере отырып, Кепіл беруші реновациялау объектісінің және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иесі болып табылатынын назарға ала отырып, реновациялау шеңберінде үлескерлердің мүдделерін қорғауды, сондай-ақ жобаның Құрылыс салушының, Уәкілетті компанияның және өзге де үшінші тұлғалардың кредиторларының талаптарынан қол сұғылмауын қамтамасыз ете отырып, төмендегілер туралы осы реновациялау шеңберінде жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты: Кепіл заты: 1) Кепіл берушіге меншік құқығымен тиесілі жер учаскесі (жер учаскесін сатып алуға сатып алу-сату шарты): Орналасқан жері: ________________________________, Ауданы _______________________ш. м., Кадастрлық нөмір ______________________________, Жер санаты: ________________________________, Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: ____________________, Жер учаскесін пайдалану мен ауыртпалыққа шектеулері: ____________, Жер учаскесінің бөлінуі: _______________________. (егер кепіл нысанасы жер учаскесі болса) 2) Кепіл берушіге жеке меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік объектісі (құқық белгілейтін құжаттар, сәйкестендіру құжаттары): Жылжымайтын мүлік түрі __________, Орналасқан жері: ________________________________, Ауданы ____________ ш. м. (жалпы, пайдалы, тұрғын алабы болған жағдайда), Кадастрлық нөмір ______________________________, Қабаттылық ________________________ (бар болса); (егер кепілдің мәні жылжымайтын мүлік болса)
Тарау 1. 1 тарау. Шарттың мәні
1 тарау. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Осы Шарттың мәні реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Кепіл берушіге меншік құқығында тиесілі кепіл нысанасын Кепіл ұстаушыға беру болып табылады.
Тармақ 2
2. Кепіл берушіге кепілмен қамтамасыз етілетін реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың барлық талаптары, оның ішінде реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың елеулі талаптары жақсы белгілі: Жобаның атауы: Жобаның сомасы: Пайдалануға қабылдау мерзімі: Басқа:
Тармақ 3
3. Кепіл берушінің кепіл затына құқықтары төменде көрсетілген құжаттармен расталады:
Тармақша 1
1) Кадастрлық нөмірі ____ ____________ га жер учаскесі: ____ жылғы № _______ жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті және (немесе) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты - ______ жылғы № ________, жергілікті атқарушы орган әкімінің ____ жылғы № ___ жер учаскесін беру туралы қаулысы, ___ жылғы № __________ меншік құқығындағы жер учаскесін сатып алу-сату шарты немесе ___ жылғы № ________ жер учаскесін беру шарты;
Тармақша 2
2) ________ кадастрлық нөмірі бар ауданы ____________ шаршы метр жылжымайтын мүлік: ______ жылғы № ________________________ техникалық паспорт, (соның негізінде жылжымайтын мүлікке құқық туындаған құқық белгілейтін құжат) ______ жылғы № ______
Тармақ 4
4. Кепіл затының нарықтық құны ___________ (__________________) теңгені құрайды. Тараптар келісетін көрсетілген құнды тәуелсіз бағалаушы «Жылжымайтын мүлікті бағалау туралы» ______ жылғы «___» №____ есебіне («Жылжымайтын мүлікті бағалаушы» біліктілігін беру туралы куәлік, _____ жылғы №___ тіркеу нөмірі) сәйкес айқындады.
Тармақ 5
5. Кепіл заты билік ету құқығысыз Кепіл берушінің пайдалануында және иелігінде қалады.
Тармақ 6
6. Осымен Кепіл беруші Тараптармен жасалған қосымша келісімде өзге айқындалмаған жағдайда, Кепіл заты заңды және нақты ауырпалығы жоқ және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбайтынына кепілдік береді.
Тарау 2. 2-тарау. Өтініштер мен кепілдіктер
2-тарау. Өтініштер мен кепілдіктер
Тармақ 7
7. Кепіл беруші:
Тармақша 1
1) Кепіл затына толық құқықты және заңды құқық иесі болып табылады. Шартты жасау сәтіне дейін Кепіл заты иеліктен шығарылмағандығын, кепілге берілмегендігін, даулар мен тыйым салудан бос екенін, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбағандығын;
Тармақша 2
2) Кепіл затының оларды тану нәтижесінде оның бүлінуі немесе зақымдануы болуы мүмкін қандай да бір қасиеттері жоқ екенін растайды және кепілдік береді.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 8
8. Кепіл беруші:
Тармақша 1
1) Кепіл заты жағдайының нашарлауына және құнын төмендетуге алып келетін іс-әрекеттерді жасамауға;
Тармақша 2
2) Кепіл затына үшінші тұлғалар тарапының қол сұғушылығынан қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауға;
Тармақша 3
3) Кепіл ұстаушыға кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер толық көлемде орындалған сәтке дейін Кепіл затының қайта кепілге берілмейтіндігіне кепілдік беруге;
Тармақша 4
4) Кепіл ұстаушыға кепілге берілген мүлікпен болған өзгерістер туралы, Кепіл заты үшінші тұлғалардың қол сұғушылықтары туралы, пайда болған Кепіл затының жойылу немесе зақымдану қаупі туралы мәліметтерді дереу хабарлауға;
Тармақша 5
5) Кепіл затының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға;
Тармақша 6
6) Кепіл затын кейінгі кепілге салмауға (Кепіл затын қайталап кепілге салу бойынша іс-әрекеттер жасамауға), жалға, сенімгерлікпен басқаруға бермеуге, өзге нысанда иеліктен шығаруға, немесе Кепіл ұстаушының жазбаша келісімісіз басқа жолмен Кепіл затына билік етуге;
Тармақша 7
7) «___» __________ 20__ жылы дейін мерзімде осы Шарт «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы тіркелсін; Тіркелген кепілдік беру шартын одан әрі Кепіл ұстаушыға беру.
Тармақша 8
8) Кепіл ұстаушыны жазбаша түрде кез келген өкім, нұсқау, бұйрық, ресімді талап, рұқсат, хабарлама немесе Кепіл затына қатысы бар немесе болуы мүмкін және Кепіл берушінің қандай да бір үшінші жақтан (оның ішінде Кепіл берушінің Кепіл затына құқығын жоғалту және/немесе Кепіл затының болуына және сақталуына қауіп тудыратын жағдайлардың пайда болуы туралы) алынған кез келген басқа құжат туралы дереу хабардар етуге;
Тармақша 9
9) Кепіл ұстаушыға Кепіл затына (құжаттар бойынша, сондай-ақ іс жүзінде болуына, сақталуына, жағдайына және пайдалану шарттарына) тексеру жүргізуіне көмек көрсетуге;
Тармақша 10
10) барлық шығыстарды, оның ішінде осы Шартты жасасу, ресімдеу және тіркеу бойынша шығыстарды көтеруге міндеттенеді.
Тармақ 9
9. Кепіл беруші Кепіл затының мақсатына сәйкес оны пайдалануға құқылы.
Тармақ 10
10. Кепіл ұстаушы:
Тармақша 1
1) Кепіл затының болуын, жағдайын және пайдалану шарттарын тексеруге;
Тармақша 2
2) Кепіл берушіден Кепіл затының сақталуы үшін қажетті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауын талап етуге;
Тармақша 3
3) Осы Шарт бойынша Кепіл заты болып табылатын мүлік туралы талап арыз қаралатын істе үшінші тұлға ретінде қатысуға;
Тармақша 4
4) 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Кепіл ұстаушының уәкілетті мемлекеттік органда Уәкілетті компанияның жылжымайтын мүлкіне меншік құқығын тіркеуге келісімін беруге құқылы.
Тармақ 11
11. Осы реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт жасалғаннан кейін тараптардың реновациялау объектісі шеңберінде қайта кепілге қоюға және (немесе) кепілден қайта кепілге қоюға және/немесе жылжымайтын мүлікті босатуға байланысты қандай да бір іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Тарау 4. 4 тарау. Тараптардың жауапкершілігі
4 тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 12
12. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тарау 5. 5-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
5-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 13
13. Осы Шарт Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Кепіл затына ауыртпалық құқығын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тіркеген сәттен бастап жасалған және күшіне енген болып есептеледі және кепіл беру туралы шарт бойынша Кепіл беруші міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
Тармақ 14
14. Осы Шартты өзгерту және бұзу Тараптардың өзара келісімі бойынша Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген тиісті қосымша келісім/ осы Шартты бұзу туралы келісім жасасу арқылы жүргізіледі.
Тарау 6. 6-тарау. Қорытынды ережелер
6-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 15
15. Кепіл затына ауыртпалық құқығын тіркеу және ресімдеу жөніндегі шығыстар Тараптардың келісімі бойынша Кепіл берушіге жүктеледі.
Тармақ 16
16. Осы Шартты орындау процесінде туындайтын барлық дауларды Тараптар өзара тиімді шешім шығару мақсатында алдын ала тәртіппен қарайды. Уағдаластыққа қол жеткізбеген кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дау сотта шешілетін болады.
Тармақ 17
17. Осы Шарт бойынша тараптар бір-біріне жіберетін барлық хабарламалар, мәліметтер жазбаша нысанда және уәкілетті тұлғаның қолы қойылып жасалуы тиіс. Мұндай хабарламалар немесе мәліметтер, егер олар осы Шарттың 7- тарауында көрсетілген берілген мекенжай бойынша деректемелер бойынша факсимильді байланыс арқылы тапсырысты пошта арқылы жіберілсе, тиісінше жіберілген болып есептеледі.
Тармақ 18
18. Мекенжайды өзгерту жөніндегі ақпаратты Кепіл беруші Кепіл ұстаушыға мекенжай өзгерген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынуға тиіс.
Тармақ 19
19. Осы немесе өзгертілген мекенжайға жіберілген хабарламалар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Кепіл берушіге тапсырылды деп есептеледі.
Тармақ 20
20. Осы шарт үш данада – әр Тарап үшін бір бір данадан жасалды, бір данасы ____________ сақталады.
Тарау 7. 7-тарау. Тараптардың мекенжайы мен банк деректемелері:
7-тарау. Тараптардың мекенжайы мен банк деректемелері: Кепіл ұстаушы: ___________________________________________ Кепіл беруші: ______________________________________________ Тараптардың қолдары: Кепіл ұстаушы: ________________________ Кепіл беруші: _________________________ _____________/__________/ ____________/___________/ (қолы) (Т.А.Ә., (бар болса) (қолы) (Т.А.Ә., (бар болса) Мөрдің орны (бар болса) Мөрдің орны (бар болса)