О размерах денежных выплат сотрудникам дипломатической службы Республики Казахстан за дипломатический ранг и работу со сведениями, составляющими государственные секреты Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң қызметкерлерiне дипломатиялық дәрежесi және мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтермен жұмыс істегенi үшін төленетін ақшалай төлемдердiң мөлшерi туралы
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң қызметкерлерiне ұлттық валютада лауазымдық жалақыларын негiзге ала отырып есептелетін ақшалай төлемдердiң мынадай мөлшерi белгiленсiн:
Тармақша 1
1) дипломаттық дәрежесi үшiн - 25%;
Тармақша 2
2) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтермен жұмыс iстегенi үшiн - 15%.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 565 қаулысы ;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегі N 565 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 сәуiрдегi N 188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 8, 92-құжат);
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 465 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 14, 107-құжат).
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.