О признании утратившими силу некоторых актов акимата Актюбинской области Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Ақтөбе облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26589 тіркелген);
Тармақша 2
2) «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3 «Ақтөбе облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 74 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8547-04 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.