Об утверждении Правил деятельности международных и иностранных учебных заведений в Республике Казахстан и (или) их филиалов и формы их сотрудничества Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары қызметінің қағидаларын және олардың ынтымақтастығының нысандарын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары қызметінің қағидаларын және олардың ынтымақтастығының нысандары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары қызметінің қағидалары және олардың ынтымақтастығының нысандары
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2026 жылғы 16 сәуірдегі
№ 191 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары қызметінің қағидалары және олардың ынтымақтастығының нысандары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары қызметінің қағидалары және олардың ынтымақтастығының нысандары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-3-бабының 17-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары қызметінің тәртібін және олардың ынтымақтастығының нысандарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) халықаралық оқу орны – екі және одан да көп мемлекеттердің Үкіметтерінің бастамасы бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметін жүзеге асыратын, мемлекеттердің аумақтарында танылатын өз үлгісіндегі білім туралы құжат беретін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
Тармақша 2
2) халықаралық оқу орнының филиалы – Қазақстан Республикасының аумағында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметін жүзеге асыратын, халықаралық оқу орнының білім туралы құжатын беретін, мемлекеттер аумағында танылатын халықаралық оқу орнының оқшауланған құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 3
3) шетелдік оқу орны – шетелдік оқу орнының бастамасымен құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметін жүзеге асыратын, шетелдік оқу орнының білім туралы құжатын беретін, Қазақстан Республикасының аумағында және шетел мемлекетінің аумағында танылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
Тармақша 4
4) шетелдік оқу орнының филиалы – Қазақстан Республикасының аумағында дербес немесе қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен (бұдан әрі – Қазақстандық ЖЖОКБҰ) бірлесіп білім беру қызметін жүзеге асыратын, шетелдік оқу орнының білім туралы құжатын немесе екі білім туралы құжатты (шетелдік оқу орнының және Қазақстандық ЖЖОКБҰ) беретін, Қазақстан Республикасының аумағында және шетел мемлекетінің аумағында танылатын шетелдік оқу орнының оқшауланған құрылымдық бөлімшесі.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары қызметінің тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары қызметінің тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарын және (немесе) олардың филиалдарын басқару егер халықаралық шарттарда, уәкілетті органның шешімдерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Білім беру қызметін ұйымдастыру, оқуға қабылдау және білім сапасын басқару тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының және (немесе) олардың филиалдарының ішкі құжаттарына сәйкес реттеледі, бұл құжаттар білім сапасының халықаралық және шетелдік оқу орындарындағы деңгейінен төмен болмауын қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарын және (немесе) олардың филиалдарын қаржыландыру өз қаражаттары есебінен, инвестициялық қаражаттардан, білім алушылардан түскен оқу ақысы есебінен, заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық жарналарынан, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Республикалық бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қабылдағаннан кейін жүзеге асырылады және бюджет заңнамасының нормаларына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары өздерінің даму стратегияларын және (немесе) даму бағдарламаларын және (немесе) даму жоспарларын әзірлейді және олардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының және (немесе) олардың филиалдарының тәрбиелік қызметі білім беру процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және патриотизмді, азаматтылықты, интернационализмді, жоғары мораль мен адамгершілікті, құқықтық мәдениетті, конфессияаралық төзімділікті қалыптастыруға, сондай-ақ білім алушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екі жақтан және көп жақты шарттар жасасуға құқығы бар.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдарының қызметі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасын бұзған жағдайда білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиясын және (немесе) лицензияға қосымшасын қайтарып алу және айыру туралы уәкілетті органның шешімі күшіне енген;
Тармақша 2
2) қолданыстағы халықаралық аккредиттеу туралы, оның ішінде білім беру бағдарламаларына арналған сертификаты болмаған;
Тармақша 3
3) олардың құрылуына негіз болған халықаралық шарттарда немесе келісімдерде көзделген талаптарды бұзған;
Тармақша 4
4) құрылтайшы (құрылтайшылар) бастама көтерген жағдайларда уәкілетті органның шешімімен тоқтатылады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасындағы халықаралық немесе шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдарының қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасындағы халықаралық немесе шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары білім алушыларының құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде олардың басқа оқу орындарына ауысуын қамтамасыз ету міндеттемелерін ескере отырып қабылдайды.
Тарау 3. 3-тарау. Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдарының ынтымақтастығының нысандары
3-тарау. Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдарының ынтымақтастығының нысандары
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында бірлескен білім беру бағдарламалары, қос дипломды бағдарламалар және стратегиялық әріптестік нысандарында жүзеге асырады.
Қос дипломды бағдарламаларды іске асыру әріптес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларының сәйкестігін және екі білім туралы құжаттың берілуін көздейді.
Бірлескен білім беру бағдарламасы Қазақстандық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен шетелдік оқу орнымен бірлесіп әзірленеді және бір білім туралы құжат беріледі.
Қос дипломды бағдарламалар мен бірлескен білім беру бағдарламалары тараптардың бағдарламалардың мақсаттары мен мазмұнын айқындау, оқу процесін ұйымдастыру, дәреже беру немесе біліктілік тағайындау бойынша ортақ міндеттемелер қабылдауымен сипатталады.
Стратегиялық әріптестік шетелдік оқу орнының білікті профессорлық-оқытушылық құрамын тарту, шетелдік оқу орнының оқыту әдістемелерін енгізу, жергілікті оқытушыларды біліктілікті арттыру курстары, тағылымдамалар, семинарлар арқылы оқыту, өңірлік қажеттіліктерді ескере отырып бірлескен зерттеулер жүргізу, сондай-ақ пәнаралық, бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын дамытуды қамтамасыз ету жолымен жоғары білім сапасын арттыруды көздейді.