Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющиеся гражданскими служащими, работающих в сельской местности и имеющих право на повышенные должностные оклады и тарифные ставки на двадцать пять процентов, за счет средств местного бюджета Қолданыста
Басқа 0
Азаматтық қызметші болып табылатын, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметші болып табылатын, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 10/03 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 111043 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 сәуірдегі № 13 (1203) «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінде жарияланған, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2017 жылдың 12 сәуірде жарияланған) қаулысының;
Тармақша 2
2) Бұқар жырау ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 24/07 «Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 6 наурыздағы №10/03 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 113577 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 шілдедегі № 28 (1218)
«Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінде жарияланған, Электрондық түрде Қазақстан Республикасы НҚА эталондық бақылу банкі 2017 жылдың 26 шілдеде жарияланған) қаулысының.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының және аудандық бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы
Бұқар жырау аудан әкімдігінің
2026 жылғы 13 сәуірдегі
№ 28/06 қаулысына қосымша
Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының және аудандық бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мен басшысының орынбасары, оның ішінде: директор, директор орынбасары, бөлім меңгерушісі;
Тармақша 2
2) мамандары (бас, аға), оның ішінде: әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психолог, бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен жұмыс маманы, аналитика және мониторинг маманы, ақпаратты қорғау/ақпараттық технологиялар маманы, халықпен профилактикалық жұмыс маманы, әлеуметтік қызметкер кейс-менеджері, есепші, кадр инспекторы, мемлекеттік сатып алу менеджері, заңгер.
Тармақ 2
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары, оның ішінде: директор, директор орынбасары, бөлімше басшысы, кітапхана меңгерушісі, жинақтау және өңдеу секторының меңгерушісі, қызмет көрсету секторының меңгерушісі, ақпараттық-библиографиялық сектордың меңгерушісі, даму бөлімінің басшысы, шаруашылық қызмет көрсету құрылымдық бөлімшенің жетекшісі;
Тармақша 2
2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: клуб меңгерушісі, барлық атаулы әдіскерлер, барлық атаулы суретшілер, шығармашылық жетекші, кітапханашы, библиограф, редактор, режиссер, қоюшы-оператор, желілік киноаппаратура және дыбыс жазу операторы, дыбыс режиссері, хореограф, үйірме жетекшісі, музыкалық жетекші, оркестр жетекшісі, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор, балетмейстер, хормейстер, нұсқаушы, кадрлар жөніндегі инспектор (маман), заңгер, есепші, экономист, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджер/маман.
Тармақ 3
3. Спорт мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мен басшысының орынбасары, оның ішінде: директор, директор орынбасары, шаруашылық қызмет көрсету құрылымдық бөлімшенің жетекшісі;
Тармақша 2
2) мамандар (барлық деңгейдегі): мейіргер (мейірбике/мейіргер), барлық мамандықтар бойынша жаттықтырушылар, нұсқаушы, есепші, экономист, әдіскер, кадрлар жөніндегі инспектор (маман), заңгер.