О расширении территории государственного природного заказника республиканского значения «Оңтүстік Алтай» (комплексный) Қолданыста
Басқа 0
«Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалының (кешенді) аумағын кеңейту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ бағалы, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін сақтау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалының (кешенді) аумағы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы шегінде 5244,2799 гектарға кеңейтілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 116-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
116
«Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді)
202 420,3799
Күршім ауданы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
».
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.