"Об определении территории для старательства по Жамбылской области" Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі «Шу-Талас» бассейндік инспекциясы» Жобаны ұсынушы: Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Н. Егембердиев
Басқа 6. Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтардың тізімі
Жамбыл облысы әкімдігінің 2026 жылғы «__»__________ № ___ қаулысына қосымша Жамбыл облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтардың тізімі 1. «Владимир» учаскесі 1 1 70 11 1,48 43 12 50,9 4,010 Талас ауданы 2 70 11 4,51 43 12 48,68 3 70 11 20,46 43 12 59,12 4 70 11 13,91 43 12 58,52 2. «Адильжан» учаскесі 1 1 70 10 45,37 43 12 36,74 4,300 Талас ауданы 2 70 10 43,11 43 12 39,06 3 70 11 2,22 43 12 49,8 4 70 11 0,14 43 12 44,94 3. «Алеке» учаскесі 1 1 70 10 30,58 43 12 24,99 4,169 Талас ауданы 2 70 10 33,4 43 12 22,49 3 70 10 46,33 43 12 34,24 4 70 10 42,96 43 12 35,71 4. «DAUR» учаскесі 1 1 70 10 20,23 43 12 14,01 4,389 Талас ауданы 2 70 10 16,63 43 12 17,24 3 70 10 29,47 43 12 24,8 4 70 10 32,55 43 12 22,2 5. № 2 учаске 1 1 72 41 50,00 45 09 20,00 2,024 Мойынқұм ауданы 2 72 41 50,00 45 09 17,00 3 72 41 40,00 45 09 18,00 4 72 41 40,00 45 09 21,00