Об утверждении Правил приобретения и перечня финансовых инструментов, с которыми банки с универсальной банковской лицензией, банки с базовой банковской лицензией, исламские банки, филиалы банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалы исламских банков-нерезидентов Республики Казахстан осуществляют дилерскую деятельность и брокерскую деятельность на рынке ценных бумаг Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарын сатып алу қағидаларын және тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне және 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарын сатып алу қағидалары және тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарын сатып алу қағидалары және тізбесі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 70 қаулысымен бекітілген Әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарын сатып алу қағидалары және тізбесі
Тармақ 1
1. Осы Әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарын сатып алу қағидалары және тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 22-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне және 6-тармағына сәйкес әзірленді және әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарының тізбесін және оларды сатып алу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген тиісті лицензия негізінде мынадай қаржы құралдарымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызметті жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік борыштық эмиссиялық бағалы қағаздары;
Тармақша 2
2) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ««Ваа3»-дан төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
Тармақша 3
3) базалық активі бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар;
Тармақша 4
4) базалық активі: шетел және ұлттық валютасы; валюталық индекстер; тазартылған бағалы металдар; сыйақы мөлшерлемесі: купон, дисконт, кірістілік, пайыздық своп бойынша мөлшерлеме, спред, пайыздық өзгеріс және құбылмалылық; бағалы қағаздар; есептік көрсеткіштер (Француз қор биржасының индексі (Cotation Assistée En Continu, САС 40), Неміс қор индексі (Deutscher Aktienindex, DAX 40), Доу Джонс индексі (Dow Jones Industrial Average, DJIA), Еуро Сток 50 (EURO STOXX 50 Price Index), Лондон қор биржасының индексі (Financial Times Stock Exchange 100 Index, FTSE 100), Гонконг қор биржасының индексі (Hang Seng Index, HSI), Қазақстан қор биржасының индексі (Kazakhstan Stock Exchange Index, KASE), Морган Стэнли әлемдік индексі (Morgan Stanley Capital International World Index, MSCI World Index), Мосбиржа индексі (MOEX Russia Index/IMOEX), Жапондық Никкей индексі 225 (Nikkei-225 Stock Average Index, NIKKEI 225), Ресейлік сауда жүйесінің индексі (Russian Trade System Index, RTSI), Стандард энд Пурс 500 индексі (Standard and Poor's 500 Index, S&P 500), Токио акцияларға бағалар индексі (Tokyo Stock Price 100 Index, TOPIX 100), НАСДАК-100 индексі (Nasdaq-100 Index, NASDAQ-100); кредиттік тәуекел (credit risk); тауар активтері (мұнай және мұнай өнімдері, табиғи газ және газ конденсаты, түсті металдар, қара металдар, астық және астық өнімдері, көмір және кокс, қант, мақта, электр энергиясы) оларды нақты жеткізуді жүзеге асырмай, сондай-ақ осы тауар активтеріне индекстер;
Тармақша 5
5) Қағидалардың 7-тармағының талаптары сақталған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілмеген қаржы құралдары. Базалық банк лицензиясы бар банк осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдарымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы уәкілетті орган берген тиісті лицензия негізінде мынадай қаржы құралдарымен бағалы қағаздар нарығындағы дилерлік қызметті жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік борыштық эмиссиялық бағалы қағаздары;
Тармақша 2
2) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ««Ваа3»-дан төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;
Тармақша 3
3) тізбесі банктің, бейрезидент-банк филиалының Банктер туралы заңның 23-бабының 6-тармағына сәйкес белгіленген инвестициялық қызметін жүзеге асыру тәртібінде айқындалатын, халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар;
Тармақша 4
4) тізбесі Банктер туралы заңның 23-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында айқындалған мемлекеттік емес борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар;
Тармақша 5
5) Банктер туралы заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген ұйымдардың мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
Тармақша 6
6) меншікті борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар;
Тармақша 7
7) базалық активі бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар;
Тармақша 8
8) базалық активі: шетел және ұлттық валютасы; валюталық индекстер; тазартылған бағалы металдар; сыйақы мөлшерлемесі: купон, дисконт, кірістілік, пайыздық своп бойынша мөлшерлеме, спред, пайыздық өзгеріс және құбылмалылық; бағалы қағаздар; Қағидалардың 2-тармағы 4) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген есептік көрсеткіштер; кредиттік тәуекел (credit risk); Қағидалардың 2-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген тауар активтері, оларды нақты жеткізуді жүзеге асырмай, сондай-ақ осы тауар активтеріне индекстер;
Тармақша 9
9) цифрлық қаржы активтері;
Тармақша 10
10) исламдық бағалы қағаздар. Базалық банк лицензиясы бар банк осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3, 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдарымен бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қағидалардың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында және 3-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көрсетілген қаржы құралдарымен мәмілелер Банктер туралы заңның 23-бабының 6-тармағына сәйкес белгіленген банктің, бейрезидент-банк филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру тәртібінде көзделген мәмілелер жасау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың тізімінде көрсетілген, халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде жасалады.
Тармақ 5
5. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы базалық активі төмендегі ұйымдардың кредиттік тәуекелі болып табылатын туынды қаржы құралдарымен брокерлік қызметті және дилерлік қызметті жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-дан төмен емес не Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ««Ва3»-дан төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-дан төмен емес рейтингі не жоғарыда көрсетілген рейтингтік агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша «kzВВВ»-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары;
Тармақша 2
2) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-дан төмен емес не Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ««Ваа3»-дан төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-дан төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың тізімінде көрсетілген, халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде айналысқа жіберілген, кредиттік тәуекелі туынды қаржы құралының базалық активі болып табылатын ұйымдардың бағалы қағаздары.
Тармақ 6
6. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы базалық активі кредиттік тәуекел болып табылатын туынды қаржы құралдармен брокерлік қызметті және дилерлік қызметті мына талаптарды бір мезгілде орындаған кезде, кредиттік дефолт своптарын және жиынтық кіріс своптарын сатып алу (сатып алушы ретінде болуы) арқылы жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) базалық активі әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкі филиалының меншікті міндеттемесі болып табылмайды;
Тармақша 2
2) кредиттік тәуекелді базалық актив бойынша хеджирлеу мақсатында сатып алу;
Тармақша 3
3) сатып алу Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген, халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қағидалардың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген қаржы құралдарымен (бұдан әрі – өзге де қаржы құралдары) мәмілелерді әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызмет шеңберінде осындай мәмілелерді жасау ниеті туралы уәкілетті органға хабарлама берген күні ағымдағы өтімділік коэффициентінің k4 мәні кем дегенде 0,6 болып сақталған жағдайда жасайды. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызмет шеңберінде өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға ниет білдірген жағдайда, әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы осы қызметті жүзеге асыра бастаған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органды осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты сақтау туралы ақпаратты көрсете отырып, осындай ниеті туралы хабардар етеді. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапқа сәйкессіздікті анықтаған жағдайда, осындай сәйкессіздік фактісі туралы уәкілетті органды дереу хабардар етеді және аталған сәйкессіздік анықталған күннен бастап бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызмет шеңберінде өзге де қаржы құралдарын сатып алу бойынша жаңа мәмілелер жасамайды.
Басқа 2. Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың тізімі
Әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарын сатып алу қағидаларына және тізбесіне қосымша Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың тізімі
Тармақ 1
1. Австралия қор биржасы (Australian Securities Exchange)
Тармақ 2
2. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG)
Тармақ 3
3. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ)
Тармақ 4
4. Амстердамдағы «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam)
Тармақ 5
5. «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange, AIX)
Тармақ 6
6. Афина қор биржасы (Athens Stock Exchange (ATHEX)
Тармақ 7
7. Бомбей қор биржасы (Bombay Stock Exchange Limited, BSE)
Тармақ 8
8. Бразилия қор биржасы (B3 S.A. – Brasil, Bolsa, Balcão)
Тармақ 9
9. Брюссельдегі «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels)
Тармақ 10
10. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange)
Тармақ 11
11. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing)
Тармақ 12
12. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange)
Тармақ 13
13. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange)
Тармақ 14
14. Ирландия қор биржасы (Euronext Dublin)
Тармақ 15
15. Испания біріккен қор биржасы (Bolsas y Mercados Españoles (BME), Spain)
Тармақ 16
16. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA)
Тармақ 17
17. Йоханнесбург (Оңтүстік Африка) қор биржасы (JSE Johannesburg Stock Exchange, South Africa)
Тармақ 18
18. Копенгаген қор биржасы (Nasdaq Copenhagen)
Тармақ 19
19. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін Біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.)
Тармақ 20
20. Лиссабондағы «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon)
Тармақ 21
21. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange)
Тармақ 22
22. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg)
Тармақ 23
23. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia)
Тармақ 24
24. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange)
Тармақ 25
25. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV)
Тармақ 26
26. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal)
Тармақ 27
27. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG)
Тармақ 28
28. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange)
Тармақ 29
29. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange)
Тармақ 30
30. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange)
Тармақ 31
31. Осло қор биржасы (Oslo bourse)
Тармақ 32
32. Париждегі «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Paris)
Тармақ 33
33. Ресей Федерациясының қор биржасы (Мәскеу биржасы ЖАО)
Тармақ 34
34. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange)
Тармақ 35
35. Стамбул қор биржасы (Borsa İstanbul A.Ş.)
Тармақ 36
36. Стокгольм қор биржасы (Nasdaq Stockholm)
Тармақ 37
37. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange)
Тармақ 38
38. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange)
Тармақ 39
39. Үндістан қор биржасы (Delhi Stock Exchange)
Тармақ 40
40. Үндістан Ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited)
Тармақ 41
41. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange)
Тармақ 42
42. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange)
Тармақ 43
43. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange)
Тармақ 44
44. Швейцария қор биржасы (SIX Swiss Exchange)
Тармақ 45
45. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange)
Басқа 3. Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20__ жылғы «____» _______ № __ қаулысына қосымша Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары базалық активтерінің тізбесін және оларды сатып алу тәртібін, қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік қызметті жүзеге асыра алатын өлшемшарттарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың базалық активтерін сатып алу тізбесі және тәртібі туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 2 қарашадағы № 228 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5889 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың базалық активтерін сатып алу тізбесі және тәртібі туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 193 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7778 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы екінші деңгейдегі банктер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 69 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8412 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы екінші деңгейдегі банктер қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9264 болып тіркелген) бекітілген Толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының туынды қаржы құралдарымен мәмілелердің тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 78 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11149 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 192 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14294 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14997 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 72 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15221 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16643 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19369 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.
Тармақ 12
12. «Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары базалық активтерінің тізбесін және оларды сатып алу тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22132 болып тіркелген).
Тармақ 13
13. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 40 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34873 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.