Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в профилактике правонарушений в Мангистауской области Қолданыста
Басқа 0
Маңғыстау облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшері айқындалсын.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі №134 «Маңғыстау облысының аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» (Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 шілдеде № 3947 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Маңғыстау облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерi
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2026 жылғы «___»__________
№____ қаулысына
қосымша
Маңғыстау облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерi
Тарау 7. 1. Көтермелеудің түрлері
1. Көтермелеудің түрлері
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен наградтау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйақы төлеу;
Тармақша 4
4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
Тармақша 5
5) ұйымға, кәсіпорынға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;
Тармақша 6
6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де түрлері.
Тарау 2. 2. Көтермелеудің тәртібі
2. Көтермелеудің тәртібі
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен облыс аудандарының әкімдіктерінде құрылған құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия отырыстарында қаралады.
Тармақ 3
3. Комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарда қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да көтермелеуге құқылы, егер олар құқық бұзушылықтың алдын алуға, жолын кесуге немесе ашуға ықпал еткен болса.
Тармақ 4
4. Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Маңғыстау облысының полиция департаменті бастығының бұйрығы құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау үшін комиссия шешімі негізінде Маңғыстау облысының полиция департаментінің бастығы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тиісті ұсыну жолдайды.
Тарау 3. 3. Ақшалай сыйақы мөлшері
3. Ақшалай сыйақы мөлшері
Тармақ 6
6. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу үшін ақшалай сыйақы мөлшерін комиссия белгілейді және айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайды.
Тармақ 7
7. Ақшалай сыйақыны төлеуді Маңғыстау облысының полиция департаменті облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
Тармақ 8
8. Көтермелеулерді төлеуге арналған қаражат Маңғыстау облысының полиция департаментінің шығыстар құрамында көзделеді.