Об утверждении правил деятельности организаций по охране и использованию объектов историко-культурного наследия Қолданыста
Басқа 0
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар қызметінің қағидалары бекіту туралы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы ұйымдардың қызметі қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану
жөніндегі ұйымдар қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2026 жылғы
№ бұйрығымен бекітілген
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану
жөніндегі ұйымдар қызметінің қағидалары
Тарау 1. 1. Тарау. Жалпы ережелер
1. Тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 10-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар қызмет тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 2
2) монументтік өнер құрылыстары – аса көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументтік өнер туындылары (ескерткіштер, стелалар, бюсттер);
Тармақша 3
3) тарих және мәдениет ескерткіштері – Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосылған тарихи-мәдени мұра объектілері
Тармақша 4
4) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тармақ 3
3. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар (бұдан әрі – ұйым) жергілікті атқарушы органның шешімімен коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
Тарау 2. 2 Тарау. Ұйымның негізгі міндеттері
2 Тарау. Ұйымның негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Ұйымның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ғылыми-зерттеу, есепке алу және мониторинг жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 3
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 4
4) тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша арнайы комиссия құру;
Тармақша 5
5) монументалды өнердің жаңа құрылыстарын орнату үшін құжаттарды дайындау жөніндегі жұмысты жүргізу.
Тармақ 5
5. Археология ескерткіштерінде тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жоспарға сәйкес археологиялық және қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізеді.
Тарау 3. 3 Тарау. Ұйым қызметінің тәртібі
3 Тарау. Ұйым қызметінің тәртібі
Тармақ 6
6. Ұйымның негізгі қызметі мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) тарихи-мәдени мұра объектілері бойынша есептік және ғылыми құжаттаманы жүргізу (есептік карточка, паспорттар, қорғау аймағына қатысты құжаттар);
Тармақша 2
2) атқарушы орган бекіткен жоспарға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерінің техникалық жай-күйін жылына кемінде бір рет қарап-тексеру;
Тармақша 3
3) объектілерді жергілікті және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімдеріне енгізу бойынша ұсыныстар дайындау;
Тармақша 4
4) қорғау аймақтарын және аумақтарды пайдалану режимдерін әзірлеуге, қорғау, реставрациялау, консервациялау жұмыстарын жүргізуге қатысу, сондай-ақ қорғау міндеттемелерін жасасу;
Тармақша 5
5) көрмелер, дәрістер, экскурсиялар және өзге де мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) ғылыми, білім беру және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу.