О реализации пилотного проекта по оказанию государственной услуги «Согласование удельных норм водопотребления и водоотведения» посредством Системы раннего прогнозирования водопотребления Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Су тұтынуды ерте болжау жүйесі арқылы «Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызметін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 22-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Су тұтынуды ерте болжау жүйесі арқылы «Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асырылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған пилоттық жобаны іске асыру алгоритмін бекітілсін.
Тармақ 3
3. Көрсетілген алгоритм Су тұтынуды ерте болжау жүйесі мен мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілері арасындағы техникалық және ұйымдастырушылық интеграцияның негізі болып табылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Цифрландыру департаменті (бұдан әрі – Департамент), «Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «СР АТО» КеАҚ):
Тармақша 1
1) жеке деректерді өңдеу кезінде «Smart Bridge» арқылы өтінім беру жолымен дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі (бұдан әрі – ДҚБ сервисі) қосылуды;
Тармақша 2
2) пилоттық жоба аясында «Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес ДҚБ сервисі арқылы алуды;
Тармақша 3
3) барлық қажетті тарихи деректерді тіркеуді және сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік электрондық келісімдер мен хабарламалар тізілімін тарихи деректермен толықтыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «СР АТО» КеАҚ және Департамент Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының талаптарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті осы бұйрықтың және Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №216 «Су қорын пайдалану саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласындағы бекіту туралы» бұйрығының шеңберінде «Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуді қамтамасыз етсін (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21194 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. Департамент:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың басшыларының соңғысы осы бірлескен бұйрыққа қол қойған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды, сондай-ақ мұндай актілердің қабылданғаны туралы әділет органдарын хабардар етуді және осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) пилоттық жоба кезеңі аяқталған соң осы бірлескен бұйрықтың 5-тармағында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) пилоттық жоба аяқталғаннан кейін және Су тұтынуды ерте болжау жүйесі (СТЕБЖ) өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген соң «Су ресурстары ақпараттық – талдау орталығы» КеАҚ мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ арасындағы интеграциялық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 158-бабы 6-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация және Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрлеріне жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Басқа 0. Мемлекеттік көрсетілетін «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 203/НҚ мен Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 101-НҚ Бірлескен бұйрықпен бекітілді Мемлекеттік көрсетілетін «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу» қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) ақпараттандыру объектілері арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) көрсетеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың негізгі міндеті (бұдан әрі – пилоттық жоба) қызмет алушылардың электрондық өтінім беруі арқылы су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын келісу рәсімін автоматтандыру мен оңайлату болып табылады.
Тармақ 3
3. Аталмыш пилоттық жобаны іске асыру алгоритмінде (бұдан әрі – Алгоритм) мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Су тұтынуды ерте болжау жүйесі (бұдан әрі – СТЕБЖ) – ГАЖ, Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ), гидрологиялық, агрометеорологиялық дереккөздер деректерін және жасанды интеллект технологияларын интеграциялау негізінде суармалы егіншілікте су ресурстарын басқаруға арналған, су тұтынуды үздіксіз мониторингтеу, талдау және ерте болжауды қамтамасыз ететін кешенді цифрлық талдамалық-болжамдық платформа;
Тармақша 2
2) Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – ӘӨБТ) – әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларды жасаған тұлғалар, олар бойынша қабылданған шешімдер туралы енгізілетін мәліметтерді қамтитын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
Тармақша 3
3) «SDF» АЖ – «Smart Data Finance» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 4
4) КДБЖ – «Дербес деректерге қолжетімділікті бақылау» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 5
5) e-license – «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі;
Тармақша 6
6) Екінші деңгейлі банк (ЕДБ);
Тармақша 7
7) Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (бұдан әрі – ЖМБМК);
Тармақша 8
8) Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры (ГДҚ ЖТ);
Тармақша 9
9) Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры (ГДҚ ЖТ);
Тармақша 10
10) Азаматтардың мобильді деректер базасы (АМДБ) – Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметінің» мобильді деректер базасы;
Тармақша 11
11) «1414» SMS-шлюзі;
Тармақша 12
12) Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СРҰАЖ);
Тармақша 13
13) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе;
Тармақша 14
14) Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (СМАЖ);
Тармақша 15
15) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – қызмет алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі;
Тармақша 16
16) өтініш – су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын келісу үшін қажетті ақпаратты қамтитын, қызмет алушы қалыптастырған электрондық құжат;
Тармақша 17
17) су бұру – ағынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және оларды су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне, ағынды су жинақтағыштарына немесе жер бедеріне ағызуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 18
18) су шаруашылығы ұйымдары – қызметі су ресурстарын реттеумен, жеткізумен, сумен жабдықтаумен, су бұрумен, су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстарды дамыту және пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар;
Тармақша 19
19) сумен жабдықтау – су ресурстарын алуды, сақтауды, дайындауды, беруді және бөлуді қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 20
20) су режимі – жер үсті және жер асты сулары деңгейлерінің, шығындарының және көлемдерінің уақыт бойынша табиғи немесе жасанды өзгеруі;
Тармақша 21
21) су тұтыну және су бұрудың үлестік нормасы – өндірілетін өнімнің бірлігіне (орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір көлеміне) шаққандағы тұтынылатын немесе бұрылатын ағынды судың белгіленген мөлшері;
Тармақша 22
22) цифрлық құжаттар сервисі – ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған, операторға бекітілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;
Тармақша 23
23) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – электрондық құжаттың дұрыстығын, оған тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;
Тармақша 24
24) ЭҮШ – «Электрондық үкімет» шлюзі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет СТЕБЖ арқылы көрсетіледі, ол мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудың толық циклін, оның ішінде қызмет алушылардың электрондық өтініштерді қабылдауын және беруін, оларды өңдеуді, қарауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Қызмет алушы ретінде төмендегілер бола алады:
Тармақша 1
1) жеке тұлға;
Тармақша 2
2) заңды тұлға.
Тармақ 5
5. Су пайдаланушы ретінде тіркелу үшін қызмет алушы СТЕБЖ-де онлайн тіркеу рәсімінен өтеді.
Тармақ 6
6. Су пайдаланушы ретінде онлайн тіркеу рәсімінен өту кезінде жеке тұлғалар мемлекеттік органдардың деректер базаларынан дербес деректерге қолжетімділікті бақылау жөніндегі мемлекеттік сервис арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді. Дербес деректерді жинау және өңдеу мынадай өрістер бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 2
2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
Тармақша 3
3) нақты мекенжайы;
Тармақша 4
4) байланыс деректері.
Тармақ 7
7. Су пайдаланушы ретінде онлайн тіркеу рәсімінен өту кезінде заңды тұлғалар тіркеу нысанында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
Тармақша 1
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 2
2) бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
Тармақша 3
3) заңды тұлғаның атауы;
Тармақша 4
4) заңды мекенжайы және нақты мекенжайы;
Тармақша 5
5) байланыс деректері.
Тармақ 8
8. СТЕБЖ өтініштің толтырылуының дұрыстығы мен толықтығын автоматты режимде тексереді. СТЕБЖ
Тармақ 9
9. СТЕБЖ мемлекеттік және ведомстволық ақпараттық жүйелерден, сондай-ақ меншікті анықтамалықтар мен тізілімдерден, оның ішінде су шаруашылығы арналары (магистральдық, шаруашылықаралық және шаруашылықішілік) бойынша атрибутивтік деректерді қоса алғанда, мәліметтерді автоматты түрде сұратады және пайдаланады: ӘӨБТ-дан – қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы нұсқамалардың бар-жоғы жөніндегі мәліметтерді алу үшін; «SDF» АЖ-нан – жеке кәсіпкерлерді сәйкестендіру үшін; КДБЖ-дан – дербес деректер субъектісінің мемлекеттік деректер базаларында дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін, сондай-ақ оларды рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғау мақсатында алу үшін; e-license жүйесінен – бұрын келісілген су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларының бар-жоғы туралы архивтік мәліметтерді алу үшін; ЕДБ-дан – суару суын беру қызметтері үшін ай сайынғы шоттарды ұсыну, төлемдерді қабылдау және өңдеу үшін; ЖМБМК-дан – су шаруашылығы және (немесе) гидротехникалық құрылыстарға, техникалық құрылғыларға меншік немесе пайдалану құқығының бар-жоғы туралы мәліметтерді алу үшін, оның ішінде:
Тармақша 1
1) құқық иеленушінің ЖСН/БСН;
Тармақша 2
2) құқық иеленушінің атауы;
Тармақша 3
3) құқық иеленушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
Тармақша 4
4) құқық түрі, меншік нысаны, үлесі;
Тармақша 5
5) құқықтың туындау негізі, тіркеу күні мен уақыты;
Тармақша 6
6) жер санаты;
Тармақша 7
7) нысаналы мақсаты;
Тармақша 8
8) жер учаскесінің алаңы;
Тармақша 9
9) жер учаскесінің координаттары (2026 жылдың IV тоқсанына дейін);
Тармақша 10
10) кадастрлық нөмірі;
Тармақша 11
11) РКА;
Тармақша 12
12) мекенжайы: облыс, аудан, елді мекен, мекенжай. Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін және Су тұтынуды ерте болжау жүйесі (СТЕБЖ) өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген соң «Су ресурстары ақпараттық – талдау орталығы» КеАҚ мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ арасындағы интеграциялық өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 158-бабы 6-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады. ЖТ МДҚ-дан – жеке тұлғаларды сәйкестендіру үшін; ЗТ МДҚ-дан – заңды тұлғаларды сәйкестендіру үшін; СМАЖ-дан – суға арналған субсидиялардың бар-жоғы немесе жоқтығы туралы мәліметтерді алу үшін; «1414» SMS-шлюзі арқылы – өтініштің мәртебесі туралы хабарлау үшін; СРҰАЖ-ға – «Арнайы су пайдалануға рұқсат» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын беру үшін.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызмет алушы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады, оған:
Тармақша 1
1) су шығынын есепке алу, тасымалдау желілеріндегі су жоғалтуларын, су тұтыну нүктелерін және су объектілерінен су алу көлемін қысқарту мүмкіндігін жыл сайын талдау жөніндегі деректердің электрондық көшірмесі;
Тармақша 2
2) су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын есептеу жөніндегі электрондық көшірме қоса беріледі.
Тармақша 3
3) Су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларының электрондық көшірмелері, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді тіркеу не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді қызмет көрсетуші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі өтініш берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 12
12. Қызмет алушы өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойғаннан кейін, СТЕБЖ оны өңдейді, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады және XML форматында ЭҮШ арқылы e-License ақпараттық жүйесіне НИКАД (e-License ақпараттық жүйесінде рұқсатқа немесе лицензияға берілетін бірегей сәйкестендіру нөмірі) беру және шығыс құжатын сақтау үшін жолдайды.
Тармақ 13
13. Қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасы өтінімді өңдейді және СТЕБЖ ақпараттық жүйесінің АЖО-да (ақпараттық жүйеде жұмыс істеуге арналған автоматтандырылған жұмыс орны) оған қол қояды.
Тармақ 14
14. НИКАД берудің нәтижелері бойынша e-License ақпараттық жүйесі СТЕБЖ-ге НИКАД туралы мәліметтерді жолдайды.
Тармақ 15
15. Су тұтыну және су бұрудың үлестік нормалары келісілгеннен кейін, олар туралы мәліметтер СТЕБЖ-де сақталады және су тұтыну саласындағы қызметтерді көрсетуге байланысты кейінгі процестерде пайдаланылады.
Тармақ 16
16. Бас тарту болған жағдайда, қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушінің алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдалым өткізілетін күнін, уақытын және орнын (тәсілін) көрсетіп, өтініш берушіні хабардар етеді.
Тармақ 17
17. Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тармақ 18
18. Қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесімен СТЕБЖ-нің «Су тұтыну» модулінде таныса алады.
Тармақ 19
19. Қызмет алушы бас тарту себептері жойылғаннан кейін қосымша күту мерзімін белгілемей қайтадан жүгінуге құқылы.
Тармақ 20
20. Ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушылар: СТЕБЖ, ЭҮШ, КДБЖ, ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ, «SDF» АЖ, ӘӨБТ, e-license, ЖМБМК, ЕДБ, СМАЖ, СРҰАЖ, «1414» SMS-шлюзі. СТЕБЖ су тұтыну деректерінің операторы функцияларын жүзеге асыратын, электрондық өтініштерді қабылдауды, қалыптастыруды және өңдеуді, келісімдер мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерінің тізілімдерін жүргізуді, сондай-ақ қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін ұсынуды қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық жүйе болып табылады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен СТЕБЖ арасындағы ақпаратты беру кезінде делдал болып ЭҮШ табылады.
Тармақ 20
20. СТЕБЖ функцияларына кіреді:
Тармақша 1
1) су тұтыну бойынша деректерді жинау, өңдеу және сақтау;
Тармақша 2
2) ақпараттың дұрыстығы мен тұтастығын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) қызмет көрсету мерзімдері мен мәртебесін бақылау;
Тармақша 4
4) су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын келісуді автоматтандырылған есепке алу, олардың орындалуын мониторингтеу;
Тармақша 5
5) су пайдаланушылардың, келісімдердің және уәжді бас тартулардың тізілімдерін жүргізу
Басқа 1
Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған пилоттық жобаны іске асыру алгоритміне қосымша: «Су пайдалану мен су алу нормаларын келісу Кімге: _______________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы) Кімнен: ______________________________________________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) Өтінішті (өтініш беруші/уәкілетті өкіл) береді _____________________________ Өтініш беруші: Өтініш иесінің мекенжайы______________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон) Өтініш иесінің деректемелері ___________________________________________ (жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды тұлғалар үшін - бизнес- сәйкестендiру нөмiрi) Уәкілетті өкіл: Өкілдің деректемелері __________________________________________________ (жеке тұлғалар үшін - жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды тұлғалар үшін - бизнес- сәйкестендiру нөмiрi) Сенімхаттың деректемелері ______________________________________________ (нөмірі, күні, кім берді) ӨТІНІШ Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісуді сұраймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Өтініш иесі ________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 20__жылғы " " _______