О создании специальной экономической зоны «Индустриальный торгово-логистический комплекс «Алатау» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағын құру туралы «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2051 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Алатау» ИСЛК» АЭА) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) «Алатау» ИСЛК» АЭА туралы ереже;
Тармақша 2
2) «Алатау» ИСЛК» АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысымен бекітілген «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) осы Ережеге қосымшаға сәйкес Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан. АЭА аумағы 165 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 2
2. АЭА мынадай мақсаттарда құрылады:
Тармақша 1
1) өңір экономикасының салаларында өнімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті заманауи өндірістерді жедел дамыту, инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;
Тармақша 2
2) химия, мұнай-химия, металлургия, бейметалл минералдық өнімдер, металл өңдеу өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары, сондай-ақ қосылған құны жоғары өзге өнімдер өндірісін қоса алғанда, өңдеу өнеркәсібі салаларын дамыту;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді, тамақ өнімдерін өңдеуді, диқаншылық жүктерін сақтауды, буып-түюді және олардың логистикасын қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;
Тармақша 4
4) қоймалық, кедендік, көліктік және мультимодальдық логистиканы, жүктерді сақтауды және шоғырландыруды, сондай-ақ трансшекаралық сауданы дамытуды қоса алғанда, заманауи сауда-логистикалық және тарату орталықтарын қалыптастыру;
Тармақша 5
5) жабдықтар, жинақтаушы бұйымдар, тораптар мен агрегаттар өндірісін, сондай-ақ өнеркәсіптік құрастыру өндірістерін локализациялауды қоса алғанда, машина жасауды дамыту;
Тармақша 6
6) электр жабдықтары, электрондық компоненттер, аспаптар, автоматтандыру жүйелері және цифрлық шешімдер өндірісін қоса алғанда, электротехникалық және электрондық өнеркәсіп салаларын дамыту;
Тармақша 7
7) АЭА-ның тұрақты жұмыс істеуін және инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ететін индустриялық, сауда және сервистік инфрақұрылымды қалыптастыру.
Тармақ 3
3. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 4
4. АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.
Тарау 2
2-тарау. «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағын басқару
Тармақ 5
5. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3
3-тарау. «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағының аумағында салық салу
Тармақ 6
6. АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес реттеледі.
Тарау 4
4-тарау. Кедендік реттеу
Тармақ 7
7. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.
Тармақ 8
8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Тарау 5
5-тарау. «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағының аумағында шетелдік азаматтардың болу тәртібі
Тармақ 9
9. АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіру, шығу, транзит және болу тәртібі қолданылады.
Тарау 6
6-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Осы Ережеде белгіленген талапшарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 11
11. АЭА Заңда көзделген негіздер бойынша таратылады.
Тармақ 12
12. АЭА оны құру мерзімінің аяқталуына байланысты таратылған кезде Жамбыл облысының әкімдігі:
Тармақша 1
1) көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның таратылатыны, оны таратуға байланысты өтініштер мен талаптарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;
Тармақша 2
2) қызметін АЭА аумағында жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағында орналасқан тауарларды өзге кедендік рәсімге қайта ресімдеу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есеп тапсырады.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен АЭА мерзімінен бұрын таратылған жағдайда осы Ереженің 12-тармағында көзделген рәсімдер сақталып, тарату рәсімі алты айдан кешіктірмей аяқталуға тиіс.
Тармақ 14
14. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. ___________________________
Басқа 1. «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағының шекараларының жоспары
«Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағының шекараларының жоспары Р/с № Аймақтардың атауы: Аумағы, гектар 1. Өнеркәсіптік, индустриялық аймақ 100 2. Сауда-логистикалық аймақ 65 Жиыны: 165 _____________________________
Басқа 2. «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысымен бекітілген «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары Р/с № Мақ­сат­тар, мін­дет­тер және көр­сет­кіш­тер Өл­шем бір­лі­гі* 2026 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу 2031 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу 2036 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу 2041 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу 2046 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу 2051 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1 Ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы кө­ле­мі, оның ішін­де: млрд тең­ге 30 140 300 380 460 550 1.1. ше­тел­дік ин­ве­сти­ция кө­ле­мі млрд тең­ге 15 80 180 220 260 300 1.2. отан­дық ин­ве­сти­ция кө­ле­мі млрд тең­ге 15 60 120 160 200 250 2 АЭА ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі млрд тең­ге 80 280 600 750 900 1 050 3 Қа­ты­су­шы (ком­па­ния) са­ны бір­лік 15 60 150 190 230 260 4 Қо­сал­қы қыз­мет түр­ле­рін адам 80 200 400 500 600 700 1 2 3 4 5 6 7 8 9 жү­зе­ге асы­ра­тын тұ­лға­лар­дың са­ны 5 АЭА ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны адам 800 2 800 7 000 8 500 10 000 11 500 6 АЭА ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі қа­зақ­стан­дық қам­ту үле­сі % 60 68 80 81 83 85 * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген. ____________________