Об утверждении Правил осуществления инвестиционной деятельности банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының құрылымдық элементтері күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 20 сәуірдегі
№ 72 қаулысымен
бекітілген
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 23-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының) инвестициялық қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидалар мыналарды:
Тармақша 1
1) банк сатып алатын немесе құратын ұйымдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің көрсетілген ұйымдарға қатысуының шекті мөлшерін;
Тармақша 2
2) акциялар мен Банктер туралы заңның 23-бабы 2-тармағының 23) тармақшасында көзделген заңды тұлғаларға қатысу үлестерін сатып алуға қойылатын қосымша талаптарды;
Тармақша 3
3) банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы сатып алатын борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
Тармақша 4
4) борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы сатып алуға құқылы халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін;
Тармақша 5
5) банктің:
меншікті борыштық эмиссиялық бағалы қағаздармен;
міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген банктің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен;
міндеттемелеріне банк кепілдік берген банк холдингінің облигацияларымен мәмілелер жасау тәртібін;
Тармақша 6
6) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында:
бағалы қағаздардың қайталама нарығында мәмілелер жасау кезінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды;
туынды қаржы құралдарын;
туынды бағалы қағаздарды сатып алу жағдайлары мен тәртібін қамтиды.
Тарау 2. 2-тарау. Банк сатып алатын және құратын ұйымдарға қойылатын алаптар және оларға банктің қатысуының шекті мөлшерлері, сондай-ақ акциялар мен заңды тұлғаларға қатысу үлестерін сатып алуға қойылатын талаптар
2-тарау. Банк сатып алатын және құратын ұйымдарға қойылатын алаптар және оларға банктің қатысуының шекті мөлшерлері, сондай-ақ акциялар мен заңды тұлғаларға қатысу үлестерін сатып алуға қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. Базалық банк лицензиясы бар банк, әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі Банктер туралы заңның 23-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардың акцияларын, қатысу үлестерін, пайларын не оларға үлестік қатысудың басқа да нысандарын мынадай шарттар сақталған кезде сатып алады:
Тармақша 1
1) ұйымның төлем қабілетсіздігі белгілері жоқ (міндеттемелердің активтер құнынан асып кетуі, міндеттемелерді уақтылы орындау үшін өтімді активтердің жеткіліксіздігі, банктің ішкі құжаттарында айқындалған төлем қабілетсіздігінің өзге де факторлары);
Тармақша 2
2) ұйым және оның ірі қатысушылары (ірі акционерлері) «Банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы өзге де лицензияланатын қызмет түрлері, акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 15 қаулысында көрсетілген оффшорлық аймақтарда тіркелмеген.
Тармақ 4
4. Базалық банк лицензиясы бар банк Банктер туралы заңның 23-бабы 2-тармағының 23) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын олар мынадай талаптардың біріне сәйкес келген кезде дауыс беретін акцияларының 10 (он) пайызынан кем мөлшерде сатып алады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген.
Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі Банктер туралы заңның 23-бабы 2-тармағының 23) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын олар мынадай талаптардың біріне сәйкес келген кезде дауыс беретін акцияларының 10 (он) пайызынан кем мөлшерінде сатып алады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының акциялары Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыста;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген.
Базалық банк лицензиясы бар банк, әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі Банктер туралы заңның 23-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 23) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін Банктер туралы заңның 23-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде сатып алады.
Тармақ 5
5. Базалық банк лицензиясы бар банк, әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі Банктер туралы заңның 23-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін ұйымның дауыс беретін акцияларының немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 10 (он) және одан көп пайызы мөлшерінде сатып алады.
Базалық банк лицензиясы бар банктің, әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің Банктер туралы заңның 23-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардың акцияларын, оларға қатысу үлестерін, пайларын не оларға үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алуы осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, бір ұйымға банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызынан аспайды.
Осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, Банктер туралы заңның 23-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдардың акциялары, жарғылық капиталына қатысу үлестері, пайлары не оларға үлестік қатысудың басқа да нысандары құнының жиынтық мөлшері банктің меншікті капиталы мөлшерінің 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерді құрайды.
Банктер туралы заңның 23-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 12), 13), 14), 15), 16) және 24) тармақшаларда көрсетілген ұйымдардың акциялары, қатысу үлестері, пайлары не оларға үлестік қатысудың басқа да нысандары құнының мөлшері бір ұйымға банктің меншікті капиталы мөлшерінің 5 (бес) пайызынан аспайтын мөлшерді құрайды.
Банктер туралы заңның 23-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 12), 13), 14), 15), 16) және 24) тармақшаларда көрсетілген ұйымдардың акциялары, жарғылық капиталына қатысу үлестері, пайлары не оларға үлестік қатысудың басқа да нысандары құнының жиынтық мөлшері банктің меншікті капиталы мөлшерінің 15 (он бес) пайызынан аспайтын мөлшерді құрайды.
Банктің осы тармақта белгіленген ұйымдарға қатысуының шекті мөлшеріне қатысты талаптар мынадай:
банктің Қазақстан Республикасының басқа бейрезидент банкке қатысты банк холдингі мәртебесін иелену;
банктер қайта ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылу нысанында өткізген кезде банктің басқа банктің акцияларын сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
Тармақ 6
6. Қағидалардың 3-тармағы 3) және 4) тармақшаларының және 6-тармағының ережелері банк Банктер туралы заңның 23-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымдарды құрған жағдайларға қолданылады.
Тарау 3. 3-тарау. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы сатып алатын борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарға қойылатын талаптар, сондай-ақ банктің борыштық эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасау тәртібі
3-тарау. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы сатып алатын борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарға қойылатын талаптар, сондай-ақ банктің борыштық эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасау тәртібі
Тармақ 7
7. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Банктер туралы заңның 23-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды меншігіне сатып алады:
Тармақша 1
1) эмитенттер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады;
Тармақша 2
2) эмитенттің борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етіледі;
Тармақша 3
3) борыштық эмиссиялық бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары эмитенттер болып табылады;
Тармақша 4
4) эмитент Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымы болып табылады;
Тармақша 5
5) эмитенттер шет мемлекеттердің орталық үкіметтері, шет мемлекеттердің Standard & Poor’s (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингі не Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «Ваа3» төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингі бар орталық банктері болып табылады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының резидент эмитенті шығарған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген («борыштық бағалы қағаздар үшін буфер» санатындағы борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының резидент эмитенті шығарған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздардың Standard & Poor’s (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша «В»-ден төмен емес рейтингі не Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша «В2»-ден төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша «В»-ден төмен емес рейтингі бар.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін акцияларының (жарғылық капиталдарға қатысу үлестерінің) 50 (елу) пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне не ұлттық инвестициялық холдингке тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар шығарған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының егеменді рейтингі бар борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде танылады;
Тармақша 8
8) эмитент Standard & Poor’s (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша «В»-ден төмен емес рейтингі не Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша «В2»-ден төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша «В»-ден төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылады.
Базалық банк лицензиясы бар банк өз меншігіне осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетін борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алады.
Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін исламдық бағалы қағаздарды сатып алады.
Тармақ 8
8. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алады:
Азия Даму Банкі (Asian Development Bank);
Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (Asian Infrastructure Investment Bank);
Америкааралық даму банкі (Inter-American Development Bank);
Африкалық Даму Банкі (African Development Bank);
Еуразиялық Даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропалық инвестициялық банк (European Investment Bank);
Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (Council of Europe Development Bank);
Еуропалық қайта құру және даму банкі (European Bank for Reconstruction and Development);
Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясы (Islamic corporation for the Development of the Private Sector);
Исламдық Даму Банкі (Islamic Development Bank);
Скандинавиялық инвестициялық банк (Nordic Investment Bank);
Халықаралық валюта қоры (International Monetary Fund);
Халықаралық қаржы корпорациясы (International Finance Corporation);
Халықаралық қайта құру және даму банкі (International Bank for Reconstruction and Development);
Қара теңіз даму және қайта құру банкі (Black Sea Trade and Development Bank).
Тармақ 9
9. Базалық банк лицензиясы бар банк, әмбебап банк лицензиясы бар банк Банктер туралы заңның 23-бабы 6-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген борыштық эмиссиялық бағалы қағаздармен мынадай талаптар сақталған кезде мәмілелер жасайды:
Тармақша 1
1) мәміле жасау туралы шешімді банктің директорлар кеңесі қабылдайды.
Көрсетілген шешімде сатып алынатын бағалы қағаздардың бағасы мен көлемі айқындалады. Шешімге көрсетілген бағалы қағаздарды (оның ішінде өтімділікті жоғалту тәуекелін және пайыздық тәуекелді) сатып алуға байланысты тәуекелдерді бағалай отырып, тәуекелдерді басқару жөніндегі банк бөлімшесінің қорытындысы, сондай-ақ банктің директорлар кеңесі бекіткен, осындай мәмілелерге қолданылатын ішкі саясат пен рәсімдер талаптарының банктің сақталуын растай отырып қоса беріледі;
Тармақша 2
2) мәмілелер көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алу күніне қалыптасқан әділ нарықтық баға бойынша жасалады;
Тармақша 3
3) банк сатып алған бағалы қағаздар туралы ақпарат қағаз жеткізгіште және банктің ішкі құжаттарында белгіленген электрондық нысанда жасалады, оған банктің бірінші басшысы немесе көрсетілген ақпаратқа қол қоюға уәкілетті тұлға, сондай-ақ банктің бас бухгалтері қол қояды және осы ақпарат жасалған күннен бастап 5 (бес) жыл бойы сақталады.
Тарау 4. 4-тарау. Бағалы қағаздардың, туынды қаржы құралдарының, туынды бағалы қағаздардың қайталама нарығында мәмілелер жасау кезінде ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар сатып алу тәртібіне қойылатын талаптар
4-тарау. Бағалы қағаздардың, туынды қаржы құралдарының, туынды бағалы қағаздардың қайталама нарығында мәмілелер жасау кезінде ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар сатып алу тәртібіне қойылатын талаптар
Тармақ 10
10. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында қайталама нарықта мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер мынадай жағдайларда жасайды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар бағалы қағаздармен мәмілелер жасау;
Тармақша 3
3) шет мемлекеттердің Standard & Poor’s (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тан төмен емес тәуелсіз рейтингі не Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «Ваа3» төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасау;
Тармақша 4
4) Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымының борыштық бағалы қағаздарымен мәмілелер жасау;
Тармақша 5
5) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының резидент эмитенттері және Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттері шығарған және Халықаралық қор биржалар танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыстағы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздармен халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларымен халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында репо және «кері репо» операцияларын жүргізу;
Тармақша 7
7) өз облигацияларымен мәмілелер жасау;
Тармақша 8
8) Банктің «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 27-баптарына сәйкес өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуы;
Тармақша 9
9) қор биржасы делистингке ұшыраған бағалы қағаздарды өткізу;
Тармақша 10
10) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған бағалы қағаздарды және эмитенттің өзге де міндеттемелерін осы эмитенттің басқа бағалы қағаздарына айырбастау немесе айырбастау;
Тармақша 11
11) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру;
Тармақша 12
12) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыстағы Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының акцияларымен (қатысу үлестерімен) халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасау;
Тармақша 13
13) Банктер туралы заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес ұйымдардың акцияларын, қатысу үлестерін, пайларын және жарғылық капиталдарына үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алу, сондай-ақ Банктер туралы заңның 132-бабының 1-тармағына сәйкес жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйыммен мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелер жасау;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бағалы қағаздарды сатып алу жөнінде мәмілелер жасау;
Тармақша 15
15) бас банк пен ұлттық инвестициялық холдинг арасында еншілес банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын беру жөнінде мәмілелер жасау.
Базалық банк лицензиясы бар банк бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3), 7), 8), 9), 10), 11), 13), 14) және 15 тармақшаларда көзделген нарығында мәмілелерді жасайды.
Тармақ 11
11. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында базалық активі Банктер туралы заңның 23-бабына сәйкес сатып алуға рұқсат етілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздарымен, базалық активтері:
шетел валютасы және ұлттық валюта;
валюталық индекстер;
тазартылған бағалы металдар;
сыйақы мөлшерлемесі: купон, дисконт, кірістілік, пайыздық своптар бойынша мөлшерлеме, спред, пайыздық өзгеріс және құбылмалылық;
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Есептеу көрсеткіштерінің (индекстердің) тізбесінде көрсетілген есептеу көрсеткіштері (индекстер);
кредиттік тәуекел (credit risk);
көрсетілген тауарлық активтердің нақты жеткізілуін жүзеге асырусыз, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Тауарлық активтер тізбесінде көрсетілген тауарлық активтер, сондай-ақ осы тауарлық активтерге индекстер болып табылатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасайды.
Тармақ 12
12. Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралдарымен мәмілелер ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында мына талаптардың бірі сақталған жағдайда жасалады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент контрәріптесі Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-дан төмен емес рейтингі не Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «Ваа3» төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингі бар ұйым болып табылған;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының резидент контрәріптесі Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша «ВВ-»-дан төмен емес рейтингі не Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «Ва3» төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингі не жоғарыда көрсетілген рейтингтік агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша «kzBBB» төмен емес ретйингі бағалауы бар ұйым болып табылған;
Тармақша 3
3) Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтерс) ақпараттық талдау жүйелерінде сатып алуға және (немесе) сатуға баға белгілеулер бар болған немесе мұндай баға белгілеулер болмаған жағдайда Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-дан төмен емес рейтингі не Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «Ваа3» төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингі бар үш түрлі контрәріптестің кемінде үш баға белгілеуі болған;
Тармақша 4
4) туынды қаржы құралдарының базалық активіне Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа шығуға рұқсат етілген және (немесе) ол Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыста болған;
Тармақша 5
5) әмбебап банк лицензиясы бар банкке, ислам банкіне, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудит жүргізетін аудиторлық ұйым өзінің мыналар:
туынды қаржы құралын бағалау әдістемелері;
кредиттік шығындарды, пайыздық мөлшерлемелерді немесе дисконттау мөлшерлемелеріне қатысты жасалған олқылықтар туралы ақпаратты қоса алғанда, туынды қаржы құралының құнын айқындау кезінде қолданылған олқылықтар;
стресс-тестілеудің, сезімталдықты талдаудың нәтижелері туралы оң пікірін білдіруді көздейтін есепті ұсынған жағдайда.
Басқа 1. Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың тізімі
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша
Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың тізімі
Тармақ 1
1. Австралия қор биржасы (Australian Securities Exchange)
Тармақ 2
2. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG)
Тармақ 3
3. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ)
Тармақ 4
4. Амстердамдағы «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam)
Тармақ 5
5. «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange, AIX)
Тармақ 6
6. Афина қор биржасы (Athens Stock Exchange (ATHEX)
Тармақ 7
7. Бомбей қор биржасы (Bombay Stock Exchange Limited, BSE)
Тармақ 8
8. Бразилия қор биржасы (B3 S.A. – Brasil, Bolsa, Balcão)
Тармақ 9
9. Брюссельдегі «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels)
Тармақ 10
10. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange)
Тармақ 11
11. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing)
Тармақ 12
12. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange)
Тармақ 13
13. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange)
Тармақ 14
14. Ирландия қор биржасы (Euronext Dublin)
Тармақ 15
15. Испания біріккен қор биржасы (Bolsas y Mercados Españoles (BME), Spain)
Тармақ 16
16. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA)
Тармақ 17
17. Йоханнесбург (Оңтүстік Африка) қор биржасы (JSE Johannesburg Stock Exchange, South Africa)
Тармақ 18
18. Копенгаген қор биржасы (Nasdaq Copenhagen)
Тармақ 19
19. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін Біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.)
Тармақ 20
20. Лиссабондағы «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon)
Тармақ 21
21. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange)
Тармақ 22
22. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg)
Тармақ 23
23. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia)
Тармақ 24
24. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange)
Тармақ 25
25. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV)
Тармақ 26
26. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal)
Тармақ 27
27. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG)
Тармақ 28
28. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange)
Тармақ 29
29. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange)
Тармақ 30
30. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange)
Тармақ 31
31. Осло қор биржасы (Oslo bourse)
Тармақ 32
32. Париждегі «Еуронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Paris)
Тармақ 33
33. Ресей Федерациясының қор биржасы (Мәскеу биржасы ЖАО)
Тармақ 34
34. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange)
Тармақ 35
35. Стамбул қор биржасы (Borsa İstanbul A.Ş.)
Тармақ 36
36. Стокгольм қор биржасы (Nasdaq Stockholm)
Тармақ 37
37. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange)
Тармақ 38
38. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange)
Тармақ 39
39. Үндістан қор биржасы (Delhi Stock Exchange)
Тармақ 40
40. Үндістан Ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited)
Тармақ 41
41. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange)
Тармақ 42
42. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange)
Тармақ 43
43. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange)
Тармақ 44
44. Швейцария қор биржасы (SIX Swiss Exchange)
Тармақ 45
45. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange)
Басқа 2. Есептеу көрсеткіштерінің (индекстердің) тізбесі
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
Есептеу көрсеткіштерінің (индекстердің) тізбесі
1. САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index)
2. DAX (Deutscher Aktienindex)
3. DJIA (Dow Jones Industrial Average)
4. EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Price Index)
5. FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index)
6. HSI (Hang Seng Index)
7. KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index)
8. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index);
9. MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index)
10. NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index)
11. RTSI (Russian Trade System Index)
12. S&P 500 (Standard and Poor’s 500 Index)
13. TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index)
14. NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index)
Басқа 3. Тауарлық активтер тізбесі
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша
Тауарлық активтер тізбесі
Тармақ 1
1. Мұнай және мұнай өнімдері
Тармақ 2
2. Табиғи газ және газ конденсаты
Тармақ 3
3. Түсті металдар
Тармақ 4
4. Қара металдар
Тармақ 5
5. Астық және астық өнімдері
Тармақ 6
6. Көмір және кокс
Тармақ 7
7. Қант
Тармақ 8
8. Мақта
Тармақ 9
9. Электр энергиясы
Басқа 127. Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
агенттігі Басқармасының
2026 жылғы «___» _________
№ ___ қаулысына
қосымша
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 62 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7507 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 69 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8412 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 2-тармағы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 265 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14733 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 5-тармағы.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14997 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 6-тармағы.
Тармақ 5
5. «Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16149 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 195 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17551 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының қаржы нарығының мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 1-тармағы.
Тармақ 7
7. «Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 102 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18988 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. «Банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 тамыздағы № 131 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19260 болып тіркелген).
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 113 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21676 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4 және 7-тармақтары.