Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление по защите прав детей Атырауской области» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Атырау облысы Балалар құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Атырау облысы Балалар құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Атырау облысы Балалар құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетешілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Атырау облысы Балалар құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 57 қаулысына қосымша Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 57 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Балалар құқықтарын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Атырау облысы Балалар құқықтарын қорғау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үйлестірудің тиімді жүйесін құру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.
Тармақ 9
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмаған адамдарға қатысты мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциясын іске асыру;
Тармақша 2
2) бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу;
Тармақша 4
4) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзушылықтар болған жағдайда олардың құқықтарын қалпына келтіру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға; тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға; қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау; Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау; Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) балалар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) балалар құқықтарын қорғау саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ балалар өмір сапасын қамтамасыз ететін құқықтық және әлеуметтік кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) балалар құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуын алдын алу және ерте анықтау бойынша үйлестіру, балалар құқықтарын қорғау шараларын қабылдау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті айқындаған тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау салаларында балалар мүддесіне қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) балалар құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың орындалуын бақылау, олардың құқықтарының бұзылуын алдын алу және ерте анықтау, балалар құқықтарын қорғау бойынша қабылданатын шараларға мониторинг жүргізу.
Тармақша 6
6) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, қудалауға (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтауға қатысу;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде уәкілетті органдар мен ұйымдарды, оның ішінде отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, отбасылар мен балаларға көмек ұйымдастыру және жеке профилактикалық шараларды қолдану: отбасыға қолдау көрсету орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарының сүйемелдеуінде жүрген балаларға; кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарында қаралған; балалар құқықтарын қорғау қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда бұрын тұрған, олардың құқықтары бұзылған (оның ішінде қатыгез қарым-қатынас салдарынан) балаларға; ерте анықтау және қолдау көрсету бойынша мобильді топтар арқылы анықталған, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері тіркелген қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларға (отбасыларға); ата-аналары немесе заңды өкілдері өздерінің баланы тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қамтамасыз ету жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың тәрбиесіне теріс әсер ететін жеткіншектерге;
Тармақша 8
8) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген балалардың жағдайын тұрақты түрде барып көру және бағалау, кемінде алты айда бір рет;
Тармақша 9
9) кәмелетке толмағандар балалар орналасқан мемлекеттік органдарға және білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйесі ұйымдарына кедергісіз бару;
Тармақша 10
10) балалар құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алу мен ерте анықтау мәселелері, сондай-ақ балалар құқықтарын қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан ақпарат сұрау;
Тармақша 11
11) өз құзыреті шегінде мобильді топтардың жұмысына қатысу;
Тармақша 12
12) балалар құқықтарын қорғау, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету мәселелері бойынша түрлі мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың қызметін үйлестіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) балалар құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 14
14) балалар құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, сондай-ақ осы салада мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
Тармақша 15
15) облыс, аудан/қала кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларының отырыстарына қатысу;
Тармақша 16
16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларында, ұсыныстарында, пікірлері мен хабарламаларында көтерілген жүйелі мәселелерді талдау, мониторинг жүргізу және анықтау.
Тармақша 17
17) Психологиялық қолдау орталығының қызметін үйлестіру;
Тармақша 18
18) Психологиялық қолдау орталығының қызметін әдістемелік сүйемелдеу, психологиялық көмек көрсетудің біртекті тәсілдерін әзірлеу және енгізу;
Тармақша 19
19) Психологиялық қолдау орталығы қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және талдау;
Тармақша 20
20) Психологиялық қолдау орталығының білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен және құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылын үйлестіру;
Тармақша 21
21) қиын өмірлік жағдайға тап болған және зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға психологиялық көмек көрсету шараларын үйлестіру;
Тармақша 22
22) Психологиялық қолдау орталығы қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 23
23) суицидтік көңіл-күй, буллинг немесе зорлық-зомбылық нәтижелері бойынша анықталған, сондай-ақ өз бетінше көмек сұрап жүгінген барлық балаларды мектептердің психологиялық қызметтерімен сүйемелдеуді бақылау;
Тармақша 24
24) өз құзыреті шегінде уәкілетті органдар мен ұйымдарды тарту арқылы көмек ұйымдастыру және жеке профилактикалық шараларды қолдану, оның ішінде отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, отбасылар мен балалар үшін: орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың, оның ішінде кәмелетке толмағандарға арналған ұйымдардың педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтарының бақылауындағы тәуекел тобындағы балалар.
Тармақша 25
25) қылмыстық процесс барысында құқықтық қолдаумен қамтамасыз ету;
Тармақша 26
26) балаларды – зорлық-зомбылық құрбандары мен куәгерлерін – қылмыстық іс жүргізудің барлық кезеңінде құқықтарын қорғауға қолдау көрсету;
Тармақша 27
27) балалар құқықтарының қылмыстық салада бұзылу фактілерін ерте кезеңде анықтау және оларға жедел әрекет ету жүйесін ұйымдастыру;
Тармақша 28
28) балалар құқықтарының қылмыстық процесс барысында бұзылу жағдайларын тіркеу және талдау жүргізу арқылы алдын алу шараларын әзірлеу;
Тармақша 29
29) жеке тұлғаларға қарсы жасалған, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процесс шеңберінде балаға көмек көрсету және қолдау көрсету үшін жеке жоспар құру;
Тармақша 30
30) кәмелетке толмағандарға, зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қорлауға (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылық куәгері болған балаларға көмек көрсету қызметін үйлестіру;
Тармақша 31
31) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қорлауға (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ девиантты мінез-құлықтары бар балаларға арналған арнайы мектептер мен түзету мекемелерінен оралған кәмелетке толмағандарға жеке қолдау көрсету;
Тармақша 32
32) зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандардың арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес талдау жүргізу және ұсыныстарды білім беру саласындағы уәкілетті органға жолдау;
Тармақша 33
33) балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен буллингке қарсы ұлттық ақпараттық науқан жүргізу;
Тармақша 34
34) қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 35
35) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алу, патронатқа беру, қабылдау отбасына, кәсіби қабылдау отбасына орналастыру; 3б) алалар жағдайын бағалау және қажетті көмек көрсету мақсатында қорғаншылық (қамқоршылық), патронатық тәрбиедегі, қабылдау отбасына, кәсіби қабылдау отбасыларына орналасқан балаларды кемінде алты айда бір рет тұрақты түрде аралау және олардың жағдайын мониторингтеу;
Тармақша 37
37) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 38
38) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдағысы келетін тұлғалар туралы республикалық деректер қорын қалыптастыру;
Тармақша 39
39) отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 40
40) балалар жағдайын бағалау және қажетті көмек көрсету мақсатында қамқорлық (қамқоршылық), патронат, қабылдаушы және кәсіби қабылдаушы отбасыларда тұрған балаларға тұрақты түрде бару арқылы олардың ахуалын бақылау және бағалау, кемінде әр алты айда бір рет жүргізіледі.
Тармақша 41
41) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 7
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 9
9) Заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Басқарманың мүлкі
4. Басқарманың мүлкі
Тармақ 18
18. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 19
19. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 20
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.