О ратификации Договора между Республикой Казахстан и Республикой Перу о взаимной правовой помощи по уголовным делам Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы
2024 жылғы 23 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Шарттың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Шартының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Шарттарын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ПЕРУ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ӨЗАРА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ТУРАЛЫ ШАРТ
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы,
қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық пен өзара құқықтық көмек арқылы қылмыстылықты болғызбауда, тергеп-тексеруде, қылмыстық қудалауда және оның жолын кесуде екі Тараптың тиімділігін арттыруға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
Бап 1. 1-БАП
ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ
1-БАП
ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ
Тармақ 1
1. Тараптар осы Шарттың ережелеріне және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыстық істер бойынша бір-біріне кең ауқымды құқықтық көмек көрсетеді.
Тармақ 2
2. Өзара құқықтық көмек мынадай әрекеттерді:
Тармақша a
a) құжаттарды, шақыру қағаздарды және заттарды беруді;
Тармақша b
b) адамдар мен заттардың тұрған жерін анықтауды немесе оларды сәйкестендіруді;
Тармақша c
c) айғақтар мен мәлімдемелер алуды;
Тармақша d
d) келуді немесе тыңдауды қамтамасыз ету үшін күзетпен ұсталатын адамдарды және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан адамдарды уақытша беруді;
Тармақша e
e) тінтуді, алып қоюды және тәркілеуді жүзеге асыруды;
Тармақша f
f) мәжбүрлеу шараларын, оның ішінде банктік шоттарды идентификаттауды, оларды оқшаулауды, сондай-ақ қаржылық ақпарат беруді;
Тармақша g
g) заттар мен құжаттарға сараптама жасауды;
Тармақша h
h) ақпарат пен дәлелдемелер беруді;
Тармақша i
i) сұрау салуларды орындау кезінде Сұрау салушы Тарап адамдарының қатысуына рұқсат беруді;
Тармақша j
j) Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасымен көзделген көмектің кез келген басқа да нысандарын қамтиды.
Бап 2. 2-БАП
ОРТАЛЫҚ ОРГАНДАР
2-БАП
ОРТАЛЫҚ ОРГАНДАР
Тармақ 1
1. Осы Шарттың мақсаттары үшін Тараптар айқындаған орталық органдар бір-бірімен тікелей өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 2
2. Орталық органдар:
Қазақстан Республикасы үшін:
Тармақша a
a) Жоғарғы Сот - сот ісін жүргізу кезіндегі құқықтық көмек туралы Сұрау салу үшін;
Тармақша b
b) Бас прокуратура - құқықтық көмек туралы барлық басқа да Сұрау салу бойынша;
Перу Республикасы үшін - Мемлекеттік Прокурордың офисі болып табылады.
Тармақ 3
3. Орталық органдарға қатысты қандай да бір өзгерістер болған жағдайда, әрбір Тарап бұл туралы екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.
Бап 3. 3-БАП
ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ТУРАЛЫ СҰРАУ САЛУЛАРДЫҢ НЫСАНЫ МЕН МАЗМҰНЫ
3-БАП
ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ТУРАЛЫ СҰРАУ САЛУЛАРДЫҢ НЫСАНЫ МЕН МАЗМҰНЫ
Тармақ 1
1. Құқықтық көмек туралы сұрау салу жазбаша нысанда жасалады, оған тиісті түрде қол қойылады және Сұрау салушы Тараптың уәкілетті органының мөрімен расталады.
Тармақ 2
2. Сұрау салуда:
Тармақша a
a) сұрау салуды жасаған құзыретті органның атауы;
Тармақша b
b) Сұрау салудың мақсаты және Сұрау салынатын көмектің сипаттамасы;
Тармақша c
c) тергеп-тексерудің немесе сот талқылауының мәні болып табылатын фактілердің сипаттамасы және олардың құқықтық саралануы;
Тармақша d
d) ескіру мерзімдері туралы ережені қоса алғанда, ұлттық заңнаманың қолданылатын ережелерін көрсету;
Тармақша e
e) дәлелдемелердің, ақпараттың немесе өзге де іс-шаралардың сұратылу себептері;
Тармақша f
f) Сұрау салушы Тарапқа көмек көрсететін тұлғаға берілетін сомалар мен шығыстар туралы мәліметтер;
Тармақша g
g) сұрау салуды орындау кезінде мән-жайларға байланысты қатысуы қажет лауазымды адамдар туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Мүмкіндігіне қарай көмек туралы сұрау салуда:
Тармақша a
a) құжаттар табыс етілуі қажет адамның жеке басы және тұрған жері туралы ақпарат, оның процестік мәртебесі және табыс ету жүргізілуге тиіс тәсіл;
Тармақша b
b) айғақтар беруге немесе талқылауға көмек көрсетуге тиіс адамның жеке басы және тұрған жері туралы ақпарат;
Тармақша c
c) тұрған жері анықталуға тиіс адамның жеке басы, заттар немесе құжаттар туралы ақпарат;
Тармақша d
d) тінтілуге жататын орынның немесе адамның және алып қоюға немесе тәркіленуге жататын объектілердің барынша дәл сипаттамасы;
Тармақша e
e) кез келген айғақтар немесе мәлімдемелер алынуға және тіркелуге тиіс тәсілдің сипаттамасы;
Тармақша f
f) тыңдалатын адамға қойылуы қажет сұрақтардың тізбесі;
Тармақша g
g) Сұрау салуды орындау кезінде сақталуға тиіс нақты рәсімнің сипаттамасы;
Тармақша h
h) құпиялылықты қамтамасыз ету жөніндегі талаптар;
Тармақша i
i) Сұрау салушы Тарап сұрау салуды орындауды сұрайтын мерзім;
Тармақша j
j) Сұрау салуды орындауға септігін тигізу үшін Сұрау салынатын Тарапқа берілуі мүмкін кез келген басқа ақпаратта қамтылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Сұрау салынатын Тарап электрондық пошта арқылы немесе басқа да техникалық байланыс құралдарының көмегімен алынған Сұрау салуды орындауға қабылдауға құқылы. Сұрау салушы Тарап Сұрау салудың түпнұсқасын пошта арқылы немесе дипломатиялық арналар арқылы жіберуге тиіс.
Бап 4. 4-БАП
ТІЛ
4-БАП
ТІЛ
Тармақ 1
1. Сұрау салу мен қажетті құжаттар Сұрау салушы Тараптың тілінде жасалуға және Сұрау салынатын Тараптың тіліне немесе ағылшын тіліне аудармасы қоса берілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Сұрау салуларға жауаптар қосымшаларымен бірге Сұрау салынатын Тараптың тілінде жіберілуге және ағылшын тіліне аудармасы қоса берілуге тиіс. Сұрау салуды орындауға қатысты құжаттардың көлемі үлкен болған жағдайда, Тараптардың орталық органдары аудару үшін құжаттар тізімін айқындау мақсатында консультациялар жүргізуге құқылы.
Бап 5. 5-БАП
ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН НЕГІЗДЕР
5-БАП
ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН НЕГІЗДЕР
Сұрау салушы Tapaп сұрау салған әрекеттері, Сұрау салынатын Тарапта қылмыстық жазаланатын болып табылмаса да, егер бұл мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеп соқпаса ғана өзара құқықтық көмек көрсетілуге тиіс.
Бап 6. 6-БАП
ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕН БАС ТАРТУ
6-БАП
ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕН БАС ТАРТУ
Тармақ 1
1. Сұрау салынатын Tapaп, егер;
Тармақша a
a) осы Шартта көзделген құқықтық көмектің белгілі бір түрлерін орындау үшін талаптар сақталмаса;
Тармақша b
b) Сұрау салуды орындау Сұрау салынатын Тараптың егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе басқа да елеулі мүдделеріне қатер төндірсе немесе оның ұлттық заңнамасына қайшы келсе;
Тармақша c
c) Сұрау салу Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келетін мәжбүрлеу шараларына қатысты болса;
Тармақша d
d) көмек туралы сұрау салу адамға қатысты оның нәсіліне, жынысына, діни сеніміне, ұлтына, этникалық шығу тегіне немесе саяси сеніміне байланысты қылмыстық қудалау мақсатында жіберілген немесе осы адамның жағдайына осы себептердің кез келгені бойынша нұқсан келтірілуі мүмкін деп пайымдауға дәлелді негіздер болса;
Тармақша e
e) құқықтық көмек туралы Сұрау салу Сұрау салынатын Тарапта тергеп-тексеріліп жатқан қылмысқа қатысты болса және Сұрау салуды орындау осы Тарапта жүргізіліп жатқан тергеп-тексеруге нұқсан келтіруі мүмкін болса, Сұрау салынатын құқықтық көмек көрсетуден толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.
Тармақ 2
2. Құқықтық көмек беруден кез келген бас тарту негізделген болуға тиіс.
Бап 7. 7-БАП
ӨЗАРА КӨМЕК ТУРАЛЫ СҰРАУ САЛУЛАРДЫ ОРЫНДАУ
7-БАП
ӨЗАРА КӨМЕК ТУРАЛЫ СҰРАУ САЛУЛАРДЫ ОРЫНДАУ
Тармақ 1
1. Құқықтық көмек туралы Сұрау салулар Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес орындалады. Тиісті жағдайларда Сұрау салынатын Tapaп, егер бұл Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, Сұрау салушы Тарап ұсынған тәртіппен әрекет етуге құқылы.
Тармақ 2
2. Сұрау салынатын Тарап, егер мұндай орындау оның аумағында жүргізіліп жатқан ағымдағы қылмыстық талқылауға кедергі келтіретін болса, Сұрау салуды орындауды кейінге қалдыруға құқылы.
Тармақ 3
3. Сұрау салынатын Тарап құқықтық көмек көрсетуді кейінге қалдырудан бұрын Сұрау салушы Тараппен ықтимал консультациялардан кейін ол қажет деп есептейтін шарттармен Сұрау салуды толық немесе ішінара орындай алатыны-алмайтыны туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 4
4. Сұрау салуды орындауды кейінге қалдыру туралы шешімде оның себептері түсіндіріледі және Сұрау салынатын Тарап Сұрау салушы Тарапқа сұрау салуды орындауды кейінге қалдырудың себептері туралы хабарлайды.
Тармақ 5
5. Сұрау салынатын Тарап көмек туралы Сұрау салуды мүмкіндігінше қысқа мерзімде немесе, егер бұл мүмкін болса, Сұрау салушы Тарап оның себебін уәждеп көрсеткен мерзімде орындайды.
Бап 8. 8-БАП
ПАЙДАЛАНУДЫ ШЕКТЕУ ЖӘНЕ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
8-БАП
ПАЙДАЛАНУДЫ ШЕКТЕУ ЖӘНЕ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
Тармақ 1
1. Сұрау салушы Тарап Сұрау салынатын Тараптан Сұрау салудың және оның мазмұнының және/немесе Сұрау салуды орындау нәтижелерінің құпиялылығын қамтамасыз етуді сұратуға құқылы. Егер Сұрау салынатын Тарап құпиялылық туралы талапты орындай алмайтын болса, ол бұл туралы Сұрау салушы Тарапқа дереу хабарлайды, ол Сұрау салудың құпиялылықты сақтамай орындауға жататынын-жатпайтынын шешеді.
Тармақ 2
2. Сұрау салынатын Тарап Сұрау салушы Тараптан сұрау салуды орындау кезінде алынған ақпаратты немесе дәлелдемені, сұрау салуда келісілгендерді қоспағанда, Сұрау салынатын Тараптың алдын ала келісімінсіз басқа талқылауларда пайдаланбау туралы сұратуға құқылы.
Бап 9. 9-БАП
ҚҰЖАТТАР МЕН ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫН ТАБЫС ЕТУ
9-БАП
ҚҰЖАТТАР МЕН ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫН ТАБЫС ЕТУ
Тармақ 1
1. Сұрау салынатын Тарап оған Сұрау салушы Тарап осы мақсатта берген құжаттарды табыс етуді жүргізеді.
Тармақ 2
2. Сұрау салынатын Тарап құжаттарды табыс еткеннен кейін Сұрау салушы Тарапқа табыс ету күнін, уақытын, орнын және тәсілін көрсете отырып, лауазымды адамның қолы және табыс етуді жүзеге асырған органның мөрі қойылған бұл туралы растауды, сондай-ақ құжаттарды алған адам туралы ақпаратты береді. Егер табыс ету жүзеге асырылмаса, Сұрау салынатын Тарап Сұрау салушы Тарапқа бұл туралы дереу хабар береді және құжаттардың табыс етілмеу себептері туралы хабарлайды.
Тармақ 3
3. Адамдардан Сұрау салушы Тараптың құзыретті органдарының алдына келуін талап ететін шақыру туралы шақыру қағаздары Сұрау салынатын Тарапқа белгіленген келу күніне дейін алпыс (60) тәуліктен кешіктірілмей беріледі. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, Тараптар неғұрлым қысқа мерзім туралы келісуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Сұрау салушы Тараптың құзыретті органына келмеген кез келген адамға, тіпті шақыру қағазында келмеген жағдайда ықтимал жауаптылық туралы ескерту болса да, кез келген жазалау немесе мәжбүрлеу шарасы қолданылмайды.
Бап 10. 10-БАП
КЕПІЛДІКТЕР
10-БАП
КЕПІЛДІКТЕР
Тармақ 1
1. Сұрау салушы Тараптың құзыретті органына шақыру қағазы бойынша келген кез келген адамды өзінің азаматтығына қарамастан, кіру алдындағы және шақыру қағазында көрсетілмеген іс-әрекеттер мен соттылығы үшін Сұрау салушы Тараптың аумағында қылмыстық қудалауға, қамаққа алуға, айыптауға, жазалауға немесе оның жеке бас бостандығып қандай да бір өзге де шектеуге болмайды.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағы, егер онда көрсетілген адам:
Тармақша a
a) оның қатысуы бұдан әрі қажет болып табылмайтындығы туралы ресми хабардар етілген кезден бастап он бес (15) тәулік ішінде Сұрау салушы Тараптың аумағынан кетпесе, қолданылмайды. Алайда бұл мерзім көрсетілген адам өзіне байланысты емес себептер бойынша Сұрау салушы Тараптың аумағынан кетпеген кезеңді қамтымайды;
Тармақша b
b) Сұрау салушы Тараптың аумағынан кетіп, Сұрау салушы Тараптың аумағына өз еркімен қайта оралса, қолданылмайды.
Бап 11. 11-БАП
АДАМДАР МЕН ЗАТТАРДЫҢ ТҰРҒАН ЖЕРІН АНЫҚТАУ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫ СӘЙКЕСТЕНДІРУ
11-БАП
АДАМДАР МЕН ЗАТТАРДЫҢ ТҰРҒАН ЖЕРІН АНЫҚТАУ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫ СӘЙКЕСТЕНДІРУ
Тармақ 1
1. Кез келген Тарап екінші Тараптан Сұрау салушы Тараптың құзыретті органдарының алдына келуге тиіс және болжаммен Сұрау салынатын Тараптың аумағында жүрген адамдардың тұрған жерін анықтауды, оларды сәйкестендіруді және іздестірілудегі адамдардың тұрғылықты жерін немесе тіркелген жерін хабарлауды сұратуға құқылы.
Тармақ 2
2. Кез келген Тарап екінші Тараптан заттардың тұрған жерін анықтауды, оларды сәйкестендіруді және тиісті деректерді хабарлауды немесе тұрған жерін анықтауға және сәйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кез келген басқа шараны қолдануды сұратуға қүқылы.
Тармақ 3
3. Сұрау салынатын ақпарат Сұрау салушы Тарапқа осы Шарттың 3-бабында көзделген Сұрау салу негізінде хабарланады. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда Сұрау салу Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол) арқылы да жіберілуі мүмкін.
Бап 12. 12-БАП
БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦИЯ БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ТЫҢДАУ
12-БАП
БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦИЯ БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ТЫҢДАУ
Тармақ 1
1. Сұрау салушы Тараптың құзыретті органының алдына келуге тиіс куәлардан, күдіктілерден, айыпталушылардан, сарапшылардан немесе жәбірленушілерден жауап алу мүмкіндігінше бейнеконференция байланысы арқылы жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Бейнеконференция байланысы арқылы тыңдауға мынадай қағидалар қолданылады:
Тармақша a
a) тыңдау Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының лауазымды адамының қатысуымен жүргізіледі. Осы органның лауазымды адамы айғақ алынуы қажет адамның жеке басын анықтауға және ол үшін қажетті шаралар қабылдай отырып Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасында көзделген негіз қалаушы қағидаттардың сақталуын қамтамасыз етуге жауап береді;
Тармақша b
b) Тараптардың құзыретті органдары қажет болған жағдайда тыңдалуға тиіс адамды қорғауға қатысты шараларды келіседі;
Тармақша c
c) тыңдау Сұрау салушы Тараптың құзыретті органының лауазымды адамының басшылығымен оның ұлттық заңнамасына сәйкес өткізіледі;
Тармақша d
d) тыңдаудың соңында Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының лауазымды адамы тыңдаудың күнін, уақытын және орнын, тыңдалған адамның жеке басы туралы деректерді, оның айғақтарының мазмұны туралы деректерді, сондай-ақ тыңдауға қатысқан басқа адамдардың жеке басын және процестік мәртебесін көрсете отырып, хаттама жасайды. Бұл хаттама Сұрау салушы Тарапқа берілуге тиіс;
Тармақша e
e) Тараптар өздерінің құзыретті органдары арқылы тыңдалатын адамға аудармашы және/немесе қорғаушы беруге уағдаласады. Бұл жағдайда тыңдалатын адамның аудармашысына және/немесе қорғаушысына Сұрау салынатын Тарапта адамның қатысуымен тыңдау және басқа да процестік әрекеттер кезінде қатысуға рұқсат етіледі.
Бап 13. 13-БАП
ҚАМАҚҚА АЛЫНҒАН ЖӘНЕ СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ УАҚЫТША БЕРУ
13-БАП
ҚАМАҚҚА АЛЫНҒАН ЖӘНЕ СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ УАҚЫТША БЕРУ
Тармақ 1
1. Егер осы Шарттың 11-бабының ережелері қолданылмаса, Сұрау салынатын Тараптың аумағында қамаққа алынған немесе сотталған және Сұрау салушы Тарап оның куә немесе сарапшы ретінде өзінің қатысуын сұратып отырған кез келген адам азаматтығына қарамастан Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органының келісімімен Сұрау салушы Тарапқа Сұрау салушы Тарап көрсеткен мерзімге уақытша берілуі мүмкін, ол үш (3) айдан аспауға тиіс. Сұрау салушы Тарап көрсетілген кезеңді ұзартуды сұратуға құқылы, ол бір рет қана берілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды беруден, егер:
Тармақша a
a) адам оны беруге келісімін бермесе;
Тармақша b
b) Сұрау салынатын Тарапта жүргізіліп жатқан тергеп-тексерудің немесе сот талқылауының субъектісі болып табылатын адамның қатысуы талап етілсе;
Тармақша c
c) уақытша беру бас бостандығынан айыру мерзімінің ұлғаюына алып келуі мүмкін болса;
Тармақша d
d) адамды Сұрау салушы Тарапқа уақытша беруге қарсы басқа да елеулі негіздер болса, бас тартылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Уақытша берілген адам Сұрау салушы Тарапта да, транзит мемлекетінде де күзетпен ұсталуға тиіс.
Тармақ 4
4. Егер үшінші мемлекет күзетпен ұсталып отырған адамды Тараптардың біріне екінші Тараптың аумағы арқылы беруге тиіс болса, Сұрау салынатын Тарап, егер бұл адам осы Тараптың азаматы болып табылмаса, осы адамның транзитіне рұқсат етуге тиіс.
Бап 14. 14-БАП
ТІНТУ ЖӘНЕ АЛЫП ҚОЮ
14-БАП
ТІНТУ ЖӘНЕ АЛЫП ҚОЮ
Тармақ 1
1. Құқықтық көмек туралы сұрау салуда қандай да бір заттарды немесе құжаттарды тінтуді, алып қоюды және беруді жүргізу қажеттігін негіздейтін ақпарат қамтылған жағдайда, Сұрау салынатын Тарап мұндай әрекеттерді жүргізеді.
Тармақ 2
2. Заттарды және құжаттарды алып қойған жағдайда, Сұрау салынатын Тарап олардың төлнұсқалығына көз жеткізуге тиіс. Егер Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасы бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді жүргізу құзыретті органның арнайы шешімін талап етсе, онда Сұрау салушы Тарап мұндай шешімді беруге тиіс,
Тармақ 3
3. Сұрау салынатын Тарап берілетін заттар мен құжаттарға қатысты үшінші тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Сұрау салынатын Тарап қажет деп есептейтін шарттарға Сұрау салушы Тараптың келісім беруін талап етуге құқылы. Егер мұндай келісім алынбаса, Сұрау салынатын Тарап оларды беруден бас тартуы мүмкін.
Бап 15. 15-БАП
ТӘРКІЛЕУ РӘСІМДЕРІНДЕГІ КӨМЕК
15-БАП
ТӘРКІЛЕУ РӘСІМДЕРІНДЕГІ КӨМЕК
Тармақ 1
1. Тараптар өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыстық жолмен алынған заттарды, құжаттарды, қаржылық активтерді және өзге де кірістерді анықтау, табу, тыйым салу және тәркілеу бойынша өзара құқықтық көмек көрсетеді.
Тармақ 2
2. Егер тыйым салуға немесе тәркіленуге жататын қылмыстық жолмен алынған кірістер, қылмыс қарулары, заттар мен құжаттар, сондай-ақ қаржылық активтер Тараптардың бірінің аумағында екені белгілі болса, бұл туралы екінші Тарапқа хабарлануы мүмкін.
Тармақ 3
3. Тыйым салуға немесе тәркіленуге жататын қылмыстық жолмен алынған кірістерді, қылмыс қаруларын, заттар мен құжаттарды, сондай-ақ қаржылық активтерді беру келісілген шарттармен жүзеге асырылады.
Бап 16. 16-БАП
ҚАРЖЫЛЫҚ АҚПАРАТ, БАНК ШОТТАРЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫП ҚОЮ
16-БАП
ҚАРЖЫЛЫҚ АҚПАРАТ, БАНК ШОТТАРЫН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫП ҚОЮ
Тармақ 1
1. Сұрау салынатын Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыс жасауға қатысы бар адам оның аумағында орналасқан банкте немесе кез келген өзге де қаржы мекемесінде шот ұстаушысы болып табылатынын-табылмайтынын анықтауға және бұл туралы Сұрау салушы Тарапты хабардар етуге құқылы. Сондай-ақ, мұндай көмек осындай шоттарды пайдаланушыларды сәйкестендіру, олардың орналасқан жері және тиісті транзакциялар, сондай-ақ осындай шоттарды тоқтатып қою туралы мәліметтерді қамтуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген көмекті беруден банк құпиясы негізінде бас тартуға болмайды.
Бап 17. 17-БАП
ЗАТТАР МЕН ҚҰЖАТТАРДЫ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ
17-БАП
ЗАТТАР МЕН ҚҰЖАТТАРДЫ БЕРУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ
Тармақ 1
1. Сұрау салушы Тарапқа берілген кез келген заттар мен құжаттар, Сұрау салынатын Тарап өзінің оларды қайтару құқығынан бас тартқаннан басқа жағдайларда, алғашқы мүмкіндік болған кезде қайтарылады.
Тармақ 2
2. Егер адамды қамаққа алу барысында алып қойылған заттар, құжаттар және/немесе мүлік тергеп-тексеру немесе сот талқылауын жүргізу үшін қажет болған жағдайда, Сұрау салынатын Тарап оларды беруді өзі қажет деп есептейтін уақытқа кейінге қалдыра алады. Сұрау салынатын Тарап оларды алғашқы мүмкіндік болған кезде қайтару шартымен Сұрау салушы Тарапқа бере алады.
Тармақ 3
3. Сұрау салынатын Тарап өз заңнамасына сәйкес, Сұрау салушы Тараптан берілетін заттар мен құжаттарға қатысты адал үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін, Сұрау салынатын Тарап қажет деп есептейтін шарттарға келісуді талап ете алады. Мұндай келісімді алмаған жағдайда Сұрау салынатын Тарап заттар мен құжаттарды беруден бас тарта алады.
Бап 18. 18-БАП
АҚПАРАТТЫ ЕРІКТІ ТҮРДЕ БЕРУ
18-БАП
АҚПАРАТТЫ ЕРІКТІ ТҮРДЕ БЕРУ
Тармақ 1
1. Тараптар өз бастамасы бойынша бір-біріне екінші Тарапқа пайдалы болуы мүмкін кез келген ақпаратты беруге құқылы.
Тармақ 2
2. Мұндай ақпаратты ұсынған кезде оны пайдалануға шектеулер қойылуы мүмкін және ол шектеулер сақталуға тиіс.
Бап 19. 19-БАП
ШЫҒЫСТАР
19-БАП
ШЫҒЫСТАР
Тармақ 1
1. Өз заңнамасына сәйкес Сұрау салынатын Тарап:
Тармақша a
a) осы Шарттың 3-бабы 2-тармағының g) тармақшасында аталған адамдардың жол жүруіне және Сұрау салынатын Тарапта болуына арналған шығыстарды;
Тармақша b
b) осы Шарттың 9-бабының 3-тармағыпда және 13-бабында аталған адамдардың жол жүруіне және болуына арналған шығыстарды;
Тармақша c
c) осы Шарттың 12-бабының тәртібімен құқықтық көмек туралы Сұрау салудың орындалуына байланысты туындайтын шығыстарды;
Тармақша d
d) егер Тараптар өзгеше келіспесе, сараптамаларды жүргізуге арналған шығыстарды қоспағанда, құқықтық көмек туралы сұрау салуды орындауға байланысты шығыстарды көтереді.
Тармақ 2
2. Сұрау салуды орындау күтпеген сипаттағы шығыстарға алып келген кезде Тараптар сұрау салуды орындаудан туындайтын шығыстарды бөлу мақсатында консультациялар жүргізуге құқылы.
Бап 20. 20-БАП
ҚҰЖАТТАР МЕН ЖАЗБАЛАРДЫ ЗАҢДАСТЫРУДАН БОСАТУ
20-БАП
ҚҰЖАТТАР МЕН ЖАЗБАЛАРДЫ ЗАҢДАСТЫРУДАН БОСАТУ
Құқықтық көмек көрсету тәртібімен берілетін құжаттар мен жазбаларға лауазымды адам қол қоюға және оларды құзыретті орган растауға тиіс және бұл жағдайда оларды одан әрі заңдастыру, растау немесе олардың түпнұсқалығын куәландыру талап етілмейді.
Бап 21. 21-БАП
ШАРТТЫҢ БАСҚА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРМЕН АРАҚАТЫНАСЫ
21-БАП
ШАРТТЫҢ БАСҚА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРМЕН АРАҚАТЫНАСЫ
Осы Шарт Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық келісімдерден туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Бап 22. 22-БАП
КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕРДІ РЕТТЕУ
22-БАП
КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕРДІ РЕТТЕУ
Осы Шартты қолдану немесе түсіндіру барысында туындайтын кез келген келіспеушіліктер дипломатиялық арналар арқылы консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Бап 23. 23-БАП
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
23-БАП
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Шарт белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың аяқтағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Осы Шартқа Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Тараптардың кез келгені осы Шарттың қолданысын тоқтатуға құқылы. Тоқтату Тараптардың бірі екінші Тараптың оның осы Шарттың қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап бір жүз сексен (180) тәулік өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы Шарттың қолданысы тоқтатылған жағдайда, оның қолданысы кезеңінде басталған құқықтық көмек жөніндегі рәсімдер олар толық орындалғанға дейін күшінде қалады.
Тармақ 5
5. Осы Шарт ол күшіне енгенге дейін немесе енгеннен кейін жасалған қылмыстарға қатысты қолданылады.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН бұған тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Шартқа қол қойды.
2024 жылғы 23 қазанда Астанада әрқайсысы қазақ, испан және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқалы данада жасалды әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады.
Осы Шарттың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтін басым болып табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮШІН
ПЕРУ РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮШІН