О ратификации Договора между Республикой Казахстан и Республикой Перу о передаче осужденных лиц Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы
2024 жылғы 23 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Шарттың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Шартының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Шарттарын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ПЕРУ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ БЕРУ ТУРАЛЫ ШАРТ
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы
сотталған адамдардың әлеуметтік қайта интеграциялануына жәрдемдесу мақсатында оларды беру саласында тиімді ынтымақтастыққа ықпал етуге ниет білдіре отырып,
бұл мақсатқа сотталған адамдар үшін жазасын өздерінің қоғамдық ортасында өтеу мүмкіндігін белгілейтін екіжақты Шартты жасасу арқылы қол жеткізу мүмкін болатынын пайымдай отырып,
мыналар туралы уағдаласты:
Бап 1. 1-БАП
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-БАП
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Тараптар осы Шартта баяндалған шарттарда сотталған адамдарды беру саласында барынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Бір Тараптың аумағында сотталған адам осы Шарттың ережелеріне сәйкес белгіленген жазасын өтеу үшін екінші Тараптың аумағына берілуі мүмкін. Бұл мақсатта сотталған адам осы Шартқа сәйкес Беруші Тарапқа да, сол сияқты Қабылдаушы Тарапқа да беру туралы ниетін білдіре алады.
Бап 2. 2-БАП
АНЫҚТАМАЛАР
2-БАП
АНЫҚТАМАЛАР
Осы Шарттың мақсатында:
Тармақша a
a) "сотталған адам" оған қатысты түпкілікті үкім шығарылған адамды білдіреді;
Тармақша b
b) "үкім" қылмыстық әрекет және қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін түпкілікті сот шешімін білдіреді;
Тармақша c
c) "Беруші Тарап" үкім шығарылған және аумағынан сотталған адам берілуі мүмкін немесе берілген Тарапты білдіреді;
Тармақша d
d) "Қабылдаушы Тарап" аумағына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау үшін сотталған адам берілуі мүмкін немесе берілген Тарапты білдіреді;
Тармақша e
e) "Ерекше қараудағы кәмелетке толмағандар" түпкілікті сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан немесе күзетпен ұсталатын 18 жасқа дейінгі адамдарды білдіреді;
Тармақша f
f) "сот қаулысы" сот талқылауы тоқтатылатын немесе жаза тағайындалатын түпкілікті сот шешімін білдіреді.
Бап 3. 3-БАП
ОРТАЛЫҚ ОРГАНДАР
3-БАП
ОРТАЛЫҚ ОРГАНДАР
Тармақ 1
1. Осы Шарттың мақсаттары үшін Тараптар айқындаған орталық органдар бір-бірімен тікелей немесе дипломатиялық арналар арқылы өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 2
2. Орталық органдар мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасы үшін - Бас прокуратура;
Перу Республикасы үшін - Мемлекеттік Прокурордың офисі.
Тармақ 3
3. Орталық органдарға байланысты өзгерістер болған жағдайда, бір Тарап бұл туралы екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.
Бап 4. 4-БАП
БЕРУ ШАРТТАРЫ
4-БАП
БЕРУ ШАРТТАРЫ
Осы Шартқа сәйкес сотталған адам, егер мынадай шарттар сақталса:
Тармақша a
a) сотталған адам Қабылдаушы Тараптың азаматы болып табылса;
Тармақша b
b) үкім түпкілікті болып табылса және орындауға жататын болса;
Тармақша c
c) беру туралы сұрау салуды алған кезде жазаның қалған мерзімі кемінде алты (6) айды құраса;
Тармақша d
d) сотталған адам өзін ауыстыру туралы өтінішхатпен жүгінсе немесе жасына немесе физикалық жай-күйіне байланысты өзінің заңды өкілі арқылы өтінішхатпен жүгінсе;
Тармақша e
e) адам сол үшін сотталған әрекеттер немесе әрекетсіздік екі Тараптың да ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыс болып табылса;
Тармақша f
f) екі Тарап та сотталған адамды беруге келіссе;
Тармақша g
g) сотталған адам төлем қабілетсіздігін растайтын жағдайларды қоспағанда, сотталған адам үкім бойынша айыппұл төлеген және (немесе) залалды өтеген болса, берілуі мүмкін. Дегенмен, бұл ереже әрбір Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес қолданылады.
Бап 5. 5-БАП
БЕРУДЕН БАС ТАРТУ ШАРТТАРЫ
5-БАП
БЕРУДЕН БАС ТАРТУ ШАРТТАРЫ
Егер:
Тармақша a
a) 4-бапта көрсетілген шарттардың кез келгені сақталмаса;
Тармақша b
b) Беруші Тарап беру егемендікке, қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке залал келтіруі мүмкін немесе оның ұлттық заңнамасына қайшы келеді деп санаса;
Тармақша c
c) Қабылдаушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес жаза Беруші Тарап айқындаған жазадан елеулі түрде ерекшеленсе;
Тармақша d
d) Беруші Тараптың аумағында сотталған адамға қатысты қылмыстық қудалау жүргізіліп жатса, беруден бас тартылуы мүмкін.
Бап 6. 6-БАП
БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ШЕШІМ
6-БАП
БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ШЕШІМ
Тармақ 1
1. Тараптар осы Шартқа және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 2
2. Беруден бас тартқан жағдайда, мұндай шешімде олардың негізделген себептері болуы тиіс.
Бап 7. 7-БАП
ХАБАРЛАУ МІНДЕТТЕМЕСІ
7-БАП
ХАБАРЛАУ МІНДЕТТЕМЕСІ
Тармақ 1
1. Өзіне осы Шарт қолданылуы мүмкін сотталған адамға Беруші Тарап осы Шартқа сәйкес берілуі мүмкін екендігі туралы және оның құқықтық салдары туралы хабар беруге тиіс.
Тармақ 2
2. Егер Беруші Тарап сотталған адамды беруге келісім берсе, он да ол бұл туралы Қабылдаушы Тарапқа хабар береді және мынадай құжаттармен және ақпаратпен қамтамасыз етеді:
Тармақша a
a) сотталған адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және жері;
Тармақша b
b) үкімді орындаудың сипаты, мерзімі, басталу және аяқталу күні туралы ақпарат;
Тармақша c
c) жазаның өтелген мерзімі мен өтеуге жататын мерзімі туралы мәліметтер, сондай-ақ үкімді орындау үшін қажетті өзге де мәліметтер;
Тармақша d
d) сот үкімінің куәландырылған көшірмесі және оның күшіне енуі немесе орындалуы туралы шешім;
Тармақша e
e) егер Қабылдаушы Тарап Беруші Тарап берген құжаттар мен ақпаратты жеткіліксіз деп есептесе, ол қосымша ақпаратты сұрата алады;
Тармақша f
f) сотталған адамның оны беруге келісімін қамтитын, осы Шарттың 4-бабының d) тармақшасына сәйкес көзделген өтініш.
Бап 8. 8-БАП
БЕРУГЕ СҰРАУ САЛУ
8-БАП
БЕРУГЕ СҰРАУ САЛУ
Тармақ 1
1. Беруге сұрау салулар мен жауаптар дипломатиялық арналар немесе орталық органдар арқылы жазбаша түрде берілуге тиіс.
Қабылдаушы Тарап беру туралы сұрау салуға және жауапқа мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша a
a) сотталған адамның азаматтығын растайтын құжат;
Тармақша b
b) Беруші Тарапта үкім шығарылған әрекеттер немесе әрекетсіздік Қабылдаушы Тарапта қылмыс болып табылатынын растайтын құқықтық ережелердің көшірмелері.
Беруші Тарап беру туралы сұрау салуға немесе жауапқа мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша a
a) үкімнің куәландырылған көшірмесін;
Тармақша d
d) жазаның сипаты мен ұзақтығы, оны орындаудың басталған күні және өтелген мерзімі туралы ақпаратты;
Тармақша c
c) сотталған адам туралы медициналық және әлеуметтік есеп, сондай-ақ оны емдеу туралы ақпаратты.
Тармақ 2
2. Беруге сұрау салуды қанағаттандыру немесе бас тарту туралы туралы шешім мүмкіндігінше қысқа мерзімде хабарлануға тиіс.
Бап 9. 9-БАП
КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ
9-БАП
КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ
Беруші Тарап осы Шарттың 4-бабының d) тармақшасында көзделген беруге өз келісімін беретін сотталған адам мұны ерікті түрде және мұндай берудің құқықтық салдарын толық түсініп жасауы үшін қажетті шараларды қабылдауға тиіс.
Бап 10. 10-БАП
БЕРУДІҢ САЛДАРЫ
10-БАП
БЕРУДІҢ САЛДАРЫ
Тармақ 1
1. Сотталған адамды беру Беруші Тарапта үкімнің орындалуын тоқтатуды көздейді.
Тармақ 2
2. Егер Қабылдаушы Тарап Беруші Тарапты үкімді орындаудың аяқталғаны туралы хабардар етсе, Беруші Тарап үкімді орындауға құқылы емес.
Бап 11. 11-БАП
ҮКІМДІ ОРЫНДАУ
11-БАП
ҮКІМДІ ОРЫНДАУ
Тармақ 1
1. Қабылдаушы Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыруға байланысты үкімнің немесе шешімнің орындалуын жалғастырады.
Тармақ 2
2. Егер жаза өзінің сипаты мен ұзақтығы бойынша Қабылдаушы Тараптың ұлттық заңнамасында көзделген жазаға сәйкес келмесе, онда ол оны осыған ұқсас қылмыс үшін өзінің ұлттық заңнамасында көзделген барынша сәйкес келетін жазаға ауыстырады. Мұндай жағдайда жаза өзінің сипаты немесе ұзақтығы бойынша Беруші Тарап шығарған үкімнен неғұрлым қатаң болмауға және осыған ұқсас қылмыс үшін Қабылдаушы Тараптың ұлттық заңнамасында көзделген жазаның ең ұзақ мерзімінен аспауға тиіс. Жаза Қабылдаушы Тараптың ұлттық заңнамасы бойынша осыған ұқсас қылмысқа қолданылатын жазаның ең қысқа мерзімімен шектелмеуге де тиіс. Мұндай жағдайда Қабылдаушы Тарап Беруші Тарапқа өзінің сот шешімін жіберуге тиіс.
Тармақ 3
3. Берілген адамға қатысты үкімді орындау Қабылдаушы Тараптың ұлттық заңнамасында көзделген жеңілдіктерді қоса алғанда, оның заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 12. 12-БАП
РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ, КЕШІРІМ ЖАСАУ,
ЖАЗАНЫ ЖЕҢІЛДЕТУ
12-БАП
РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ, КЕШІРІМ ЖАСАУ,
ЖАЗАНЫ ЖЕҢІЛДЕТУ
Тараптар өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес рақымшылық жасауды, кешірім жасауды немесе жазаны жеңілдетудің өзге де шараларын қолдануға құқылы. Мұндай жағдайда Тараптар бір-біріне хабар береді.
Бап 13. 13-БАП
ҮКІМДІ ҚАЙТА ҚАРАУ
13-БАП
ҮКІМДІ ҚАЙТА ҚАРАУ
Беруші Тарап қана үкімді қайта қарау туралы өтінішхаттар бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Бап 14. 14-БАП
ҮКІМДІ ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТУ
14-БАП
ҮКІМДІ ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТУ
Беруші Тарап үкімнің орындалуын тоқтату немесе өзгерту туралы кез келген шешім жөнінде хабарлағаннан кейін Қабылдаушы Тарап үкімнің орындалуын дереу тоқтатуға немесе өзгертуге тиіс.
Бап 15. 15-БАП
ҮКІМНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ
15-БАП
ҮКІМНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ
Қабылдаушы Тарап Беруші Тарапқа үкімнің орындалуы туралы мынадай жағдайларда:
Тармақша а
а) егер ол үкімді орындау аяқталған деп санаса;
Тармақша b
b) егер сотталған адам үкімді орындау аяқталғанға дейін қашып кетсе немесе қайтыс болса;
Тармақша с
с) егер Беруші Тарап мұндай ақпаратты сұратса, хабарлайды.
Бап 16. 16-БАП
ЕРЕКШЕ ҚАРАУДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР
16-БАП
ЕРЕКШЕ ҚАРАУДАҒЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР
Осы Шарт Тараптардың заңнамасына сәйкес ерекше қараудағы кәмелетке толмаған адамдарға қатысты да қолданылады. Мұндай кәмелетке толмағандарға қолданылатын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау Қабылдаушы Тараптың заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Кәмелетке толмағандарды беру үшін олардың заңды өкілінің тікелей келісімі алынуға тиіс.
Бап 17. 17-БАП
ТРАНЗИТ
17-БАП
ТРАНЗИТ
Тармақ 1
1. Егер Тараптардың бірі сотталған адамды үшінші мемлекеттен транзиттік тасымалдауды жүзеге асырса, екінші Тарап, егер бұл оның ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, осы сотталған адамның өз аумағы арқылы транзитін жеңілдетуге көмек көрсетеді.
Тармақ 2
2. Бұл мақсатта сұрау салушы Тарап сұрау салынатын Тарапқа орталық органдар арқылы не кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымы (Интерпол) арқылы транзит туралы тасымалданатын адамның сәйкестендіру деректерін, оның азаматтығы туралы мәліметтерді және істің мән-жайларының қысқаша мазмұнын қамтитын сұрау салуды жібереді. Транзит туралы сұрау салу адамның берілгенін растайтын құжаттың көшірмесімен бірге беріледі.
Тармақ 3
3. Сұрау салынатын Тарап өз аумағы арқылы тасымалданатын адамды күзетпен ұстауға тиіс.
Тармақ 4
4. Егер транзит әуе көлігімен жүзеге асырылса және транзит Тарапының аумағында қону жоспарланбаса, оған рұқсат талап етілмейді. Транзит Тарапының аумағында жоспарланбаған қону жағдайында транзитті жүзеге асыратын Тарап бұл туралы транзит Тарапын дереу хабардар етеді, ал транзит Тарапы транзитке сұрау салуды күте отырып, тасымалданатын адамды 15 (он бес) күнге дейінгі мерзімге күзетпен ұстауға тиіс.
Тармақ 5
5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзімде транзитке сұрау салу алынбаса, егер Тараптар өзгеше уағдаластыққа қол жеткізбесе, адам босатылуға жатады.
Бап 18. 18-БАП
ТІЛДЕР ЖӘНЕ ШЫҒЫСТАР
18-БАП
ТІЛДЕР ЖӘНЕ ШЫҒЫСТАР
Тармақ 1
1. Сотталған адамды беру туралы сұрау салу және қажетті құжаттар сұрау салушы Тараптың тілінде жасалуға және сұрау салынатын Тараптың тіліне немесе ағылшын тіліне аудармасымен бірге берілуге тиіс. Сұрау салуларға жауаптар сұрау салынатын Тараптың тілінде жасалуға және сұрау салушы Тараптың тіліне немесе ағылшын тіліне аудармасымен бірге берілуге тиіс. Егер өтінішхатты сотталған адам берген жағдайда, онда ол өзі білетін тілде жасалуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Сотталған адамды беру және берілгеннен кейін үкімді орындау кезінде келтірілген шығыстарды Қабылдаушы Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес көтереді.
Тармақ 3
3. Транзитке байланысты шығыстарды Қабылдаушы Тарап көтереді.
Бап 19. 19-БАП
ҚҰЖАТТАРДЫ ЗАҢДАСТЫРУДАН БОСАТУ
19-БАП
ҚҰЖАТТАРДЫ ЗАҢДАСТЫРУДАН БОСАТУ
Осы Шарттың мақсаттары үшін жасалған құжаттарға лауазымды тұлға қол қоюға және олар уәкілетті органның елтаңбалы мөрімен куәландырылуға тиіс және мұндай жағдайда ешқандай басқа заңдастыру, сертификаттау немесе түпнұсқалығын анықтау талап етілмейді.
Бап 20. 20-БАП
ОСЫ ШАРТТЫҢ БАСҚА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРМЕН
АРАҚАТЫНАСЫ
20-БАП
ОСЫ ШАРТТЫҢ БАСҚА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕРМЕН
АРАҚАТЫНАСЫ
Осы Шарт Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық келісімдерден туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Бап 21. 21-БАП
КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕРДІ РЕТТЕУ
21-БАП
КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕРДІ РЕТТЕУ
Осы Шартты қолдану немесе түсіндіру барысында туындайтын кез келген келіспеушіліктер дипломатиялық арналар арқылы консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Бап 22. 22-БАП
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
22-БАП
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Шарт белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың аяқтағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Осы Шартқа Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді және осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Тараптардың кез келгені осы Шарттың қолданысын тоқтатуға құқылы. Тоқтату Тараптардың бірі екінші Тараптың оның осы Шарттың қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап бір жүз сексен (180) тәулік өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы Шарттың қолданысы тоқтатылған жағдайда, оның қолданысы кезеңінде басталған адамдарды беру жөніндегі рәсімдер толық орындалғанға дейін күшінде қалады.
Тармақ 5
5. Осы Шарт оның күшіне енуіне дейін шығарылған үкімдерді орындауға қатысты да қолданылады.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН бұған тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Шартқа қол қойды.
2024 жылғы 23 қазанда Астанада әрқайсысы қазақ, испан және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқалы данада жасалды әрі барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады.
Осы Шарттың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтін басым болып табылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮШІН
ПЕРУ РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮШІН
2024 жылғы 23 қазанда Астана қаласында қазақ,
испан және ағылшын тілдерінде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Перу
Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт мәтінінің орыс
тіліндегі мәтінге дәлме-дәлдігін растаймын.