Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2026 жылғы 16 ақпандағы № 9.2-13/153 ұсынуы негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес Батыс Қазақстан облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы «__» ___________ № __ қаулысына 1-қосымша Карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) укекіре (Acroptilon repens D.C.) бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ № Аудан­ның (қа­ла­ның) ата­уы За­лал­да­ну ала­ңы (гек­тар) Ошақ ала­ңы (гек­тар) 1 Ақ­жай­ық 2543,6 117 2 Бәй­те­рек 27002 270,8 3 Бөр­лі 5900 34,78 4 Жәні­бек 305 15 5 Казта­лов 41 20 6 Сы­рым 9226 160,33 7 Тас­қа­ла 7002 33,03 8 Те­ректі 47807,1 231,31 9 Шың­ғыр­лау 1587,4 26,11 10 Орал қа­ла­сы 8264,7 40,6 Об­лыс бой­ын­ша 109678,8 948,96
Басқа 7
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы «__» ___________№ __ қаулысына 2-қосымша Карантиндік арамшөп – көпжылдық ойраншөп (Ambrosia psilostachya (D.C.)) бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ № Аудан­ның ата­уы За­лал­да­ну ала­ңы (гек­тар) Ошақ ала­ңы (гек­тар) 1 Бәй­те­рек 107 61,5 Об­лыс бой­ын­ша 107 61,5
Басқа 8
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы «__» ___________№ __ қаулысына 3-қосымша Карантиндік арамшөп – арам сояу (Cuscuta sp.sp) бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ № Аудан­ның (қа­ла­ның) ата­уы За­лал­да­ну ала­ңы (гек­тар) Ошақ ала­ңы (гек­тар) 1 Бәй­те­рек 3 0,01 2 Бөр­лі 724 31,59 3 Сы­рым 75 0,0033 4 Те­ректі 325 0,465 5 Шың­ғыр­лау 152 0,12 6 Орал қа­ла­сы 119,1 1,1059 Об­лыс бой­ын­ша 1398,1 33,2942
Басқа 9
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы «__» ___________№ __ қаулысына 4-қосымша Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 131 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183002 болып тіркелді);
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 39 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 маусымдағы № 131 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 193552 болып тіркелді);
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 ақпандағы № 27 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 131 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 208034 болып тіркелді).