Определить места, в которых запрещены выгул домашних животных либо нахождение с животными с иной целью Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үй жануарларын серуендетуге немесе жануарлармен өзге мақсатта бірге болуға тыйым салынған орындарды анықтау туралы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-2-тармағына сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес үй жануарларын серуендетуге немесе жануарлармен өзге мақсатта бірге болуға тыйым салынған орындар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Үй жануарларын серуендетуге немесе жануарлармен өзге мақсатта бірге болуға тыйым салынған орындар
Алтай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 21 сәуір № 194 қаулысына қосымша Үй жануарларын серуендетуге немесе жануарлармен өзге мақсатта бірге болуға тыйым салынған орындар
Тармақ 1
1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының аумағы.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымдарының аумағы.
Тармақ 3
3. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының аумағы.
Тармақ 4
4. Медициналық ұйымдардың аумағы.
Тармақ 5
5. Емдеу ұйымдарының аумағы.
Тармақ 6
6. Мәдениет ұйымдарының аумағы.
Тармақ 7
7. Балалар және спорттық ойын алаңдарының аумағы.