Об изменении границ (черты) города Актау Мангистауской области Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы Ақтау қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысының жалпы ауданы 94642,2062 гектар болатын жерінің бір бөлігін Ақтау қаласының шекарасына (шегіне) қосу арқылы Ақтау қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы «Маңғыстау облысы Ақтау қаласының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2026 жылғы 10 наурыздағы № 26/309 бірлескен шешіміне және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 28 қаулысына келісім берілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Маңғыстау облысы Ақтау қаласы шекарасының схемалық картасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы « » № қаулысына қосымша Маңғыстау облысы Ақтау қаласы шекарасының схемалық картасы Р/с № Аймақтардың атауы: Ауданы, гектар 1. Жерлерді қосқанға дейінгі Ақтау қаласының шекарасындағы жерлердің ауданы 29849,0 2. Ақтау қаласының шекарасына қосылатын жерлердің ауданы (су қорының жерлері) 94642,2062 3. Жерлерді қосқаннан кейінгі Ақтау қаласының шекарасындағы жерлердің ауданы 124491,2062 _________________________________