Об утверждении Правил паспортизации строительного объекта Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құрылыс объектісін паспорттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 128-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс объектісін паспорттау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс жетекшілік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 1. Құрылыс объектісін паспорттау қағидалары
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 196 Бұйрығына қосымша Құрылыс объектісін паспорттау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құрылыс объектісін паспорттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 128-бабының 3-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіптілігі жоғары сейсмикалық аудандарында (аймақтарында) орналасқан елді мекендердің құрылыс объектілерін паспорттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін регламенттейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық қауіпсіздігі – ғимараттар мен құрылыстардың адамдардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін зақымданусыз және қиратусыз сейсмикалық әсерге төзімділік қабілеті. Сейсмикалық қауіпсіз ғимараттарға жөндеуге жарамдылығы, одан әрі пайдалану мүмкіндігі, жабдықтың сақталуын қамтамасыз ету және т. б. бойынша талаптар қойылмауы мүмкін;
Тармақша 2
2) ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігі – қолданыстағы нормалардың ережелерінде көзделген шектерде өзінің пайдалану сапасын сақтай отырып, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық әсерлерге төзімділігі;
Тармақша 3
3) құрылыс алаңының сейсмикалығы – жергілікті сейсмотектоникалық, инженерлік-геологиялық жағдайлардың және топографиялық әсерлердің сейсмикалық әсер ету параметрлеріне ықпалын ескере отырып, берілген асып кету ықтималдығымен болжанатын, сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша бүтінсанды баллдармен көрсетілген құрылыс алаңының сейсмикалық қауіптілігі;
Тармақша 4
4) құрылыс объектілерін паспорттау – құрылыс объектісінің конструкциялық шешімін, физикалық және пайдалану жай-күйін сипаттай отырып және түгендеу процесінде олардың сейсмикалық төзімділігі мен конструкциялық осалдығын бағалай отырып, сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан урбанизацияланған аумақта бұрыннан бар құрылысты түгендеудің техникалық рәсімі;
Тармақша 5
5) құрылыс объектісінің паспорты – осы Қағидалардың қосымшасында келтірілген объектінің сәйкестендіру, көлемдік-жоспарлау, конструктивтік, техникалық және сейсмикалық сипаттамаларын қамтитын құжат;
Тармақша 6
6) мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдары – қызмет саласына сейсмикалық төзімді құрылыс, сейсмология және сейсмикалық шағын аймақтандыру саласындағы тиісті теориялық және эксперименттік жұмыстарды жүргізу үшін қажетті жабдықтары мен мамандары бар ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылатын ұйымдар;
Тармақша 7
7) сейсмикалық әсер – табиғи немесе техногендік факторлардан (жер сілкінісі, жарылыстар, көлік қозғалысы, өнеркәсіптік жабдықтардың жұмысы) туындаған, құрылыс және табиғи объектілердің қозғалысына, деформациясына, зақымдануына немесе бұзылуына себепші болатын топырақ қозғалысы;
Тармақша 8
8) сейсмикалық осалдық – берілген қарқындылықтың сейсмикалық әсері кезінде ғимараттың немесе құрылыстың зақымдануға ұшырау дәрежесі;
Тармақша 9
9) сейсмикалық тәуекел – аумақтардың сейсмикалық қауіптілігіне және ғимараттар мен құрылыстардың осалдығына сәйкес ықтимал жер сілкіністерінен болатын әлеуметтік-экономикалық залал ықтималдығы;
Тармақша 10
10) тектоникалық жарылу – тектоникалық қозғалыстар мен тау жыныстарының деформациялары кезінде пайда болған жер қабығындағы үзілімдер, жарықшақтар.
Тармақ 3
3. Барлық ғимараттар мен құрылыстарды паспорттау құрылыс объектілерінің сейсмикалық төзімділігінің әлеуметтік қажетті және экономикалық жағынан тиімді деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың негізгі кезеңі болып табылады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалар меншік нысанына қарамастан, сейсмикалық аймақтарда орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға қолданылады.
Тармақ 5
5. Паспорттандырудың негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) құрылыс объектілерінің нақты сейсмикалық төзімділігін анықтау;
Тармақша 2
2) құрылыс объектісінің мақсатын немесе оны пайдалану деңгейін күшейтуді, өзгертуді қоса алғанда, олар бойынша бірінші кезекте шаралар қабылдауды талап ететін неғұрлым сейсмикалық қауіпті объектілерді анықтау.
Тарау 2. 2-тарау. Құрылыс объектісін паспорттау тәртібі
2-тарау. Құрылыс объектісін паспорттау тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Құрылыс объектісін паспорттауды жүзеге асыру
1-параграф. Құрылыс объектісін паспорттауды жүзеге асыру
Тармақ 6
6. Құрылыс объектісін паспорттау мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі объектілерінің, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің және тұрғын үй қорының тұрақты жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық қауіпсіздігінің қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
Тармақша 3
3) сейсмикалық тәуекелді есепке алу жөніндегі бірінші дәрежелі іс-шараларды іске асыру қажеттігін айқындау;
Тармақша 4
4) халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру, орнықты әлеуметтік-экономикалық даму үшін әлеуметтік-экономикалық шығындардың алдын алу;
Тармақша 5
5) сейсмикалық әсерлерден болуы мүмкін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық залалды азайту;
Тармақша 6
6) паспорттау материалдары бойынша тәуекел картасын жасау;
Тармақша 7
7) сейсмикалық осал объектілерді анықтау, оларға қатысты бірінші кезекте оларды одан әрі пайдаланудың сейсмикалық тәуекелін жол берілетін деңгейге дейін төмендету жөніндегі шаралар әзірленуге тиіс;
Тармақша 8
8) бірінші кезекте бұзуды немесе күшейтуді талап ететін неғұрлым сейсмикалық қауіпті объектілерді анықтау;
Тармақша 9
9) объектіні одан әрі пайдалану, сейсмикалық күшейту немесе бұзу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 10
10) ғимараттар мен құрылыстардың ең жоғары сейсмикалық әсер ету кезінде олардың құрылымдық шешімдеріне, тозуы мен сейсмикалық жарақтандырылуына байланысты зақымдануының күтілетін дәрежесін бағалау;
Тармақша 11
11) ықтимал жер сілкіністерің зардаптарынан экономикалық және әлеуметтік залалды бағалау, ықтимал есептік жер сілкіністері кезінде ғимараттардың зақымдану дәрежесінің көрсеткіштері бойынша сейсмикалық күшейтуге арналған экономикалық шығындарды бағалау.
Тармақ 7
7. Құрылыс объектісін паспорттау Тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына сәйкес паспорттауды жүзеге асыруға арналған келісімшартқа (бұдан әрі – келісімшарт) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Тапсырыс беруші ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерртеп-қарауды жүзеге асыру бойынша аккредиттелген ұйымды тартқан кезде осы Қағидаларды Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерін, сондай-ақ шарт талаптарын басшылыққа алады.
Тармақ 9
9. Құрылыс объектісін паспорттау олардың конструкцияларының нақты жай-күйін ескере отырып, сейсмикалық тәуекелдерді, сейсмикаға төзімділікті және құрылыс объектісінің конструктивтік осалдығын бағалауды орындау үшін қажетті толық ақпаратты алу мақсатында алдын ала көзбен шолып тексеру жүргізу жолымен жүзеге асырылады, белгілі бір белгілер (ақаулар, тозу) анықталған кезде белгіленген критерийлер бойынша қосымша аспаптық зерттеулер тағайындалады.
Тармақ 10
10. Дайындық кезеңі:
Тармақша 1
1) бастапқы жобалау және атқарушылық құжаттамасын жинау және талдау;
Тармақша 2
2) құрылыс объектісінің көлемдік-жоспарлау және құрылымдық схемасын айқындау;
Тармақша 3
3) құрылыс алаңының сейсмикалығын анықтау.
Тармақ 11
11. Объектіні тексеру:
Тармақша 1
1) тіреу және қоршау конструкцияларына көзбен шолып тексеру жүргізу;
Тармақша 2
2) көтергіш қабілетінің ақауларларын, зақымдануларын және төмендеу белгілерін анықтау;
Тармақша 3
3) фототіркеу, ғимарат пен құрылымның жалпы түрі;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес паспортты толтыру, оған тексеру жүргізген ұйым, орындаушылар қол қояды және электрондық форматқа ауыстырылады.
Тармақ 12
12. Инженерлік талдау:
Тармақша 1
1) құрылыс объектісінің құрылымдық схемасын талдау;
Тармақша 2
2) нақты жай-күйінің сейсмикалық төзімділік жөніндегі нормалар талаптарына сәйкестігін бағалау;
Тармақша 3
3) объектінің сейсмикалық осалдығының деңгейін анықтау.
Тармақ 13
13. Құрылыс объектісінің сейсмикалық осалдығын бағалау қорытындылары бойынша нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес:
Тармақша 1
1) сейсмикалық төзімді;
Тармақша 2
2) сейсмикалық төзімді емес деп танылады.
Тармақ 14
14. Есеп жасау:
Тармақша 1
1) көзбен шолып тексеру нәтижелері мен толтырылған паспорттар (Қағидаларға қосымшалар) негізінде зерттелген объектілердің сейсмикалық осалдығын бағалаумен жалпы ғылыми-техникалық есеп жасалады;
Тармақша 2
2) сейсмикалық күшейтуге арналған шығындарды бағалай отырып, болжамды жер сілкіністерінен ғимараттар зақымданған кездегі әлеуметтік шығындардың тікелей экономикалық залалының есебі жасалады.
Тармақ 15
15. Құрылыс объектісін паспорттау жөніндегі жұмыстардың тапсырыс берушілері жергілікті атқарушы органдар болып табылады, ал орындаушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде айқындалады.
Тармақ 16
16. Тапсырыс беруші сарапшыға немесе ұйымға құрылыс объектісін паспорттауды жүзеге асыру кезінде толық техникалық көмек көрсетеді.
Тармақ 17
17. Құрылыс объектісін паспорттау жөніндегі сараптамалық жұмыстарды орындау мерзімі шартпен айқындалады.
Тармақ 2. 2-параграф. Құрылыс объектісін паспорттау жөніндегі ғылыми-техникалық есеп
2-параграф. Құрылыс объектісін паспорттау жөніндегі ғылыми-техникалық есеп
Тармақ 18
18. Ғылыми-техникалық есеп мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақша 1
1) негізгі бет (орындаушы ұйымның атауы, объектінің атауы, кім бекітеді, тіркеу нөмірі);
Тармақша 2
2) есептің мазмұны;
Тармақша 3
3) кіріспе;
Тармақша 4
4) жалпы деректер (құрылыс объектісін паспорттау үшін негіздеме (шарттың нөмірі мен күні, мақсаттары мен міндеттері, жұмыстың өзектілігі); 5) паспорттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу әдістемесі;
Тармақша 6
6) ауданның сейсмикалық жағдайлары (аумақтың сейсмикалық ахуалы, жер сілкіністеріне шолу);
Тармақша 7
7) паспорттау аумағындағы жер сілкінісінің салдарын инженерлік талдау;
Тармақша 8
8) объектілердің орналасу алаңының жалпы сипаттамасы (алаңның орналасуының, климаттық жағдайларының, алаңның инженерлік-геологиялық жағдайларының сипаттамасы);
Тармақша 9
9) көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдер (қабылданған көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдердің сипаттамасы);
Тармақша 10
10) ғимарат түрлері бойынша жіктеу (конструктивтік схемаға сәйкес, бар болған жағдайда үлгілік серияларға бөлу);
Тармақша 11
11) барлық алынған деректерді инженерлік талдау;
Тармақша 12
12) конструктивтік схема бойынша сейсмикалық осалдықты бағалау;
Тармақша 13
13) сейсмикалық күшейтуге арналған шығындарды бағалай отырып, болжамды жер сілкіністерінен ғимараттар зақымданған кезде әлеуметтік шығындардың тікелей экономикалық залалын бағалау;
Тармақша 14
14) қорытынды;
Тармақша 15
15) қосымшалар (паспорттау объектілерінің тізбесі, объектіні тексерудің бекітілген паспорты, фотоматериалдар, объектілердің толтырылған паспорттары).
Тармақ 19
19. Ұйым беретін құрылыс объектісін паспорттау жөніндегі ғылыми-техникалық есепке паспорттауды жүргізген барлық орындаушылар қол қояды және оны ұйымның бірінші басшысы бекітеді.
Тармақ 20
20. Құрылыс объектісін паспорттау жөніндегі ғылыми-техникалық есеп, егер осы құжатта «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес таратылуын мемлекет шектейтін мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын, мемлекеттік қорғайтын мәліметтер болмаса, күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде барлық мүдделі тұлғалармен танысуға жатады.
Тармақ 21
21. Құрылыс объектісін паспорттау жөніндегі ғылыми-техникалық есепке мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімде шағымдана алады.
Басқа 1.1. Құрылыс объектісін тексеру жөніндегі ПАСПОРТ №
Құрылыс объектісін паспорттау қағидаларына қосымша Құрылыс объектісін тексеру жөніндегі ПАСПОРТ № 1 Об­лыс 2 Аудан 3 Ел­ді ме­кен 4 Ме­кен­жайы 5 Объ­ек­ті­нің ата­уы 6 Объ­ек­ті­нің мақ­са­ты 7 Са­лын­ған жы­лы 8 Се­ри­я­сы (бар бол­са) 9 Гео­мет­ри­я­лық па­ра­метр­ле­рі, ны­са­ны 10 Сей­сми­ка­лық қа­си­ет­те­рі бой­ын­ша то­пы­рақ са­на­ты 11 Аудан­ның сей­сми­ка­лы­ғы, құ­ры­лыс алаң­да­ры 12 Күн­діз­гі бе­т­ін­де тек­то­ни­ка­лық жа­ры­лым­дар бай­қа­луы мүм­кін ай­мақ­тар­да ор­на­ла­суы 13 Кө­лем­дік-жос­пар­лау ше­шім­де­рі: - қа­бат­ты­лы­ғы - ғи­ма­рат­тың би­ік­ті­гі (метр) - ғи­ма­рат­тың ұзынды­ғы (метр) - ғи­ма­рат­тың ені (метр) - қа­бат­тың би­ік­ті­гі (метр) - құ­ры­лыс кө­ле­мі (м3) 14 Кон­струк­тив­тік ше­шім: - қа­быр­ға ма­те­ри­а­лы (кон­струк­ция) - ір­ге­тас - жа­бу - жа­бын - қа­быр­ға қор­ша­уы - ша­тыр кон­струк­ци­я­ла­ры 15 Га­з­дан­ды­ру (иә/жоқ) 16 Сей­сми­ка­ға қар­сы жік­тер­дің бо­луы (иә/жоқ) 17 Сей­сми­ка­ға қар­сы іс-ша­ра­лар­дың бо­луы (күй­шей­ті­л­ген/кү­шей­тіл­ме­ген) 18 Кон­струк­ци­я­лар­дың жай-күйі ту­ра­лы қы­сқа­ша қо­ры­тын­ды 19 Сей­сми­ка­лық осал­дық­ты ба­ға­лау (сей­сми­ка­ға тө­зім­ді/сей­сми­ка­лық қа­уіп­ті, қо­сым­ша зерт­те­улер­ді та­лап ете­ді) Тексерді _________________________________ (Т.А.Ә., лауазымы) Күні «____» _________________202 ж. ___________________(қолы)