Об утверждении Правил ведения автоматизированного реестра в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 52-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 283 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34852 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 бұйрыққа 7-тармағы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36866 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 191 бұйрығымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 52-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу қағидаларын айқындайды.
Тармақ 2
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы автоматтандырылған тізілімін жүргізу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік цифрлық жүйе арқылы автоматтандыруға жататын бірінші және екінші санаттағы рұқсаттар туралы мәліметтерді жүйелеу;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімінде қамтылған мәліметтер туралы Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) екінші санаттағы рұқсаттың иесі – екінші санаттағы жарамды рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 2
2) жеке кабинет – мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың цифрлық объектілерінен жиналған пайдаланушы туралы дербес ақпарат қамтылған цифрлық жүйенің бөлімі;
Тармақша 3
3) лицензиат – қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын, лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаның филиалы;
Тармақша 4
4) өтініш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органдары жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсаттың иесі;
Тармақша 5
5) рұқсат беру органдары – лицензиарлар және екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар;
Тармақша 6
6) рұқсат бойынша мәліметтер – құжаттың барлық деректерін және рұқсат мәртебесінің өзгеру тарихын қамтитын рұқсат бойынша толық ақпарат;
Тармақша 7
7) рұқсат мәртебесі – рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру шамасына қарай өзгертілетін рұқсаттың ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы;
Тармақша 8
8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілім (бұдан әрі - Тізілім) – мемлекеттік органдар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері туралы мәліметтерді қамтитын өзге де ұйымдардың цифрлық объектілерімен интеграцияланған, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы цифрлық жүйе құрауышы;
Тармақша 9
9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тармақ 4
4. Тізілім мынадай бөлімдерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) жобалау қызметіне (жобалауға), іздестіру қызметіне және құрылыс-монтаждау жұмыстарына берілген лицензиялар тізілімі;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аккредиттелген заңды тұлғалардың тізілімі.
Тармақ 5
5. Тізілімге мәліметтерді енгізу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Өтініш беруші тіркеледі және құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы цифрлық жүйесінде жеке кабинет ашады және мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілерінде қамтылған дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісім береді.
Тарау 2. 2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу тәртібі
2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу тәртібі
Тармақ 7
7. Тізілім мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) рұқсат санаты (бірінші санаттағы рұқсат (лицензия), екінші санаттағы рұқсат);
Тармақша 2
2) рұқсат санаты (1 – қызметке берілетін рұқсат);
Тармақша 3
3) рұқсаттың атауы;
Тармақша 4
4) лицензиаттың / екінші санаттағы рұқсат иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 5
5) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / заңды тұлғаның – лицензиаттың атауы;
Тармақша 6
6) жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің немесе заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы;
Тармақша 7
7) рұқсат беру (біліктілік) талаптарында болған жағдайда инженерлік-техникалық жұмыскерлер туралы;
Тармақша 8
8) рұқсат беру (біліктілік) талаптарында болған жағдайда, сарапшылар туралы;
Тармақша 9
9) өндірістік база туралы;
Тармақша 10
10) іске асырылған объектілер туралы (рұқсат беру (біліктілік) талаптары болған жағдайда);
Тармақша 11
11) материалдық-техникалық жарақтандыру туралы;
Тармақша 12
12) рұқсат берілген күн;
Тармақша 13
13) рұқсат мәртебесі;
Тармақша 14
14) рұқсат беру органы;
Тармақша 15
15) қызмет, іс-әрекет түрі (қызмет, іс-әрекет түріне берілетін рұқсаттар үшін);
Тармақша 16
16) қызметтің кіші түрлері (қызметтің кіші түрлері бар қызмет түріне рұқсаттар үшін);
Тармақша 17
17) ерекше жағдайлар;
Тармақша 18
18) рұқсаттың сәйкестендіру нөмірі (жүйемен электрондық нысанда берілген рұқсаттар);
Тармақша 19
19) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру кезеңі (тоқтата тұру жүзеге асырылған рұқсаттар үшін);
Тармақша 20
20) рұқсатты кері қайтарып алу (күшін жою) негізі (сот шешімі негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда рұқсат беру органы кері қайтарып алған/күшін жойған рұқсаттар үшін).
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер барлық рұқсаттар үшін толтырылуға жатады. Осы Қағидалардың 7-тармағының 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшаларында келтірілген мәліметтер, олар бар болса толтырылуға жатады.
Тармақ 9
9. Тізілімнің мәліметтер құрамына кірмеген, ерекше өрістерді ескере отырып, рұқсат туралы мәліметтердің толық құрамы рұқсат бойынша егжей-тегжейлі мәліметтерде қаралуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру нысанындағы Тізілім жүзеге асырады. Тексеру бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) туралы, оның ішінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялау арқылы алынған мәліметтерді мониторингілеу жолымен тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, Тізілім «цифрлық үкімет» веб-порталындағы және құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы цифрлық жүйедегі пайдаланушының жеке кабинеттеріне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны қалыптастырады және оны бақылау және қадағалау субъектісіне жібереді.
Тармақ 12
12. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы шығару арқылы Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 50-бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылады және пайдаланушының «цифрлық үкімет» веб-порталындағы және құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы цифрлық жүйедегі жеке кабинеттеріне жіберіледі.
Тармақ 13
13. Тізілімде рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұруды, тоқтатуды (кері қайтарып алуды) құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы цифрлық жүйе автоматты режимде не рұқсат беру органдары сот шешімі негізінде не рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату (кері қайтарып алу) туралы мәліметтерді енгізу арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Тізілімде рұқсаттарды тоқтата тұру мерзімі алты айдан аспайды.
Тармақ 15
15. Тізілімге енгізу және шығару Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Басқа 1. БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ № ХАБАРЛАМА
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу қағидаларына 1-қосымша БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ТУРАЛЫ № ХАБАРЛАМА Өңірдің атауы күні жасау орны уақыты 1. Бақылау және қадағалау органының атауы: 2. Тексерілетін субъектінің, объектінің атауы (заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы), өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның орналасқан жері, аумақ учаскесі, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) Тексерілетін объектінің атауы/Объектінің / субъектінің орналасқан жерінің мекенжайы: 3. Қазақстан Республикасының заңнамасын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін бұзғаны үшін (Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 51-бабын ескере отырып) мынадай іс-шараларды орындауды ұйғарамын: № Анықталған бұзушылықтар тізімі Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар мен нұсқаулар, оларды жою мерзімдері 1 2 3 4. Бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті тұлғасының, жеке тұлғаның) хабарламамен танысуы туралы мәліметтер 5. Хабарламаны (уәкілетті органның лауазымды адамының ТАӘ (бар болса), қолы) енгізді «___» _____________20___ж.
Басқа 2. Жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулы
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы автоматтандырылған тізілімді жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан Жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулы 1) Жедел ден қою шарасының түрі:_________________________________; 2) Жасалған күні, уақыты мен орны: ________________________________; 3) Мемлекеттік органның атауы:__________________________________; 4) Қаулыны жасайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы: _______________________; 5) Бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің қаулыны ресімдеу кезінде болған өкілінің лауазымы: ____________________________________________________; 6) Жедел ден қою шарасын қолдану негізі:___________________________; 7) Жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі (қажет болған кезде): ___________________________________________________________; 8) Қаулы алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы мәліметтер (күні және бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе бақылау мен қадағалау субъектісі өкілінің қолтаңбасы): ______________________________________________________; 9) Қаулыны ресімдеген лауазымды адамның қолтаңбасы: _________________________________________________________________; 10) Бақылау және қадағалау органы басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолтаңбасы: _____________________________________________________