Об утверждении Правил конкурсного замещения должностей научно-педагогического (профессорско-преподавательского состава, научных работников) персонала высших учебных заведений Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің (профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер) лауазымдарына конкурстық орналасудың ережесін бекіту туралы "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 22 қазандағы N 319-ө өкімін орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің (профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер) лауазымдарына конкурстық орналасудың ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (К.А.Құрманәлиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басқа 0. Жоғары оқу орындары ғылыми-педагогикалық персоналының (профессорлық-оқытушылық құрамының, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарына ие болу туралы ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 18 қарашадағы N 949 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындары ғылыми-педагогикалық персоналының (профессорлық-оқытушылық құрамының, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарына ие болу туралы ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жоғары оқу орындары ғылыми-педагогикалық персоналының (профессорлық-оқытушылық құрамының, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарына ие болу туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы ереже жоғары оқу орындары мен ғылыми-педагогикалық персоналдары қызметкерлерінің арасындағы конкурстық іріктеудің тәртібі мен жағдайын анықтайды.
Тармақ 3
3. Ереже демократиялық, құқықтық және экономикалық әдістерді кеңінен қолданып, тиімді кадрлық саясатты қалыптастыру; қызметкерлердің жеке ерекшеліктері мен кәсіптік білімін ескеріп, олардың құқық және әлеуметтік жағынан қорғалған болулары, ынталы және дербес болулары үшін және жақтардың өзара жауапкершілігін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында әзірленген.
Тармақ 4
4. Ереже жоғары оқу орындарының штаттық кестесінде қарастырылған штаттағы оқытушы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына конкурс негізінде ие болуға таратылады. Штаттағы оқытушы - бір оқу орнының штаттық кестесінде қарастырылған қызметте жұмыс істейтін және өз қызметтік міндеттерін жекелеген еңбек келісім-шарт негізінде орындайтын оқытушы. Ғылыми қызметкерлердің лауазымына жоғары оқу орны ғылыми қызметінің бағдарламалық қаржыландыру есебімен конкурс негізінде ие болады.
Тармақ 5
5. Ғылыми-педагогикалық персоналдарының лауазымдарына үміткерлерді конкурстық іріктеу ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің лауазымдық біліктілік мінездемесіне сәйкес өткізіледі.
Тармақ 6
6. Ғылыми-педагогикалық персоналдарының лауазымдарына 3 жылдық мерзім бойынша конкурс негізінде ие болады.
Тарау 2. 2. Конкурс туралы жариялау
2. Конкурс туралы жариялау
Тармақ 7
7. Жекелеген еңбек келісім-шартта көрсетілген мерзім мен тұлғаның лауазымға тағайындалған уақыты аяқталғанда сол семестрде ғылыми-педагогикалық персонал лауазымдарына және бос қызмет орындарына жоғары оқу орны конкурс жариялайды.
Тармақ 8
8. Ғылыми-педагогикалық персонал лауазымдарына конкурс жарияланатыны және бос қызмет орындары жөніндегі мәлімет бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы, соның ішінде жоғары оқу орындарының ақпараттық құралдар арқылы да жарияланады.
Тармақ 9
9. Бос қызмет орындарына жарияланған конкурсқа қатысу туралы өтініштер хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай ішіндегі мерзімнен кешіктірілмей берілуге тиіс.
Тармақ 10
10. Конкурс бойынша таңдау және жекелеген еңбек келісім-шарт жасасу жұмысы өтініштерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей және әрекеттегі жекелеген еңбек келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін екі ай уақыт өткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Белгіленген мерзімдер сақталмаған жағдайда, конкурс және бос қызмет орындары жөніндегі ақпарат қайта жарияланады.
Тарау 3. 3. Конкурстық комиссияны қалыптастыру
3. Конкурстық комиссияны қалыптастыру
Тармақ 12
12. Ғылыми-педагогикалық персонал лауазымдарына үміткерлерді іріктейтін конкурстық комиссия (бұдан әрі - конкурстық комиссия) жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен құрылады.
Тармақ 13
13. Конкурстық комиссия конкурсты өткізудің түрін, процедурасын, нақты мерзімін белгілейді, конкурстық құжаттамаларға талдау жасайды, конкурстың қорытындысы бойынша шешім қабылдайды.
Тармақ 14
14. Конкурстық комиссия жұмысының негізгі міндеттері: барлық үміткерлерге конкурсқа қатысу үшін бірдей мүмкіндік беру; конкурсқа қатысушылардың арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету; әділдіктің сақталуына және конкурстың жариялылы түрде өткізілуіне бақылау жасау.
Тармақ 15
15. Конкурстық комиссия келесі құрамда құрылады: конкурстық комиссияның төрағасы - жоғары оқу орнының басшысы (басшының орынбасары), төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы және мүшелері.
Тармақ 16
16. Конкурстық комиссияның персоналды құрамы мен оның өкілеттік мерзімі жоғары оқу орнының ғылыми кеңесімен белгіленіп, жоғары оқу орны басшысының сәйкес бұйрығымен бекітіледі.
Тарау 4. 4. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау
4. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау
Тармақ 17
17. Конкурстан өткен жағдайда жекелеген еңбек келісім-шартына отыруға ниет білдірген конкурсқа қатысушылар жоғары оқу орны басшысының атына жазылған өтінішке қоса келесі құжаттарды тапсырады: кадрларды есепке алу бойынша жеке парақты, өмірбаянын, жоғары білімі мен ғылыми дәрежесі туралы дипломдарын, ғылыми атағы туралы аттестаттың белгіленген тәртіпте расталған көшірмелерін, ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімін, соңғы қызмет еткен жұмыс орнынан берілген мінездемені.
Тармақ 18
18. Сол жоғары оқу орнында жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін немесе жекелеген еңбек келісім-шарт бойынша бос қызмет орнында жұмыс істеу үшін, ректордың атына өтініш жазады және оған қоса мінездемесі мен ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімін тапсырады. Профессорлық-оқытушылық құрамның лауазымдарына конкурсқа қатысуға талап білдірген және конкурстан өткен жағдайда жекелеген еңбек келісім-шартына отыратын тұлғалардың құжаттары, жоғары оқу орындары басшысының визасымен, алдын-ала қорытынды жасау үшін кафедраға жіберіледі. Кафедра меңгерушісі қызметіне конкурсқа қатысуға талап білдірген тұлғалардың құжаттары, жоғары оқу орындары басшысының визасымен, алдын-ала қорытынды жасау үшін факультетке жіберіледі. Мұндай жағдайда кафедра отырысы факультет деканымен өткізіледі.
Тармақ 19
19. Конкурстық материалдар ұсынымды сипаттағы қорытынды шығаратын сәйкес кафедрамен алдын-ала қарастырылады.
Тармақ 20
20. Конкурсқа қатысатын тұлғалар конкурс алдындағы кезеңдегі ғылыми-педагогикалық қызметтері туралы кафедра отырысы алдында есеп береді. Кафедра үміткерлерге сынау лекцияларын оқытуды немесе басқа оқу дәрістерін жүргізуді ұсынуға және соның қорытындылары бойынша ұсыныс қабылдауға құқылы.
Тармақ 21
21. Кафедраның штаттағы оқытушыларының көпшілік дауысымен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы кафедра әр үміткер бойынша сәйкес қорытынды қабылдайды, ол конкурстық комиссияға жіберіледі.
Тармақ 22
22. Кафедра меңгерушісі лауазымына үміткер туралы жасалған кафедра қорытындысына кафедра отырысын өткізген факультет деканы қол қояды.
Тармақ 23
23. Кафедра меңгерушісі лауазымына үміткер туралы жасалған жалпы жоғары оқу орындарының кафедра қорытындысына кафедра отырысын өткізген жоғары оқу орны басшысының орынбасары қол қояды.
Тармақ 24
24. Конкурсқа қатысушылар мен кафедра меңгерушісі лауазымына үміткерлер кафедра отырысына қатысып, талаптары бойынша өздеріне қатысты қорытындылармен танысуға құқылы.
Тарау 5. 5. Конкурс бойынша тағайындау тәртібі
5. Конкурс бойынша тағайындау тәртібі
Тармақ 25
25. Ғылыми-педагогикалық персонал қызметтеріне үміткерлерді конкурс бойынша іріктеу жұмысы үміткерлердің қызмет қорытындыларын сауалнама, сараптамалық баға беру, тестілеу, әңгімелесу, шығармашылық есеп беру, авторлық әзірлемелерді қорғау түрінде аналитикалық жалпылау негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Бос орынға конкурс жарияланған нақты жоғары оқу орындарының біліктілікті талап ету есебімен кандидаттардың жекеше және кәсіптік бағасы болып табылады.
Тармақ 27
27. Әр үміткер бойынша жасалған кафедра, факультет қорытындылары (сәйкес ұсыныммен бірге) конкурстық комиссия отырысында жарияланады.
Тармақ 28
28. Бұдан кейін конкурстық комиссия ашық дауыс беру арқылы үміткерлерді сәйкес қызметке алуға жасырын дауыс беру үшін бірегей бюллетенге енгізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 29
29. Дауыс беруші тұлға үміткерді қабылдауға келісетіндігін немесе келіспейтіндігін әр үміткердің аты-жөнінің қасында жазылған "келісемін" немесе "келіспеймін" деген сөздерді белгілеу арқылы білдіреді. Егер ол бюллетендегі бір сөзді де сызбаса немесе екеуін де сызып тастаса, ол бюллетень жарамсыз болып саналады.
Тармақ 30
30. Дауыстарды санау үшін конкурстық комиссия жасырын дауыс берудің алдында есептеу комиссиясын сайлайды, оның құрамына үш комиссия мүшесінен кем емес адам кіреді. Есептеу комиссиясы әр үміткер бойынша берілген дауыстардың қорытындысын жариялайды. Есептеу комиссиясының хаттамасы конкурстық комиссиямен бекітіліп, конкурс материалдарына қосылады.
Тармақ 31
31. Конкурс өткізілгенде дауыс беруге конкурстық комиссия мүшелерінің 2/3 кем емес мүшесі қатысқан жағдайда ғана конкурстық комиссияның шешімі расталған болып саналады. Дауыс беруге қатысқан конкурстық комиссия мүшелерінің 50 пайызы және одан да көп дауысын жинаған үміткер сайланған болып саналады.
Тармақ 32
32. Егер екі немесе одан да көп үміткерлер қатысқан конкурстың барысында дауыстар бірдей бөлінсе, онда қорытындылар жарияланып, қосымша талқылау өткізілгеннен кейін, конкурстық комиссияның осы отырысында қайта дауыс беру жұмысы жүргізіледі. Жасырын дауыс беру арқылы қабылданған конкурстық комиссияның шешімі, егер ол осы Ережені сақтау негізінде қабылданған болса, түбегейлі болып саналады. Конкурсқа қатысқан тұлғалар конкурстық комиссия отырысына қатысуға құқылы.
Тармақ 33
33. Дауыс берудің нәтижелері негізінде конкурстық комиссия әр бос қызмет орнына үміткер бойынша жекелеген еңбек келісім-шартын жасасу үшін "жоғары оқу орындарының басшыларына ұсынылады" немесе "жоғары оқу орындарының басшыларына ұсынылмайды" деген жазумен ұсынымдар қабылдайды. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысқан тұлғаларды конкурстың нәтижелерімен және конкурстық комиссияның ұсынымдарымен таныстырады.
Тармақ 34
34. Белгіленген мерзімде конкурс бойынша лауазымдарына сайланбаған және конкурсқа қатысу үшін өтініш бермеген жоғары оқу орындарының қызметкерлері жекелеген еңбек келісім-шарты мерзімінің аяқталуына байланысты жоғары оқу орнындағы жұмыстарынан босатылады.
Тармақ 35
35. Кафедраларды біріктірген немесе бөлген жағдайда профессорлық-оқытушылық құрамына мерзімінен бұрын сайлау жүргізілмейді.
Тармақ 36
36. Жаңадан ұйымдастырылған немесе біріктірілген кафедралар меңгерушісінің қызмет орны бос қызмет орны деп саналады және конкурс бойынша тағайындағанға дейін жекелеген еңбек келісім-шартын жасасу арқылы оның уақытша міндетін атқарушы болып қабылданады. Ректор кафедра меңгерушісінің бос қызмет орнына жекелеген еңбек келісім-шартын жасауға дейін бір жыл мерзімге кафедра меңгерушісінің қызметін атқаруды кафедраның жетекші оқытушыларының біреуіне жүктеуге құқылы.
Тармақ 37
37. Кафедраларды бөлген жағдайда, оның меңгерушісі ректордың бұйрығы арқылы жаңадан ұйымдастырылған кафедраның біреуіне меңгеруші етіп тағайындалады. Екінші кафедраның меңгерушісінің қызметі жетекші бір оқытушыға жүктеледі және бос қызмет орны деп жарияланады.
Тармақ 38
38. Тұлғаны конкурс бойынша сайлау туралы конкурстық комиссияның шешімі жоғары оқу орнының ғылыми-педагогикалық персоналының лауазымдарына тағайындау үшін жекелеген еңбек келісім-шартын жасауға негіздеме болып табылады.
Тармақ 39
39. Тұлғаны сағаттық төлем шартында оқытушылық қызметке жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен қабылданады және олар штаттық оқытушылар санатына қосылмайды.
Тарау 6. Шағымдану тәртібі
Шағымдану тәртібі
Тармақ 40
40. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешімімен келіспейтіндігі жөнінде жоғары оқу орнының басшысына немесе сот тәртібі бойынша шағымдануға құқылы.
Тармақ 41
41. Жоғары оқу орнының басшысы егер конкурстық комиссияның шешімі бойынша түскен шағымды қарастырады және осы ереже бұзылған жағдайда конкурстық комиссия қабылдаған шешімін толықтай немесе жартылай өзгертуге ұсыныс жасай алады. Жекелеген еңбек келісім-шарттың жақтарымен белгіленген жұмыс басталған күні қызметкер жұмысқа қабылданған, ал еңбек қатынастары күшіне енген болып саналады.
Тармақ 43
43. Жоғары оқу орны басшысының ұсынысы конкурстық комиссияның өз құрамындағы мәжілісінде қарастырылады. Конкурстық комиссияның бұл мәжілісінде алдыңғы шешім өзгертіліп жаңа шешім енгізіледі. Конкурстық комиссия жоғары оқу орны басшысының қабылдаған шешімі мен конкурсқа қатысушының шағымын шешім қабылдаған сәттен бастап бес күн мерзім ішінде жариялайды.
Тармақ 44
44. Конкурстық комиссияның бұрын қабылдаған шешімі күшін жойған жағдайда, сол кандидаттар мен үміткерлердің қатысуымен комиссия мәжілісі қайта өткізіледі.
Тармақ 45
45. Конкурсқа қатысушылар, сондай-ақ жоғары оқу орны басшысы конкурс құжаттарымен және оның қорытындыларымен танысуға құқылы.