Об утверждении наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования областного значения Западно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2026 жылғы « » __________
№ ___ қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері
№
Автомобиль жолдарының индекстері
Автомобиль жолдарының атаулары
1
КL-1
Федоровка - Ақсай, 0 - 83,4 км
2
КL-2
Ақсай - Шыңғырлау, 0 - 84,2км
3
КL-3
Приуральный - Ақсай, 0 - 34,4 км
4
КL-4
Бөрлі - Ақсай-Жымпиты, 0 - 159,4 км
5
КL-5
Жымпиты - Қаратөбе, 0 - 103 км
6
КL-6
Барбастау – Ақжайық - Индербор, 0 - 311,1 км
7
КL-7
Чапаев – Жаңақала - Сайқын, 0 - 338,3 км
8
КL-8
Тасқала – Аққурай – Болашақ - РФ шекарасы, 0 - 153,5 км
9
КL-9
Үлкен Шаған - Переметное, 0 - 42 км
10
КL-10
Орал - Кирсанов, 1 - 80,3 км
11
КL-11
М 32-Аңқаты - Сарыөмір, 0 - 63,9 км
12
КL-12
РФ шекарасы – Жалпақтал – Жұлдыз - Қарасу, 0 - 162,9 км
13
КL-13
Әуежайға кірмежол, 0 - 1,6 км
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
км – километр;
РФ – Ресей Федерациясы.