О некоторых вопросах установления изъятия из национального режима Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерде шығарылатын машина жасау саласының тауарларын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерде шығарылатын химия өнеркәсібінің тауарларын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерде шығарылатын металлургия өнеркәсібінің тауарларын;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерде шығарылатын құрылыс өнеркәсібі тауарларын;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерде шығарылатын жиһаз өнеркәсібінің тауарларын Ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік сатып алуға қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалардың қатысуына рұқсат етілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсетіп, осы қаулының 1-тармағында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітсін және осы тізбенің мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады.