Об утверждении перечня цифровых услуг, оказываемых оператором «цифрового правительства» государственным органам, субъектам квазигосударственного сектора Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 74-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. «Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесі
бұйрығымен бекітілген «Цифрлық үкіметтің» операторы мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтердің тізбесі
Тармақ 1
1. Цифрлық инфрақұрылымды ұсыну жөніндегі қызметтер:
Тармақша 1
1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АКҚҚ) пайдалану арқылы мемлекеттік органдардың қорғалған байланыс арналарын ұйымдастыру қызметі;
Тармақша 2
2) бағдарламалық қамтылымды ұсыну бойынша цифрлық қызметті әкімшілендіру;
Тармақша 3
3) байланыс қызметтері (мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы (МО БКО) арқылы сымсыз/спутниктік/жерүсті инфрақұрылым базасында виртуалды жеке желілерді ұйымдастыру, интернетке қол жеткізу, IP-телефония, желіаралық қорғауды ұйымдастыру);
Тармақша 4
4) бейнеконференцбайланыс сеанстарын өткізуді ұйымдастыру қызметі;
Тармақша 5
5) виртуалды машинаны (Хостинг) бөліп беру қызметі;
Тармақша 6
6) виртуалды дата-орталық – vDC;
Тармақша 7
7) дерек өңдеу орталығы (ДӨО) Data-center as a Service, DCaaS, co-location;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерін резервтеу бойынша цифрлық қызметті іске асыру үшін аумақтық қашықтықтағы объектіде цифрлық инфрақұрылым;
Тармақша 9
9) цифрлық жүйелерін резервтік көшіру бөлігінде резервтеу бойынша мемлекеттік органдардың қызметі;
Тармақша 10
10) онлайн көрсетілімді өткізуді ұйымдастыру қызметі;
Тармақша 11
11) резервті көшіру және сақтау үшін виртуалды кеңістікті бөліп беру қызметі;
Тармақ 2
2. Цифрлық платформаны ұсыну жөніндегі қызметтер:
Тармақша 1
1) бет-әлпеті негізіндегі биометриялық сәйкестендіру;
Тармақша 2
2) бұлтты құжат айналымы;
Тармақша 3
3) Е-өтініш;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардың электрондық пошталық сервисі;
Тармақша 6
6) мобильді жұмыс орны;
Тармақша 7
7) сервистер витринасы;
Тармақша 8
8) «Smart Data Ukimet» цифрлық талдау жүйесі.