Об изъятии редких и находящихся под угрозой исчезновения видов рыб и других водных животных для научных исследований и в воспроизводственных целях Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық пен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеу үшін және өсімін молайту мақсатында алу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналарды:
Тармақша 1
1) 2026 жылғы 27 сәуір – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Маңғыстау және Атырау облыстарының Дурнев, Итбалық, Кендірлі және Ремонтные шалыги (Ақтоты) аралдарында ғылыми зерттеу және ен салып, кейін табиғи мекендеу ортасына жіберу үшін 66 дарақ Каспий итбалығын;
Тармақша 2
2) 2026 жылғы 27 сәуір – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Алматы және Жетісу облыстарының шегінде Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлінен және Қапшағай су қоймасынан балық санын толықтыратын аналық балық үйіріне топтастырып, кейіннен өсімін қолдан молайту үшін ғылыми мақсатта 500 килограмм көлемінде арал пілмайын;
Тармақша 3
3) 2026 жылғы 27 сәуір – 30 қараша аралығындағы кезеңде Абай және Павлодар облыстарының шегінде Ертіс өзенінен кейіннен өсімін қолдан молайту мақсатында балық санын толықтыратын аналық балық үйіріне топтастыру үшін ғылыми мақсатта 300 килограмм көлемінде сыланды алуға рұқсат етілсін.
Тармақ 2
2. Арал пілмайының бір килограмын алу үшін төлем мөлшерлемелері 0,064 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, сыланның бір килограмына 0,017 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Каспий итбалығының бір дарағына 1,93 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғаларға ғылыми зерттеу үшін және өсімін молайту мақсатында Каспий итбалығының дарақтарын, арал пілмайын және сыланды көрсетілген көлемде алуға рұқсат берсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.