О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений на территории Айыртауского района Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Айыртау ауданы аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 47-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Айыртау ауданының аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Айыртау ауданының аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері айқындалсын.
Тармақ 3
3. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын: Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 574 «Айыртау ауданының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3078 болып тіркелген); Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 61 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 574 «Айыртау ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6088 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Айыртау ауданының ішікі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Нұрахметов 2026 жыл «___» ___________
Басқа 1. Айыртау ауданы аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «20» сәуірдегі № «143» қаулысымен бекітілген Айыртау ауданы аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары Осы Ереже Айыртау ауданының аумағында құқық бұзушылық профилактикасының азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 1
1. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі құрған құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
Тармақ 2
2. Құқық бұзушылық профилактикасына белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды (қолдаухатты) «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті Айыртау ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ) Комиссияның қарауына енгізеді.
Тармақ 3
3. Комиссияда қабылдаған шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Көтермелеу түрін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін Комиссия көтермеленушінің құқық бұзушылық профилактикасына қосқан үлесін ескере отырып белгілейді.
Тармақ 5
5. Ақшалай сыйақы төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес СҚО ПД Айыртау ауданы ПБ бастығының бұйрығы қосымша шығарылады.
Тармақ 6
6. Ақшалай сыйақыны төлеуді облыстық бюджет қаражаты есебінен СҚО ПД Айыртау ауданының ПБ жүргізеді.
Тармақ 7
7. Айыртау ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттау, Айыртау ауданы әкімінің Алғыс хатын тапсыру, құқық бұзушылық профилактикасына қосқан үлесі үшін қоғамдық көмекшілерге ақшалай сыйақы төлеуді СҚО ПД Айыртау ауданы ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Комиссия, егер олар құқық бұзушылық профилактикасы, жолын кесуге немесе ашуға ықпал еткен болса, Айыртау ауданының әкімдігінде қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да көтермелеуге құқылы.
Басқа 2. Айыртау ауданы аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері
Айыртау ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «20» сәуірдегі № «143» қаулысына қосымша Айыртау ауданы аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері
Тармақ 1
1. Айыртау ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.
Тармақ 2
2. Айыртау ауданы әкімінің Алғыс хаты.
Тармақ 3
3. Айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшердегі ақшалай сыйақы.
Тармақ 4
4. Білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу.
Тармақ 5
5. Ұйымға, кәсіпорынға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу.
Тармақ 6
6. Құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.