Об утверждении Правил и критериев включения платформ обмена и оборота продуктов цифровых данных в реестр платформ обмена и оборота продуктов цифровых данных Қолданыста
Басқа 0
Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларын енгізу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 31-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларын енгізу қағидалары мен өлшемшарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылдың 12 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
Басқа 1. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларын енгізу қағидалары мен өлшемшарттары
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар
агенттігінің Төрағасы
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 4 бұйрығына
қосымша
Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларын енгізу қағидалары мен өлшемшарттары
Тармақ 1
1. Осы Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларын енгізу қағидалары мен өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 31-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларын (бұдан әрі – платформалар тізілімі) енгізу тәртібі мен өлшемшарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) платформалар тізілімін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде жүргізеді және уәкілетті органның интернет-порталында орналастырады.
Тармақ 3
3. Платформалар тізілімі цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының (бұдан әрі – платформа) қызметін есепке алу, жүйелеу және мониторингілеу, платформалар, олардың құқық иелері және орналастырылатын цифрлық деректер өнімдері туралы ақпараттың анықтығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Платформаны платформалар тізіліміне енгізудің өлшемшарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Хабарламаларды қабылдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті органға платформаның меншік иесі және (немесе) иегерінің хабарлама ұсынуы болып табылады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган платформалар тізіліміне платформаны енгізуді хабарлама түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Платформалар тізілімінен платформаны алып тастау:
Тармақша 1
1) платформаның меншік иесінің және (немесе) иегерінің платформаның қызметін тоқтату туралы уәкілетті органға ұсынылған хабарламасы негізінде;
Тармақша 2
2) соттың платформаның қызметіне тыйым салу (тоқтату және (немесе) уақытша тоқтату) туралы шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Басқа 2. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізілімі
Цифрлық деректер өнімдерімен
алмасу және олардың айналымы
платформаларының тізіліміне
цифрлық деректер өнімдерімен
алмасу және олардың айналымы
платформаларын енгізу
қағидалары мен
өлшемшарттарына
қосымша
Нысан
Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізілімі
р/н
Хабарламаның атауы және нөмірі
Берілген күні (цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне енгізілген күні)
Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және оның айналымы платформасының меншік иесінің және (немесе) иегерінің сәйкестендіру нөмірі
Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және оның айналымы платформасының меншік иесінің және (немесе) иегерінің атауы
Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының атауы
Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының интернет-ресурсының мекенжайы
Байланыс ақпараты
Қызметтің басталған күні
Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының мәртебесі (жұмыс істейді, уақытша тоқтатылған, тоқтатылған)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізілімін толтыру жөніндегі түсіндірме:
Тармақ 1
1. р/н – цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміндегі жазбаның реттік нөмірі.
Тармақ 2
2. Хабарламаның атауы және нөмірі – цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы соның негізінде цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының тізіліміне енгізілген хабарламаның ресми атауы және тіркеу нөмірі.
Тармақ 3
3. Берілген күні (цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне енгізілген күні) – уәкілетті органның цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы туралы жазбаны цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының тізіліміне енгізген күні
Тармақ 4
4. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы меншік иесінің және (немесе) иегерінің сәйкестендіру нөмірі - цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы меншік иесінің және (немесе) иегерінің жеке немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Тармақ 5
5. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы меншік иесінің және (немесе) иегерінің атауы – цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасын пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаның ресми атауы.
Тармақ 6
6. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының атауы – цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының ресми атауы.
Тармақ 7
7. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы интернет-ресурсының мекенжайы – цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының домен атауы немесе URL мекенжайы (веб-сайт немесе веб-интерфейсі).
Тармақ 8
8. Байланыс ақпараты – цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы меншік иесінің және (немесе) иегерінің электрондық поштасы, телефон нөмірі және өзге де байланыс арналары.
Тармақ 9
9. Қызметтің басталған күні – хабарламада көрсетілген, цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының жұмыс істеуінің басталған күні.
Тармақ 10
10. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасының мәртебесі (жұмыс істейді, уақытша тоқтатылған, тоқтатылған) – жұмыс істеуінің ағымдағы мәртебесі.