Об утверждении Типовой методики оценки стоимости продуктов цифровых данных для государственных органов, государственных юридических лиц и субъектов квазигосударственного сектора Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 31-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалаудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрлігі
Басқа 0. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалаудың үлгілік әдістемесі
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Төрағасы 2026 жылғы
27 сәуірдегі № 3
бұйрығына қосымша
Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалаудың үлгілік әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 31-бабы 8-тармағына, Қаржы есептілігінің халықаралық стандартына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалау бойынша негізгі талаптар мен тәсілдерді белгілейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Үлгілік әдістемені қолдану кезінде осы Үлгілік әдістеменің ережелері негізінде цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалау әдістерін өз бетінше айқындайды және есептеуді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Осы Үлгілік әдістеменің талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, оның ведомстволарына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Осы Үлгілік әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) зияткерлік меншік – зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижесі және заңды тұлғаны, жеке немесе оларға теңестірілген заңды тұлғаның өнімдерін, олар орындайтын жұмыстарды немесе қызметтерді дараландыру құралдары;
Тармақша 2
2) құқық иесі – зияткерлік қызмет нәтижесіне айрықша мүліктік құқықтарды, оның ішінде тиісті объектіні пайдалану, беру және иеліктен шығару құқығын заңды түрде иеленетін заңды тұлға.
Тармақ 5
5. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасындағы цифрлық деректер өнімі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, құқық иесі айқындаған шарттарда мәмілелердің, иеліктен шығарудың және берудің нысанасы болуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Цифрлық деректер өнімін актив ретінде тану деректерді ақпарат мәртебесінен құқықтық және нарықтық өлшемі бар, заңды түрде танылған және экономикалық тұрғыдан құнды нысан мәртебесіне ауыстыратын процесті көздейді.
Цифрлық деректер өнімі:
Тармақша 1
1) ұйымның осы активке тікелей байланысты экономикалық пайда алу ниеті болғанда;
Тармақша 2
2) активтің құны дұрыс айқындалғанда;
Тармақша 3
3) активті басқа активтерге немесе фиат ақшаға айырбастау мүмкін болғанда актив ретінде танылады.
Тармақ 7
7. Құқық иесі цифрлық деректер өнімдерінің құнын анықтау үшін:
Тармақша 1
1) нарық үшін цифрлық деректер өнімдеріне сұраныс пен олардың бірегейлігі;
Тармақша 2
2) цифрлық деректер өнімдерін түзуге еңбек шығыны қағидаттарына сүйенуі керек.
Тарау 2. 2-тарау. Құнын бағалау
2-тарау. Құнын бағалау
Тармақ 8
8. Цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалау:
Тармақша 1
1) азаматтық-құқықтық сипаттағы мәмілелер жасау үшін активтерді бағалау кезінде;
Тармақша 2
2) қаржылық есептілік үшін активтерді бағалау кезінде;
Тармақша 3
3) кепіл мәннің құнын анықтау кезінде;
Тармақша 4
4) жарғылық капиталға мүліктік жарналардың құнын анықтау кезінде;
Тармақша 5
5) банкроттық рәсімдері кезінде борышкер мүлкінің құнын анықтау кезінде;
Тармақша 6
6) өтеусіз алынған мүліктің құнын анықтау кезінде;
Тармақша 7
7) зияткерлік меншік объектілерін және оларды пайдалану кезінде құқық иелерінің тәуекелін сақтандыру кезінде;
Тармақша 8
8) зияткерлік меншік құқығының бұзылуы салдарынан құқық иесіне келтірілген залалды анықтау кезінде;
Тармақша 9
9) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды беру және оларды пайдалануға лицензия беру жағдайларында жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалау әдістері
3-тарау. Цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалау әдістері
Тармақ 9
9. Цифрлық деректер өнімінің құнына әсер ететін негізгі факторлар:
Тармақша 1
1) актив қалыптастыратын кіріс мөлшері мен түсу кезеңі;
Тармақша 2
2) цифрлық деректер өнімдерін жасауға және қолданылуына кеткен шығындар мөлшері;
Тармақша 3
3) цифрлық деректердің ұқсас өнімдері болған кездегі нарықтағы баға болып табылады.
Тармақ 10
10. Нақты объектіге, бағалау мақсатына және анық ақпараттың болуына байланысты цифрлық деректер өнімдерінің объектілерін бағалау кіріске, нарыққа және шығынға негізделген тәсілдерді қолдана отырып жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 11
11. Кіріске негізделген тәсіл деректерді болашақта экономикалық пайда алу мүмкіндігіне негіздеп бағалайды.
Тармақ 12
12. Қолдануға қойылатын алғышарттар:
Тармақша 1
1) цифрлық деректер өнімдерінің болжамды кірісін ақшалай мәнде дәл бағалауға және өлшеуге болады;
Тармақша 2
2) цифрлық деректер өнімдерін сатудан туындайтын тәуекелді өлшеуге болады;
Тармақша 3
3) цифрлық деректер өнімдерін сатудың өтелу мерзімін болжауға болады;
Тармақша 4
4) цифрлық деректер өнімдерінің сапасы нарықтық өлшемшарттарға сәйкес келеді.
Тармақ 13
13. Кіріске негізделген тәсілді қолданған кезде мына іс-әрекеттер тізбегі орын алады:
Тармақша 1
1) цифрлық деректер өнімдерін пайдалану арқылы жасалған болжамды таза ақша ағыны есептеледі;
Тармақша 2
2) дисконттау мөлшерлемесі (капиталдандыру) анықталады;
Тармақша 3
3) ұзақтығы 5 жылдан асатын ақша ағындары үшін кері (терминалдық) құны есептеледі;
Тармақша 4
4) дисконттау (капиталдандыру) әдісін қолдану арқылы болашақ ақша ағындарының келтірілген құны анықталады;
Тармақша 5
5) цифрлық деректер өнімдерінің түріне байланысты сараптамалық бағалау әдісін қолдана отырып, цифрлық деректер өнімдерінің сипатын (жеке, сериялық, жаппай өндіріс) ескеретін коэффициент анықталады:
Тармақша 6
6) цифрлық деректер өнімдерінің құны болашақ ақшалай ағынның келтірілген құнын цифрлық деректер өнімдерінің сипатын ескеретін коэффициентке көбейту арқылы есептеледі.
Тармақ 14
14. Нарыққа негізделген тәсіл цифрлық деректер өнімдерінің ашық нарығын болжауға негізделген деректерді бағалайды.
Тармақ 15
15. Нарықтық әдісті қолдануға қойылатын алғышарттар:
Тармақша 1
1) ашық нарықта сатылған ұқсас цифрлық деректер өнімдерінің құнын салыстыру мүмкіндігі;
Тармақша 2
2) цифрлық деректер өнімдерімен сауда жасауға арналған дамыған инфрақұрылым;
Тармақша 3
3) баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ететін жағдайлар болып табылады.
Тармақ 16
16. Нарыққа негізделген тәсілді қолданған кезде мына іс-әрекеттер тізбегі орын алады:
Тармақша 1
1) сату бағасы ашық дереккөздерден белгілі салыстырылатын цифрлық деректер өнімдері мен сервистер таңдалады;
Тармақша 2
2) мыналарды:
- цифрлық деректер өнімі пайдаланылатын саланы;
- цифрлық деректер өнімдерінің құндылығы мен қорғалуы дәрежесін;
- цифрлық деректер өнімі енгізіліп жатқан кәсіпкерлік субъектісінің санатын (шағын, орта және ірі бизнес субъектілері);
- цифрлық деректер өнімдерін пайдалану ауқымын;
- цифрлық деректер өнімдерінің өзектілігі мерзімін;
- цифрлық деректер өнімдерін пайдалану тәуекелін қоса алғанда индекстер салыстырылатын цифрлық деректер өнімдерінің бағаланатын цифрлық деректер өнімінен ерекшеленуі факторлары бойынша есептеледі;
Тармақша 3
3) әрбір салыстырылатын цифрлық деректер өнімінің құны жоғарыда көрсетілген индекстерді пайдаланумен бағаланатын цифрлық деректер өнімінің құнына келтіріледі;
Тармақша 4
4) цифрлық деректер өнімдерінің құны салыстырылатын цифрлық деректер өнімдерінің келтірілген құндарының орташа мәні ретінде анықталады.
Тармақ 17
17. Шығынға негізделген тәсіл деректердің құнын оны жинауға, өңдеуге, сақтауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шығыcтар негізінде бағалайды.
Тармақ 18
18. Қолдануға қойылатын алғышарттар:
Тармақша 1
1) цифрлық деректер өнімдері пайдалануға жарамды немесе пайдаланылуда;
Тармақша 2
2) цифрлық деректер өнімдерінің құны мен шығындары арасындағы корреляцияны салыстырмалы талдау, тарихи деректерді талдау және нарықты зерттеу сияқты әдістерді қолдану арқылы анықтауға болады;
Тармақша 3
3) цифрлық деректер өнімдерін әзірлеу шығындары цифрлық деректер өнімдерін жинау, өңдеу, сақтау, беру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету шығындарын қамтиды;
Тармақша 4
4) цифрлық деректер өнімдеріне шығындарды тікелей және жанама шығындар және тиісті салықтар бойынша жіктеуге болады;
Тармақша 5
5) цифрлық деректер өнімдерінің құнын түзетудің сәйкес коэффициентін ақылға қонымды түрде бағалауға болады;
Тармақша 6
6) цифрлық деректер өнімдерінің сапасы нарық өлшемшарттарына сәйкес келеді.
Тармақ 19
19. Шығынға негізделген тәсілді қолданған кезде цифрлық деректер өнімдерінің құқық иесі оларды түзу және сату үшін шеккен барлық шығындары бекітілген тарифтерге және шығыс ақпаратының көлемдеріне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 20
20. Қажет болған жағдайда залалсыздық нүктесі есептеледі, онда цифрлық деректер өнімдерін сатудан түскен табыс оларды түзу және сату шығыстарына тең болады.
Тармақ 21
21. Қандай да бір әдісті таңдау цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалау мақсаттарына байланысты.
Тармақ 22
22. Балансқа қою үшін шығынға негізделген тәсілді, сату үшін кіріске негізделген тәсілді немесе нарыққа негізделген тәсілді пайдалану ұсынылады.