Об утверждении Правил формирования продукта цифровых данных Қолданыста
Басқа 0
Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылдың 12 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру қағидалары
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар
агенттігінің Төрағасы
2026 жылғы 27 сәуірдегі
№ 2
бұйрығына қосымша
Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының қарамағындағы ұйымның (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) цифрлық деректер өнімін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 2
2. Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру заңдылық, сенімділік және объективтілік, орындылық, пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу, сондай-ақ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру деректер құрамын, өңдеу әдістерін, ұсыну форматын және ұсыну шарттарын анықтауды қоса алғанда цифрлық деректер өнімін әзірлеу процестерінің жиынтығын қамтиды.
Тармақ 3
3. Ведомстволық бағынысты ұйым мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың сұрауларының негізінде, сонымен қатар қолжетімді деректерді талдау негізінде өз бастамасы бойынша цифрлық деректер өнімдерін қалыптастырады.
Тармақ 4
4. Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру мынадай кезеңдерді:
Тармақша 1
1) цифрлық деректер өнімінің мақсаты мен мазмұнын анықтауды;
Тармақша 2
2) деректер көздерін анықтауды;
Тармақша 3
3) деректерді өңдеу және (немесе) талдауды;
Тармақша 4
4) цифрлық деректердің қорытынды өнімін қалыптастыруды қамтиды.
Тармақ 5
5. Цифрлық деректер өнімдерін қалыптастыру кезінде дереккөз ретінде:
Тармақша 1
1) бастапқы статистикалық деректер;
Тармақша 2
2) әкімшілік деректер;
Тармақша 3
3) балама деректер;
Тармақша 4
4) статистикалық ақпарат;
Тармақша 5
5) талдамалық ақпарат;
Тармақша 6
6) басқа мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың статистика органдарының статистикалық ақпараты қызмет етеді.
Балама деректердің меншік иелері немесе иеленушілері цифрлық деректер өнімдерін қалыптастыру үшін балама деректерді беру туралы жасалған келісімдерге сәйкес оларды өтеусіз негізде ұсынады
Тармақ 6
6. Цифрлық деректер өнімдері деректерді де, оларды беру және пайдалану тәсілдерін де қамтитын мынадай негізгі түрлерде:
Тармақша 1
1) статистикалық және талдамалық ақпарат;
Тармақша 2
2) цифрлық деректер өнімдеріне қол жетімділікті, визуализациялауды және пайдалануды қамтамасыз ететін цифрлық сервистер мен ақпараттық витриналар;
Тармақша 3
3) цифрлық деректер өнімдеріне автоматтандырылған қол жетімділік және интеграцияны қамтамасыз ететін бағдарламалық интерфейстер қалыптастырылады.
Тармақ 7
7. Цифрлық деректер өнімінің түрін ведомстволық бағынысты ұйым оны қалыптастыру мақсатына, сипаттамаларына және пайдаланушылардың болжамды шеңберіне сүйене отырып анықтайды.
Тармақ 8
8. Цифрлық деректер өнімдерін қалыптастыру кезеңдері, сондай-ақ қолданылатын әдістер мен құралдарды нақтылау ведомстволық бағынысты ұйымымен айқындалады.
Тармақ 9
9. Ведомстволық бағынысты ұйым цифрлық деректер өнімдерін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының талаптарының сақталуын және жеке деректердің, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпиялардың қорғалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Цифрлық деректер өнімі мынадай қасиеттерге ие:
Тармақша 1
1) дербес деректер субъектілерін тікелей және (немесе) жанама әдістермен сәйкестендіру мүмкіндігіне жол беретін дербес деректерді қамтымайды;
Тармақша 2
2) цифрлық деректердің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарға сәйкес жасалған, өңделген және құрылымдалған;
Тармақша 3
3) құрамы, құрылымы, мақсаты және пайдалану шарттары туралы қажетті метадеректерді қамтиды.
Тармақ 11
11. Ведомстволық бағынысты ұйым қолда бар деректер мен ақпарат көздері шегінде қалыптастырылатын цифрлық деректер өнімдерінің өзектілігін қамтамасыз етеді.
Цифрлық деректер өнімдерінің өзектілігі деп олардағы мәліметтердің жаңартудың белгіленген кезеңділігін ескере отырып, пайдаланылатын ақпарат көздерінен алынған соңғы деректерге сәйкестігі түсініледі.
Тармақ 12
12. Ведомстволық бағынысты ұйым осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомстволық бағынысты ұйым тарататын цифрлық деректер өнімдерінің тізілімін жүргізеді.
Тармақ 13
13. Ведомстволық бағынысты ұйым жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей экономика саласын дамыту жөніндегі уәкілетті орган ведомтсвосына барлық орналастырылатын цифрлық деректер өнімдері туралы мәліметтерді қамтитын таратылатын цифрлық деректер өнімдерінің тізілімін жібереді.
Тармақ 14
14. Таратылатын цифрлық деректер өнімдерінің тізілімі пайдаланушылардың ашық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ведомстволық бағынысты ұйымның интернет-порталында жарияланады.
Басқа 1
Цифрлық деректер өнімін
қалыптастыру қағидаларына
қосымша
Жр/н
Цифрлық деректер өнімінің атауы
Цифрлық деректер өнімінің түрі
Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру көздері
Жаңарту кезеңділігі
Ұсыну шарттары
Тізілімге енгізілген күні
Ескертпе
1