Об установлении публичного сервитута на территории села Қоржынкөл Жанакурлысского сельского округа района Тереңкөл Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Қоржынкөл ауылының аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Қоржынкөл ауылының аумағында қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 1-04/2 шешіміне қосымша Р/с № Пайдаланушы Ауданы, гектар Нысаналы мақсаты Пайдалану мерзімі (жыл) Жер телімінің орналасқан жері 1 «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі 0,1098 Су құбырын «Рахат» шекара бөлімшесіне тарту үшін 5 Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Қоржынкөл ауылының аумағында