Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера объектового масштаба на территории района Тереңкөл Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тереңкөл ауданының аумағында объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығына сәйкес, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссияның 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 2 кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде Тереңкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тереңкөл ауданының аумағында объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Ринат Қадырбекұлы Мадин тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.