Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Национальная горнорудная компания «Тау-Кен Самрук» Қолданыста
Басқа 0
«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен
компаниясы» акционерлік қоғамына
қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамына қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2032 жылғы 28 наурызға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жерлерінде орналасқан жалпы ауданы – 3330 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Тармақ 3
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
Тармақ 4
4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2026 жылғы «____» ________
№ _____ қаулысына
қосымша
"Тау-Кен Самұрық" Ұлттық тау-кен компаниясы "акционерлік қоғамына
қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№
Орналасқан жері
Кадастырлық номері
Жалпы көлемі, га
қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га;
1
Зияшев Кайрат Имашевич
09:133:064-173
4409,5000
53,5778
2
Ашимов Нуржан Мукатаевич
09:133:064:137
2266,5000
247,8047
3
Абдикеев Бакытбек Советович
09:133:064:156
2614,0000
1208,3466
4
"Қарқаралы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ
09:133:059:287
7,5970
1,4791
5
Н. Нұрмақов ауылдық округі
09:133:064
225,4680
6
Айнабұлақ ауылы
1593,3238
Барлығы
3330