О внесении изменений в некоторые приказы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Кейбір бұйрықтарға мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 12 шілдедегі № 244 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23580 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсаттар беру қағидаларында: 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.»; 21-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21-1. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі. Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат әділет органдарында тиісті нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде «электрондық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымның операторына және бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.»;
Тармақша 2
2) «Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23706 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізіледі: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат беру қағидаларында: 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.»; 21-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі. Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат әділет органдарында тиісті нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде «электрондық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының операторына және бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.»; көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 75 бұйрығына қосымша Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар беру қағидаларына 2-қосымша Нысан Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат беруге өтініш _____________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы немесе дара кәсіпкерлің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) _____________________________________________________________ (ұйымның заңды мекен-жайы немесе көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты мекенжайы) Байланыс телефондары, факс ____________________________________ Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету, озонды бұзатын заттарды тасымалдау, сақтау, рекуперациялау, қалпына келтіру, кәдеге жарату туралы өтініш __________________________________________________________________. Техникалық қызмет көрсетуге тартылған мамандар саны: _____. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша кәсіптік даярлаудан өткен мамандар саны: _____. Қызмет (компания үшін тән қызмет түрін көрсетіңіз): Озонды бұзатын заттарды өндірісте пайдалану: - құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды өндіру; - өнім өндіру кезінде; - басқа химиялық заттарды өндіру үшін шикізат ретінде; - өзге де технологиялық процестерде (түрлерін көрсетіңіз) Құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды монтаждау Толтыру операцияларын қоса алғанда, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету Озонды бұзатын заттарды тасымалдау Озонды бұзатын заттарды сақтау Озонды бұзатын заттарды рекуперациялау Озонды бұзатын заттарды қалпына келтіру Озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату Жүктеу Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: ____________________________________________________________ Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Кәсіпорын басшысы: __________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Толтырылған күні: 20 жылғы «___» ______________ Электрондық цифрлық қолтаңба орны