О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1-тармағына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың бұқашықтарын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.
Тармақ 3
3. «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 416 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37340 болып тіркелген) күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі