О внесении изменений в административно-территориальное устройство Уланского района Восточно-Казахстанской области Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2) тармақшасына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Ұлан ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 532 қаулысы мен Ұлан ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 263 шешімінің негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін: Тарғын ауылдық округінің Жантас ауылы Огневка кентінің және Тарғын ауылдық округінің шекаралары өзгертіле отырып, Огневка кентінің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына берілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.