Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба в Актогайскогом районе Күшін жойған
Басқа 0
Ақтоғай ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи
сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою жөніндегі басшысы болып Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Д.Т. Дощанов тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.